|
Құрылыс
«Тарбағатай аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ
Бөлім туралы мәлімет
Бөлім бастығы - Түндікбаев Жарқын Амангелдіұлы
Ж. Түндікбаев 1976 жылы 8 қаңтарда Семей облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
1983- 1993 жылдар аралығында Ақсуат орта мектебін бітірген.
1994 жылы Өскемен құрылыс- жол институтына оқуға түскен.
1999 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық Университетін бітірген.
1999 - 2000 жылдар аралығында Шығыс әскери округінде ҚР әскер қатарында қызметте болған.
2003 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратында жетекші маман және бас маман қызметтерінде жұмыс атқарған.
2007 жылы құрылыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарған.
2008 жылдан бастап Тарбағатай ауданының құрылыс бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарған.
2010 жылдың қаңтар айынан бастап Тарбағатай аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы болып тағайындалған.
-«Тарбағатай аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің 2009 жылғы 4 желтоқсан № 401 қаулысы негізінде «Тарбағатай аудандық құрылыс бөлімі» мен «Тарбағатай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің қосылу жолымен құрылды. Бөлімде 4 бас маман, 1 жетекші маман-есепші қызметтерін атқарады.
Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің негізгі міндеттері және қызметі:
- «Бөлімнің» қызмет аясы аудан аумағындағы барлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс кешенінің қызметін үйлестіру. Күрделі құрылыс пен құрылыс материалдары өнеркәсібінің базасын дамыту жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жоспарларын, жаңа тұрғын үй саясатының бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды әзірлеуге және келісуге қатысу.
-Мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізеді.
-Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ауданның елді мекендерін көріктендіру жөніндегі жұмыстардың іске асырылуына бақылау жасайды.
-Сәулет, қала құрылысы және құрылыстың мақсатты бағдарламаларын қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысуды қамтамасыз етеді.
-Құрылыстық ұзақ мерзімді бағдарламаларын, ғылыми-техникалық әзірлемелерді, объектілердің техникалық жағдайының перспективалық болжамдарын әзірлеу жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
-Аудан аумағындағы құрылыс өндірісімен шұғылданатын кәсіпкерлік-коммерциялық құрылымдармен, ғылыми-зерттеу және жобалық-іздестіру ұйымдармен, өнеркәсіп, құрылыс материалдары кәсіпорындармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып сәулеттік- құрылыс кешеніне басшылық жасайды.
-Аудан әкімінің тұрғын үй және мәдени тұрмыстық бағыттағы объектілердің техникалық жағдайын жақсарту, құрылысы аяқталмаған объектілердің, апатты және ескі тұрғын үйдің құрылысы,ауданның сейсмикалық қауіпті аймақтарындағы құрылыстар мен ғимаратардың сейсмикалық беріктігін арттыру жөніндегі бағдарламаларын жасау жөніндегі жұмысты жүргізеді.
-Қала салу заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Қоныстар мен аумақтарды көркейту мен қалалақ дизайны, құрылысы, реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу мәселелерін реттеу нормаларын жетілдіру жөнінде, қала құрылысы бағдарламалары жөнінде, аумақтар мен қоныстарды әлеуметтік-экономикалық кешенді дамытудың, олардың сәулеттік бейнесін жақсартудың ағымдағы және келелі міндеттері жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
- «Бөлім» алдына қойылған міндеттерді орындауға бағытталған мемлекеттік қаражаттарды бөлуге және ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Аудан аумағының құрылысын жүргізуге, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге,сейсмикалық күшейтуге жататын ғимараттар мен құрылыстардың жобалық -сметалық құжаттамасын, жобаларын қарап, келіседі.
-Тұрғын үй-азаматтық, коммуналдық, өндірістік және өндірістік емес бағыттағы объектілердің аяқталған құрылысын қабылдау, құрылыстағы апаттарды тергеу жөніндегі комиссиялардың жұмысына белгіленген тәртіппен қатысады.
-Елді мекендердің бас жоспарларының дер кезінде әзірленуіне және түзелетуге бақылау жүргізеді,орын бөлудің кезекші оперативті жоспарларын жүргізеді, жобалық-жоспарлау жұмыстарына техникалық тапсырысты функцияларының орындалуымен байланысты, осы жұмыстардың қаралуы мен келісуі шешеді.
-Аудан аумағындағы үйлер мен ғимараттардың құрылысына кеңейтілуіне, реконструкциясына, жөндеуіне жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге және олардың жүзеге асырылуына бақылау жүргізеді.
-Мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдардың қызметкерлер жасаған сыбайлас жемқолық құқық бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша олардың басшыларының жауап беретіндігі және сыбайлас жемқорлық жасаған қызметкерлермен бірге басшысыда жұмыстан босайтындығы ескеріледі.
-Құрылыс жөнінде:
Ауданда 2009 жылы 3 мал мола құрылысы салынды. Көкжыра, Ойшілік ауылындағы мал молалар құрылысы жұмыстарын жүргізген мердігер «Каз.По.Сталь» ЖШС-ң филиалы.
