|
Білім
2007-2008 жаңа оқу жылында аудандағы 50 мектепте 1-11 сыныптарға 10511, мектепалды даярлық сыныптарына 797 оқушы қамтылды. Барлығы 1645 педагог қызметкер жұмыс атқарады, оның жоғары санаттысы - 111, І санатты - 557, ІІ санатты -425, санаты жоқ – 552.
2007 жылы 8 мектеп және «Жасұлан» балабақшасы күрделі жөндеуден өткізілді. Күрделі жөндеуге 18 275 000 теңге қаржы жұмсалды. Мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2 200 000 теңге қаржы қаралып уақытында толық игерілді.
2007 жылында 3 мектепке жергілікті бюджеттен, 1 мектепке республикалық бюджеттен мультимедиалық-лингафон кабинеттері, 4 мектепке облыстық бюджеттен қаржы бөлініп компьютерлік сыныптар пайдалануға берілді.
Аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының кезектен тыс Пленум мәжілісінің қаулысымен 2007 жылдың 13 тамыз күні аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Шоқанов Әлібек Төкенұлы сайланды.
26.09.07-05.10.07 аралығында Ақжар ауылындағы Абай мектебінде облыстық білім жетілдіру институты тарапынан математика және физика пәні мұғалімдерінің педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуден өткізу, оқушыларды ҰБТ-ге және олимпиадаға дайындау тақырыптары бойынша кәсіптік біліктілігін жетілдіру курсы өткізілді. Курстан барлығы 50 мұғалім өтті.
Аудан мектептеріндегі химия пәні мұғалімдері арасында аудандық химия олимпиадасы өткізілді. Нәтижесінде Би Боранбай атындағы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Ибраева Жаңалық бас жүлдені жеңіп алып облыстық химия олимпиадасына жолдама алды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы №995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасына сәйкес халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту курсынан 2 – 27 шілде аралығында 10 жазғы мектеп жұмыс атқарды. Бұл сыныптарда 592 тыңдаушы оқып тестілеуден өтті. Барлығы курсты игеріп сертификатқа ие болды.
Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыссыз халықты оқытуға арналған 1 компьютерлік сынып /15 компьютер/ №2 Ақсуат орта мектебінің базасында жұмыс атқаруда. Бұл сыныпта бүгінгі күнге дейін 225 тыңдаушы курстан өтіп, сертификат алды.
|