Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Ауыл шаруашылығы
  • Cаласы бойынша

    2017 жылдың атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

    Тарбағатай ауданы бойынша ҚР «Ветеринария туралы» Заңының талаптарына сәйкес халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында 026 «Эпизоотияға қарсы шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылғы аса жұқпалы аурруларға қарсы жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
    Атап айтқанда: Құтырық ауруына 50 000 бас ірі қара, 45 000 бас қой-ешкі, 6 000 бас жылқы, 12 000 бас күзет иті, 900 бас мысық, Аусыл ауруына 241 000 бас ірі қара, 804 000 бас қой-ешкі, Лептоспироз ауруына 3 700 бас ірі қара, 21 000 бас қой-ешкі, 1 500 бас жылқы, Листериоз ауруына 2 000 бас ірі қара, 20 000 бас қой-ешкі, Пастереллез ауруына 28 000 бас ірі қара, 49 000 бас қой-ешкі, 4 000 бас жылқы, Сібір жарасы ауруына 122 300 бас ірі қара, 510 000 бас қой-ешкі, 21 000 бас жылқы, 20 бас түйе, Шешек ауруына 134 000 қой-ешкі, Құс тұмауына қарсы 11 000 бас үй құстары, Қарасан ауруына 100 000 бас ірі қара, Инфекциялық ринотрахеит ауруына 7 000 бас ірі қара, Оба ауруына 12 000 бас қой-ешкі, 20 бас түйе, Брадзот ауруына 80 000 бас қой-ешкі, Эктима ауруына 60 000 бас қой-ешкі малдарына вакцинация жүргізілді.
    Диагностикалық тексеру жұмыстары бойынша Туберкулез ауруына 240 000 бас ірі қара , 20 бас түйе, Маңқа ауруына 20 000 бас жылқы малдары тексерілді, ауруға белгі берген малдар болған жоқ.
    Эхиноккоз ауруына 35 700 бас етқоректілер тоқсан сайын (күзет иті) дәріленді.
    Бруцеллез ауруын анықтау үшін 155 644 бас ірі қара малдарынан қан сынамасын алып тексергенде 2484 бас «оң» таңбалы нәтиже берді, таралуы 1,5 %, Оның 341 басы мал сою кәсіпорындарында сойылып, 2143 басы мал сою алаңдарында сойылып, жойылды. Ет өңдеу кәсіпорындары арқылы жойылған 341 бас ірі қараның құжаттары мал иелері арқылы жинақталып, 327 басына 21 571 524 теңге өтемақы төленді.
    363 592 бас мүйізді ұсақ малдардан қан сынамасын алып тексергенде 1207 бас ауруға «оң» таңбалы нәтиже берді, таралуы 0,3 %. Оның 269 басы мал сою кәсіпорындарында (Семей ет комбинатында, Ұлан МКЗ ет комбинатында) сойылса, 938 басы мал иелерінің өтінішімен мал моласында өлтіріліп жойылды. Ет өңдеу кәсіпорындары арқылы жойылған 269 бас ұсақ малдардың құжаттары мал иелері арқылы жинақталып, 252 басқа 1 886 476,2 теңге өтемақы төленді.
    Аудан бойынша 627 қора-жайға 95993 шаршы метр жерге лажсыз, 71 қора-жайларға 40971 шаршы метр жерге профилактикалық , барлығы 698 қора-жайға 136964 шаршы метр жерге дезинфекция жасалды.
    RB-51 вакцинасымен бруцеллезге қарсы 2015 жылы 12 200 бас ірі қара, 2016 жылы 10 500 бас ірі қара малы иммундалды. 2017 жылға барлығы 15 200 бас ірі қара малдарын имундау жоспарланып, 15 200 бас иммундалды.
    Қой-ешкі малдарының бруцеллезіне қарсы Испаниядан шыққан осurev вакцинасымен 2015 жылы 12200 бас, шт-19 вакинасымен 25 130 бас, 2016 жылы 8 500 бас иммундалды. 2017 жылы 21 000 бас қой ешкі малдарын иммундау жоспарланып, жоспар толығымен орындалды.
