Казахский Русский
 

Құрметті достар!

Тарбағатай ауданы әкімінің ресми сайтында Сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай ауданының экономикасының негізгі бағыттары жылдан-жылға дамуда, мәдени және спорт өмірінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді, кіші және шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатын кәсіпкерлер саны өсуде. «Қазақстан 2030» стартегиясында көрсетілген әлеуметтік бағдарламалар табысты жүзеге асуда.

«Электрондық үкімет» және «Электрондық әкімшілік» бағдарламаларын  жүзеге асырудағы атқарылған шаралардың бірі-қазіргі ресми сайт болып табылады.
Бұл сайттан Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы және ауданымыздың  тарихы жөнінде  қысқаша деректер, аудандық мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер жайындағы ақпараттар, мекемелердің өткізіп жатқан мемлекеттік сатып алулары туралы, басқа да қажетті ақпараттар алып, қойылған сұраққа жауап ала алады. Осы сайт ішінде орналастырылған Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі порталына және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайтына сілтемелер жасалынған.

Біздің сайт ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ жергілікті атқару органдары қызметі туралы ауқымды мағлұматтар беретін болады деп сенемін.

Біздің сайтымызға қош келдіңіздер!

 

Тарбағатай ауданының әкімі

Сапарғалиев Манарбек Қадылғұмарұлы -  Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі.

Сапарғалиев Манарбек Қадылғұмарұлы 1963 жылы 19 маусымда дүниеге кеген. Ұлты қазақ.  Білімі жоғары.
1988 – 1989 жылдар аралығында Алматы қаласы Фрунзе ауданының Мемлекеттік сақтандыру инспекциясының аға экономисі, 1989 – 1990  жылдар аралығында Алматы қаласы Фрунзе ауданының Мемлекеттік сақтандыру инспекциясы бастығының орынбасары – дамыту бөлімінің бастығы, 1990 – 1991 жылдар аралығында Алматы қаласы Фрунзе ауданының Мемлекеттік сақтандыру инспекциясы бастығының орынбасары, 1991 – 1992 жылдары Алматы қаласы Фрунзе ауданының Мемлекеттік сақтандыру инспекциясының бастығы, 1992 – 1996  жылдары Алматы қаласы №6217 Жинақ банкісінің Фрунзе бөлімшесі бастығының орынбасары,  1996 – 1997  жылдар аралығында «Арал» шипажайының вице – президенті, 1997 – 1999  жылдар аралығында Алматы қаласы әкімі аппаратының экономика жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, 1999 – 2001  жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, 2001 – 2005  жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сатып алу департаменті директорының бірінші орынбасары, 2005 – 2006  жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, 2006 – 2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімінің  бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі, 2007 – 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қаржы басқармасының бастығы, 2009 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2009 жылдың қазан айынан бастап Тарбағатай ауданының әкімі қызметіне тағайындалған.


Азаматтарды қабылдау күні және уақыты: Әр дүйсенбінің сағат 14-00- ден 18-00- ге дейін
Жұмыс телефоны: 8 (72346) 2-11-00
Факс: 8 (72346) 2-18-47

Қызметтік міндеттері

Ауданға жалпы басшылық жасау, ауданның атқарушы билік органдарының іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына, ұлттық және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына бақылау жасау.

Тарбағатай ауданының әкімі М.Сапарғалиевтың аудан тұрғындарымен кездесу жиналысындағы баяндамасы
Тезисы доклада акима области Сапарбаева Б.М. на отчетной встрече в Усть-Каменогорске
2010 жылы аудан әкімінің ауылдық округтерде аудан тұрғындарымен өткізген есепті кездесу жиналыстарында айтылған ұсыныс-пікір, сын-ескертпелердің тізбесі және олардың орындаудың іс-шаралар жоспары

 

Қазақстан Республикасы
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Ақсуат ауылы

Сайт администраторы
тел. 8(72346) 2-19-01
e-mail: E_Askarov@mail.ru

Copyright © 2007-2010