Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар

    2017 жылдың атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

    Мал шаруашылығы бойынша

    Ауданның мал шаруашылығы тұрақты дамып келеді. Мал басының сақталуы 2016 жылдың осы уақытымен салыстырғанда бүгінгі күні 2017 жылға ірі қараның саны 114 043 бас болып, өткен жылдың (2016 жылы 103 921 бас) осы мерзімімен 109,7%, қой мен ешкі –  267843 бас – 94,9 пайызға (2016 жылы 282 260 бас) азайған, жылқы – 25 959  бас – 111,3 пайызға (2016 жылы 23 333 бас), түйе - 40 бас – 97,6 пайызға (2016 жылы 41 бас), құс 26 987 бас – 100,1 пайызға (2016 жылы 26 973 бас) өсіммен орындалды.
    Өндірілген ет 228 650,0 центнер, 2016 жылмен салыстырғанда 102,7 пайыз, сауылған сүт 853 760,0 центнер, өткен жылмен салыстырғанда 110 пайыз, қырқылған жүн 6210,0 центнерге жетіп 100,2 пайызды, жұмыртқа 3,9 млн дана болып, 102,6 пайыз өсіммен орындалды.
    Аудан бойынша ИАС бағдарламасына 2017 жылы 471 шаруа қожалығы тіркеліп 34 558 бас аналық ірі қара малдарына 1240 асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқасы қосылып тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізілді. Республикамыздың 152 ауданы бойынша ірі қара малдарына тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізуден Тарбағатай ауданы 1 – ші орында.
    Ауданымызда бүгінгі күнге дейін асыл тұқымды мал өсіретін 65  шаруашылық тіркелген. Оның 11-і жылқы, 18-і қой, 36 ірі қара малы бағытында.
    2017 жылдың 12 айында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен 48 шаруашылық 434,2 млн. теңге қаржыға 2037  бас ірі қара малын сатып алса, 3 шаруашылық 24,0 млн. теңгеге 84 бас жылқы малын сатып алса,  3 шаруашылық 583 бас 14,6 млн. теңгеге қой малдарын сатып алып өсіруде.
    2016 жылы 12 ауыл шаруашылық кооперативтері ашылса, 2017 жылы қосымша 25 кооператив ашылып 37-ге жеткізілді. Ашылған 36 кооперативтің 31 кооперативі мал шаруашылығымен, 5 кооперативі өсімдік шаруашылығымен, 1 кооператив балық шаруашылығымен айналысады. 37 кооперативтің құрамындағы мүше саны 1179-ды құрайды. Берілген жоспар тапсырма бойынша 1173 мүше тарту керек болса, ол корсеткіштің саны 1179 – ға жетті.
    Тарбағатай ауданы бойынша 2013 жылы 25 бордақы алаңы, 2014 жылы 87 болса, 2015 жылы 189 мал бордақылау алаңдары, 2016 жылы 10 бастан жоғары 332 мал бордақылау алаңдары, 2017 жылы 542 мал бордақылау алаңдарында (432 ірі қара бордақылайтын, 80 алаң қой бордақылайтын, 30 жылқы малдарын бордақылайтын алаң) 3635 бас ірі қара малы, 3220 бас мүйізді ұсақ мал, 210 бас жылқы малы бар шаруа қожалықтар мен жеке тұлғалар мал бордақылап, өз мақсатында пайдаланылды.
    Ақжар ауылында «Қоныс» шаруа қожалығының базасында ашылған сүт цехы 2017 жылдың 12 айында 121,5  тонна сүт қабылдап, дайындалған сүт, айран, май, ірімшік өнімдерін аудан мектептері мен бала-бақшаларына және аудан тұрғындарына өткізді.
    Мал шаруашылығы бойынша 12 айда барлық төленген субсидия көлемі 1 млрд.156 млн.тг құрады. Оның ішінде асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу бойынша 395,6 млн.тг, ірі қара малдарын тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізгені үшін 566,4 млн.тг, Қой малдарына тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізгені үшін 143,9 млн.тг, асыл тұқымды қой малдарын сатып алу бойынша 48,1 млн.тг, асыл тұқымды жылқы малын сатып алу бойынша 1,5 млн.тг құрады.

