Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Хабарлама
  • Хабарлама

    Құрметті Тарбағатай ауданының тұрғындары!
    2019 жылғы 21 қарашада сағ. 10.00-ден Мемлекет басшысының міндеттерін іске асыру аясында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша...

     

    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша хабарландыру

    Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан  тұрғындарын жинайды. Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын, 2018 жылдан бастап қалада, оның ішінде моно және шағын қалада тұратын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, NEET санатындағы жастар, жас отбасылардың, табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.
    Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық, аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен, қала әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.
    Оқу ұзақтығы – 1 ай. Алтыншы кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы   04-05 қараша аралығында өтеді.   Оқу 2019 жылғы  6 қарашадан – 29 қараша аралығында жүргізіледі.
    Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.
    Сұрақтар туындаған жағдайда 8/72346/-224-00, 87777092404 байланыс телефондарына хабарласып немесе Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы Абылайхан көшесі, мекен жайында орналасқан Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына  хабарласуға болады. 

    Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының
    Тарбағатай аудандық филиалының
    координаторы  Ануарбеков О. А.

     

    ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті Тарбағатай ауданының тұрғындары !
          2019 жылдың наурыз айының 11 күні сағат 16.00-де

    Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Мұратұлы Қайырбеков қашықтықтан онлайн  арқылы азаматтарды қабылдайды.
    Облыстық сот төрағасының қабылдауына жазыламын деген азаматтар алдын-ала Ақсуат ауылы Абылайхан көшесі, 13 орналасқан аудандық соттың ғимаратына келіп тіркелуге болады.

    Тарбағатай аудандық соты

     

    «Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары,құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «ШҚО Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылындағы кәріз желілері мен тазарту имараттарының құрылысы» нысаны бойынша қоғамдық тыңдалым өтетіні туралы хабарлайды.Қоғамдық тыңдалым 2019 жылдың 13-ақпаныда сағат 15:00-де ШҚО Тарбағатай ауданыТұғыл ауылының мәдениет үйінде өтеді.
    Тапсырыс беруші «Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі » ММ-сі Ақсуат ауылы, Аманкелді көшесі 1, эл.адрес: tarb_stroy_otdel@mail.ru.
    Жобаны әзірлеуші: «Ақжар Жоба» ЖШС эл.адрес: akzharzhoba@mail.ru. Мүдделі тұлғалар жобаның ҚОҚ (қоршаған ортаны қорғау) материалдарымен ШҚО Өскемен қаласы, Сатпаев көшесі 64, БО «Радуга» оф.501 мекен-жайы немесе akzharzhoba@mail.ru.Электрондық поштасы арқылы таныса алады. Сондай-ақ, аталған мекен-жай бойынша ескертулер мен ұсыныстар қабылданады.

    Жобаның құжаттамасын tarb_stroy_otdel@mail.ruepsd.kz,сайтынан алуға болады. Телефон бойынша ақпарат 8(72346)50-659, 8(7232)203-552, 8-777-983-08-35.

     

    Құрметті шығысқазақстандықтар!
    Шығыс Қазақстан облысының әкімі
    Ахметов Даниал Кенжетайұлының

    тұрғындар алдындағы есебі 2019 жылдың 22 ақпан күні сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында мына мекен жай бойынша өтеді: Өскемен қ., Қ. Сәтпаев даңғылы, 82 А.
    Шығыс Қазақстан облысының әкіміне ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды облыстың елді-мекендерінде орналасқан ұсыныстар мен ескертулер жинауға арналған жәшіктер арқылы (жәшіктердің орналасқан жерлері мен облыс әкімінің және аудардар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулерінің кестелері «Ашық деректер» порталында орналасқан) сонымен қатар, облыс әкімінің www.akimvko.gov.kz ресми сайтындағы облыс әкімінің виртуалды қабылдауы арқылы бере аласыздар.

     

    Парақтар өзгертілді: 13-11-2019