|
Әлеуметтік сала
«Жол картасы» бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама
Ел басы Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жол картасын» іске асыруда Тарбағатай ауданы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр.
I . Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі «Жол картасын іске асыруды үйлестіру және мониторингі жөніндегі облыстық комиссия құру туралы» № 1-090 өкіміне сәйкес Тарбағатай аудан әкімінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі «Жол картасын іске асыруды үйлестіру және мониторингі жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» № 43 өкімі мен комиссия кұрылып, жұмыс істеуде. Комиссия апта сайын Жол картасына байланысты өз отырысын өткізіп атқарылатын жұмыстар барысын қадағалап, жұмыстарға бақылау жасап келеді. Осы уақытқа дейін комиссия 8 рет өз отырысын өткізді.
II. Жол картасына байланысты арнайы дерекқор жасалынды.
Оның ішінде: жұмыстан босағандар дерекқорында 398 адамның 392-сі өз өтініші негізінде жұмыстан босағандар болса, 6-ы ақысыз демалыста жүргендер. Мектеп түлектері дерекқорында 679 оқушы болса, оның ішінде 104 түлек оқуға бармайтындар, лицей түлектері 113 адам, оның ішінде 25-і жұмысқа орналаса алмайтындар ретінде дерекқорға енгізілді. Оралман дерекқорында 223 отбасы, 1040 адам есепке алынып, 7 адам жұмыс іздеуші ретінде дерекқорға алынды.
220 жаңа жұмыс орындары туралы мәліметтер аудан әкімінің веб сайтына орналастырылды.
III. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бағдарламасы бойынша 40 жұмыс орынын ашуға 3592 мың.теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні әлеуметтік жұмыс орындары белгіленіп 40 адам (ЖК Г.Қожахметова -5 адам, ЖШС «Айзат-құрылыс»-5 адам, Ш/Қ «Мойын»-5 адам, ЖК Садықов-3 адам, ЖШС «Каз.По.Сталь-1»-2 адам, ЖШС «Нұр-жол-1»-5 адам, КМКК «Ақсуат»-5 адам, КМКК «Тұғыл»-5 адам) (ЖК Сембаев-5 адам) жұмысқа орналастырылды, мамыр айында 270,0 мың теңге игерілді.
IV. Жастар іс-тәжриебесі бойынша 20 адамға 1800 мың. теңге қаржы бөлінді. Бұл бағдарлама бойынша жастардың жұмыс істейтін мекемелері Ақсуат, Ақжар ауылдары бойынша мекемелер анықталып, оқу орындарын бітіріп келген жас мамндарды келісім шарттар жасалынып, 20-адам 6-ай мерзімге жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, мамыр айында 300,0 мың теңге игерілді.
V. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін артыру мақсатында 75 адамды оқытуға 5815,85 мың.теңге бөлініп отыр. Бүгінгі күні 3 мамандық бойынша (газоэлектрдәнекерлеуші-15 адам, ауыл шаруашылық өңдірісінін тракторист-машинисті-15 адам) 30 адам оқуға жіберілсе, маусым айынан бастап 1-топ құрылып (газоэлектрдәнекерлеуші-15) адам оқуға жіберілді жиыны 45 адам жіберілді. Шілде, тамыз, қыркүйек, қараша айларында 30 адам қаржыландыру жоспарына сәйкес 10-адам тасқалаушы, 10 адам тігінші, 10-адам аспазшы, мамандықтары бойынша оқытылатын болады.
VI. Жол картасы бойынша ауданда коммуналдық шаруашылық саласына 46 млн. 506 мың.теңге бөлінсе, оның ішінде 43 млн. республикалық бюджеттен, 3 млн. 506 мың.теңге жергілікті бюджеттен бөлініп барлығы 53 жаңа жұмыс орыны ашылады. 46 млн.506 мың. теңгенін ақау актісі, жобалық сметалық құжаттары, келісім шарттары жасалды. Бұл жұмыстар 5 коммуналдық шаруашылық мекемелері арқылы іске асырылуда.
Әлеуметтік жобаға 15 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 12 млн. 184 мың.теңге республикалық бюджеттен, 2 млн. 816 мың.теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, барлығы 167 жұмыс орыны ашылады. Ақау актісі, жобалық сметалық құжаттары, келісім шарттары жасалды. Бұл жұмыстар ауылдық округ әкімдері арқылы іске асырылуда, мамыр айында 2707,1 мың теңге игерілді.
Осы жобаға қатысатын 220 адам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, жұмыс іздеушілір ретінде есепке алынғандар есебінен жұмысқа орналастырлады.
VII. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4-бабынын 31-тармағына сәйкес 5-коммуналдық шаруашылық мекемелеріне (Ақсуат, Ақжар, Тұғыл, Жаңа-ауыл, Құмкөл) тікелей қаржы бөлініп, бүгінде жол картасына байланысты жұмыстар ұйымдастырылуда.
Бүгінгі күні маниторинг орталығы жұмыстан босаған 398 адам, оқуға бармайтын- 104 мектеп түлектері, жұмысқа ораналаса алмайтын 25 лицей түлектерінің және жұмыс іздеуші 7-оралмандардың, қайта даярлау оқыту бағдаламасы бойынша ауыл әкімдері арқылы ұсынылған 113 адамның дерекқор базаларын күрып, күнделікті ауылдық округтерден ақпараттар алуда.
IX. «Жол картасын» аудан халқы арасында насихаттау, ақпараттық жағынан қамтамасыз етудің медиа жоспары жасалып, барлық ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді. Аудандық «Тарбағатай» газеттінде арнайы айдар ашылып жеті мақала жарияланды. Тұрақты түрде мамандардың, бөлім бастықтарының мақалалары беріліп келеді.
«Жол картасы» іс – қимыл жоспарын түсіндіру мақсатында аудандық және ауылдық ақпараттық насихат топтары барлық елді мекендерде болып насихаттау жұмыстарын жүргізді. Топ мүшелеріне арнайы тезистер жасалып таратылып берілді. «Жол картасына» байланысты ақпараттық топ мүшелері 65 кездесулер өткізіп, оған 16558 адам қамтылды.
Елбасы Жолдауы және «Жол картасын» корнекі жарнамалық жағынан насихатау мақсатында 39-банер, 17 – ауылдық округтерде хабарландыру тақтасы, аудан орталығы Ақсуат ауылында Елбасы Жолдауына байланысты 12 банер, 3 – жерге кәсіптік оқу түрлерін жарнамалау тақтасы жасалып ілінсе, аудандық жұмыспен қамту жне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыс іздеушілер бұрышы құрылып жұмыс істеуде.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалар бөлімінің бастығының 17 сәуір 2009 жылғы № 31 бұйрығымен мониторинг талдау орталығы құрылып, жастар ісі-тәжірибесі бағдарламасы негізінде 3-адам уақытша жұмысқа қабылданды.
|