    Екпін ауылдық округінің «Ақбадеш» шаруа қожалығының ірі қара малдарына, Көкжыра ауылдық округінің «Алау», «ЛСП» учаскелерінің ірі қара малдарына, Тарбағатай ауданы әкімінің 23.05.2017 жылы № 203-ші қаулысымен шектеу қойылып, 29.11.2017 ж Тарбағатай ауданы әкімінің № 543 қаулысымен шектеу алынды. Кіндікті ауылдық округінің «Үмбет» учаскесіндегі «Үмбет» шаруа қожалығының қой-ешкі малдарына, Құмкөл ауылдық округінің «Қызылқора» учаскесіннің, Ойшілік ауылдық округінің «Жүніс» учаскесінің, Көкжыра ауылдық округінің «Жаңаауыл, Ескіауыл», Ақсуат ауылдық округінің «Көкжайдақ» учаскелерінің ірі қара мал табындарына, Тарбағатай ауданы әкімінің 19.09.2017 жылғы № 403-ші қаулысымен шектеу қойылған, Екпін ауылдық округінің «Берлібай» учаскесінің, Сатпаев ауылдық округінің «Жалғызтал» учаскелерінің және Қызыл-кесік ауылдық округінің «Қызыл-кесік» ауылының ірі қара малдарына, 05.10.2017 жылы Тарбағатай ауданы әкімінің № 440 қаулысымен шектеу қойылды, жұмыстар жүргізілуде. Ырғызбай ауылдық округінің «Жәнтікей» ауылының ірі қара малдарына, Көкжыра ауылдық округінің «Мырзабай» учаскесінің қой-ешкі малдарына 29.11.2017 жылы Тарбағатай ауданы әкімінің № 542 қаулысымен шектеу қойылды, жұмыстар жүргізілуде.
    Бөлім бойынша ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау мақсатында 753 нұсқама беріліп, 30 өтініш негізінде тексеру жүргізіліп, 4 адам заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалып, іс қағаздары аумақтық ветеринариялық инспекцияға беріліп, 90 760 теңге айыппұл салынды.
    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай болған 20 мал сою алаңына 8 балық және балық өнімдерін өңдейтін сақтайтын өндіріс орындарына және 1 ветеринариялық аптекаға, 1 жүн қабылдау орынына қорытынды берілді. Осы берілген қорытынды негізінде 17 мал сою алаңының есептік нөмерлерінің мерзімі ұзартылды және жаңадан ашылған 2 мал сою алаңына ,8 балық және балық өнімдерін өңдейтін, сақтайтын өндіріс орындарына, «Көкжыра» өндірістік кооперативінің жүн қабылдау орынына есептік нөмерлері берілді.
    Тарбағатай ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың есебінен 17 ауылдық округте 23 мал сою алаңдары салынып, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындау, жануарларды сою, сақтау дұрыс жолға қойылған. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігінің 2015 жылғы 18 қыркуйектегі № 7-1/832 бұйрығын «Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды ,жануарларды сою, сақтау, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс обьектілеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды» басшылыққа алып жұмыс жүргізілуде.
    Ветеринария бөлімінің мамандары арқылы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі сауда орындарында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарының бұзылуын болдырмау мақсатында күнделікті бақылау және қадағалау жүргізіледі. Ішкі сауда орындарында сатылған 277 ірі қара, 198 қой-ешкі, 14 жылқы еттерінің ветеринариялық ілеспе құжаттарына сәйкестігі тексерілді. Ветеринария саласындағы заң талаптарын бұзушылықтар болған жоқ.
    Аудан бойынша 2017 жылдың он айында 3706 дана № 1 нысанды ветеринариялық анықтама, 2775 дана № 2 нысанды ветеринариялық анықтама және 3 дана № 3 нысанды ветеринариялық анықтама толтырылған.
    Аудандық ветеринариялық инспекциясының, ветеринария бөлімінің, «Тарбағатай-Вет», «Ақсуат-Вет» мамандарының және ауыл тұрғындарының қатысуымен мал шаруашылығына қауіпті «Ірі қара, қой-ешкі, бруцеллез» ауруының алдын алу мақсатында Аудан әкімдігінде, Ақсуат және Ақжар өңірлерінде кеңейтілген жиналыстар өткізілген. 026 «Эпизоотияға қарсы шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 182,856 млн теңге қаржы толық игеріледі.
    Жоспар бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жоюға жергілікті бюджеттен 2 700 000 ( екі миллион жеті жүз мың) тенге қаржы бөлініп 1111 қағыбас ит, 76 мысық жойылды.
    Тарбағатай ауданының малдәрігерлік саласының қызметкерлері алдағы уақытта да жұқпалы ауруларды болдырмау, азайту мақсатында жұмыс атқаратын болады

     

    Парақтар өзгертілді: 25-01-2018