Маңырақ ауылындағы мал мола құрылысы жұмыстарын жүргізген мердігер «ПМК Құрылыс» ЖШС-і.
Аудандық бюджет есебінен салынуға жоспарланған Ақсуат ауылындағы 1- пәтерлі он коммуналды тұрғын үйлердің, Ақжар ауылындағы 1- пәтерлі бес коммуналды тұрғын үйлердің жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, Ақсуат ауылындағы 1 пәтерлі 5 коммуналыды тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын мердігер ТИСС ЖШС-і және Ақжар ауылында 1 пәтерлі 3 коммуналды тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын мердігер «ПМК Құрылыс» ЖШС-і жүргізіп, қазіргі уақытта пайдалануға берілді.
Көкжыра ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына 21.09.2007 жылы ашық конкурс жеңімпазы «ТМ-Тепломир» ЖШС-н келісім шарт жасалып, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, желтоқсан айында пайдалануға берілді..
Ақсуат ауылында ауысымды 100 адам емханасымен 75 төсектік аудандық аурухана құрылысы, құны – 820 000, 0 мың теңге. Қайта есептеуден кейін 1 056 849, 0 млн теңге. Республикалық бюджеттен 2009 жылға дейін 723 494,0 мың теңге бөлініп игерілді.
2009 жылға республикалық бюджеттен 333 354,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге игерілгені 280 511,5 мың теңге.
Ақсуат ауылында салынып жатқан ауысымды 100 адам емханасымен 75 төсектік аудандық аурухананың тазалау имараты құрылысының жобалық сметалық құжаты әзірленіп, құрылыс жұмыстарын мердігер «ПМК Құрлыс» ЖШС-і жүргізуде
Ақжар ауылындағы 50 төсектік туберкулездік аурухана құрылысы, жалпы құны 845 520, 0 мың теңге. Қайта есептеуден кейін 1 098 382, 0 млн теңге. Республикалық бюджеттен 2009 жылға дейін 294 739,0 мың теңге бөлініп игерілді.
2009 жылға 803 642,0 мың теңге бөлінген, бүгінгі күнге игерілгені 748 722,9 мың теңге.
-Жобалар жөнінде:
-Ақсуат ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары, «Шығысмемсараптама» ЕМК-н 22.04.2009 жылы №06-097/09 санды оң қорытынды алынды.
-Кіндікті ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары «Шығысмемсараптама» ЕМК-н 31.10.2009 жылы №6-0300/09 санды оң қорытынды алынды.
-Ақсуат ауылында салынуға жоспарланған 100 орындық мектеп жанындағы интернат құрылысы «Шығысмемсараптама» ЕМК-н 14.05.2009 жылы №06-120/09 санды оң қорытынды алынды.
-Қызыл кесік ауылындағы Би – Боранбай атындағы мектептің қосымша (спорт зал) құрылысы «Шығысмемсараптама» ЕМК-н 30.03.2009 жылы № 06-070/09 санды оң қорытынды алынды.
-Байтоғас ауылындағы 180 орындық мектеп құрылысы «Шығысмемсараптама» ЕМК-н 27.02.2009 жылы № 06-039/09 санды оң қорытынды алынды.
-Ақсуат ауылында кәріз жүйелері мен тазалау имаратының құрылысы мемлекеттік сараптама 29.01.2010 жылдың № 06-0011/10.
-Тұғыл ауылындағы кәріз желілері мен тазалау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстары, мемлекеттік сараптама 29.05.2009 жылдың № 6-148/09.
-Ақсуат ауылы Жолымбет баба көшесінің бойынан 16 пәтерлі коммуналды тұрғын үй құрылысы мемлекеттік сараптама 10.11.2008 жылдың №9-401/08.
-Ақсуат ауылы Жолымбет баба көшесінің бойынан №2 16 пәтерлі коммуналды тұрғын үй құрылысы мемлекеттік сараптама 30.12.2008 жылдың №9-488/08.
-Ақжар ауылы Жолымбет баба көшесінің бойынан 16 пәтерлі коммуналды тұрғын үй құрылысы мемлекеттік сараптама 24.12.2008 жылдың №9-483/08.
-Ақсуат ауылы Жолымбет баба көшесінің бойынан 16 пәтерлі коммуналды тұрғын үйдің инженер желілері құрылысы мемлекеттік сараптама 10.11.2008 жылдың №9-402/08.
-Ақсуат ауылы Жолымбет баба көшесінің бойынан №2 16 пәтерлі коммуналды тұрғын үйдің инженер желілері құрылысы мемлекеттік сараптама 21.11.2009 жылдың №06-0289/09.
-Ақжар ауылы Байжигит көшесінің бойынан 16 пәтерлі коммуналды тұрғын үйдің инженер желілері құрылысы мемлекеттік сараптама 30.09.2009 жылдың №06-0285/09.
Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Индекс 071500 Ш.Қ.О. Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, 16.
Тел/факс (8 72346) 2-11-69.
Бөлімнің регламентіне сәйкес бөлім бастығы азаматтарды күнделікті қабылдайды.
|