    Дала шаруашылығы
    2017 жылдың көктемгі егіс жұмыстарында аудан бойынша 12345 гектар суармалы егістік жер игерілді. Оның ішінде дәнді дақылдар 1519 гектар, майлы дақылдар 2284 гектар, картоп 616 гектар, көкөніс 288 гектар, бақшалық 139 гектар, көп жылдық шөптер 7498 гектарды құрады. Күзгі жиын-терін жұмыстарында 1519 га дәнді дақылдардың егістігі орылып, орташа түсімі әр гектарынан 17-20 центнерден болып 3318,5 тонна , 616 га картоптан орташа түсімі 174 центерден болып, 10718,4 тонна, 288 га көкөністен орташа түсімі 220-225 центнерден 6508,8 тонна,139 га бақшалықтан орташа түсімі 400 центнерден болып,5560 тонна өнім жиналып алынды. Алынған өнімдер ауданның базарлары мен дүкендерінде, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі күндерінде аудан халқына және Астана,Өскемен,Семей қалаларының базарларында қала тұрғындарына тиімді бағада саудаланды. Ауданда егін шаруашылығы жылдан жылға дамып, егіс көлемі де айтарлықтай ұлғайуда. 2014-2016 жылдары «Базар», «Тебіске» су тоспалары мен магистральды каналдарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, толық іске қосылды. «Қарғыба» су тоспасы мен магистральды каналына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша 41 иесіз ішкі су каналдары анықталып, аудандық Әділет басқармасына иесіз мүлік ретінде тіркеуге қойылды.   2018 жылдан бастап аталған иесіз каналдарды коммуналдық меншікке беру жұмыстары жүргізіледі. 2017 жылы ауданның шаруашылық құрылымдары 400 тонна минералдық тыңайтқыштар сатып алып, егістік алқаптарына енгізді. Ауданның шаруашылық құрылымдары өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік бағдарламалар бойынша 52 млн. теңгенің субсидиясын алуға қатысты. 2017 жылы аудан бойынша 176 гектар жерге карантиндік арамшөп укекіреге және 10 гектар арамсояуға қарсы химиялық жолмен өңдеу жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша 500 гектар жерге зиянды организм саяқ шегіртке мекенделген алқап химиялық жолмен өңделді. Аудан халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысатындықтан мал азықтық дақылдарға да аса мән берілуде. Биылғы жылы жаңадан 1500 гектар суармалы егістік жерге жаңадан жоңышқа егіліп , 2000 гектар жоңышқа жаңаланып, аудан бойынша көп жылдық шөптердің көлемі 7000 гектарға жуықтады.
    Аудан бойынша 2017-2018 жылдардың қыстамасына барлығы 194 мың тонна қатаң мал азығы дайындалды. Осы дайындалған барлық қатаң мал азығының 17 пайызын көп жылдық шөптер (жоңышқа) құрайды.
    АӨК Кооперативтері және ауылшаруашылығы техникаларын жаңалау

    «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» жарғылық қаржысы арқылы несиелендіру бойынша «Береке» бағдарламасымен Ауданда 7 (жеті) АӨК жұмыс жасауда. Олар Ақсуат ауылдық округінен «Ақмарал-М», Ақжар «Ақбастау», Құмкөл «Қаржау», Тұғыл «Тұғыл-Ет», Қабанбай «Шенгелді», Маңырақ «Қоңырбай», Ырғызбай «Алға 2050». Бүгінгі күні қорға 200,700 мын тг несиеге 62 (алпыс екі) өтінім берілді. Оның ішінде 37 (отыз жеті) өтінім 122,6 мын тг қаржысын алса, 13 (он үш) өтінімнің 24,6 мын тг каржысы мақұлданды. Қалған 12 (он екі) өтінім 53 млн тг құжаттары қорда қаралу үстінде.
    Тарбагатай ауданы бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылыгы техника паркін жаңалау мақсатында барлығы 35 МТЗ Беларус тракторлары және 57 ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы жабдықтары алынды. Оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ ШҚО филиалы арқылы лизинг бағдарламасымен шаруа қожалығы техника алса, қалған шаруа қожалықтары өз қаражаты есебінен алды. Жаңадан техника алған шаруа қожалықтарының барлығы «шыққан шығыстарының бір бөлігін өтеу» ережесі бойынша инвестициялық субсидиялауға қатысуда.

    Парақтар өзгертілді: 14-05-2018