Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Ауыл шаруашылығы
  • Тарбағатай ауданының 2011-2015 жылдарға арналған ауыл шаруашылығын даму концепциясына түсініктеме

    Өсімдік шаруашылығы:

    Егін шаруашылығының дамуын тежейтін проблемалар баршылық:

    - ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптаудың экстенсивті технологиясы;
    - суармалы жерлерді пайдалану тиімділігінің төмендігі;
    - химияландыру деңгейінің төмендігі;
    - ғылыми негізделген агротехнология мен агротехникалық жұмыстардың қолайлы мерзімінің сақталмауы ауыл шаруашылығы дақылдары түсімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады;
    - қазіргі заманғы техникалармен жарақтандырылған қоймалардың болмауынан көкөніс пен картоптың дайындалуы мен өңделуі реттелмеген.

    Осы көрсетілген проблемаларды шешу үшін мемлекеттік қолдаудың формалары мен бағыттарын жетілдіре отырып, егіншілікті диверсификациялауды одан әрі ынталандыру керек.
    Аудан бойынша жалпы сурмалы егістіктің көлемі 28,8 мың га деп есептеледі. Оның нақты су баратын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге жарамды жері -16,1 мың га. Суғарылатын танаптарға су жеткізудің қиыншылығына байланысты дәнді астық, күнбағыс дақылдары небәрі 1,5 рет қана суарылады. Жер каналдарымен су жеткізудегі судың көп мөлшерде ысырап болуына байланысты 2-3 рет суаруға су жеткіліксіз. Суғаруға арналған судың жетіспеуінің басты себебі суғару жүйелерінің тозығы жетуі. Қандысу, Қарғыба, Базар, Тебіске суландыру жүйесіндегі ішкі шаруашылық каналдары толық істен шыққан. Істен шыққан лотоктардың жалпы саны 120 дана, олар қазіргі кезде өндірістен алынып тасталған. Жер каналдарымен су беру кезінде судың 50-60 пайызы жерге сіңіп, ысырап болуда. Сондықтан ішкі шаруашылық каналдарын жаңадан салу қажет. Оның сыртына Қандысу суландыру жүйесіндегі каналдарының жобадағы су беру су өткізгіштігі төмендеген. Бұл каналдарға күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, келесі жылдан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

    Жаңадан салынған Шерімбай су бөгеті 2010 жылы аяқталып іске қосылғанымен су беру жүйелерін қайта қарауды қажет етеді.
    Ауданның ауыл шаруашылығын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған концепциясына сәйкес 2015 жылға айдалатын егістік көлемі 16,1 мың га жеткізіледі немесе 51,1 пайызға дәнді дақылдардың өнімділігі 2 ц/га, картоп 7,0 ц/га көкөніс 20 ц/га, артады.

    Мал шаруашылығы

    Барлық санаттағы шаруашылықтарда 18,3 мың тонна ет, 56,5 мың тонна сүт, 2725 мың дана жұмыртқа және 538 тонна жүн өндірілді. 2009 жылмен салыстырғанда мал шаруашылығы өнімінің көлемі 2010 жылы ет 0,1%-ға, сүт 1,2,0%-ға, жұмыртқа 2,9%-ға, жүн 12,9,0%-ға өскен.
    Мал шаруашылығы негізінен ұсақ шаруашылықтардан тұрады. Мал басының негізгі бөлігі (93 %-ға дейін) тұрғындардың үйі жанындағы шаруашылықтарында және ұсақ шаруа қожалықтарында шоғырланған. Мал шаруашылығы өнімінің 90%-ын өндіретін үй шаруашылықтарына барлық жұмыс қолмен атқарылады.

    Қазіргі кезде малдардың асылдандыру және асыл тұқымды шаруашылықтар құру жұмыстары жүргізілуде. Ауданда асыл тұқымды байыс қойын өсіретін 1 шаруашылық, қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойын өсіретін 1 шаруашылық, биязы жүнді қой өсіретін 1 шаруашылық, қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырын өсіретін 2 шаруашылық, қазақтың асыл тұқымды «Жабы» тектес жылқысын өсіретін 1 шаруашылық асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алып жұмыс атқаруда. Алайда, асыл тұқымды мал басының өскеніне қарамай, жалпы мал санындағы асыл тұқымды малдарының үлесі өте төменгі деңгейде: ірі қара малы бойынша – 0,2%, қойда-7,0%.
    Сараптама көрсеткендей ауданның ауыл шаруашылығының негізгі саласы мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 95,4 %-ын мал шаруашылығы құрайды.

    Ауданда етті ірі қара, қой, жылқы шаруашылықтары ойдағыдай дамуда.
    2010 жылы мал шаруашылығы саласында экстенсивті жолмен дамуда, былайша айтқанда мал басының өсуі арқылы өнімді көбейтуде. Ауданда халықтың мал өнімділігіне қажеттілігі толық қамтамасыз етілген.

    Мал шаруашылығы өнімдерінің өсуіне саланы қаржылай қолдау шараларының қабылдануы, қосымша мал бордақылау алаңдарының және асыл тұқымды шаруашылықтардың құрылуы, қажетті ірі сабақты және құрама жемдердің дайындалуы әсер етті.
    Ауданда мал дәрігерлік бөлім құрылып, жұмыс істеуде. 17 ауылдық округтерге 17 мал дәрігерлік мамандары бекітілген. Сонымен бірге аудандағы ауыл шаруашылығы бөліміне қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тарбағатай вет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылған. Ауданда мал қораларын заласыздандыруға арналған 1 автоқондырғы, 2 мал дәрігерлік дәріхана жұмыс істеуде. Аудан инфекциялық және инвазиялық аурулардан таза. Биылғы жылы ірі қара, қой-ешкі малдарының бруцеллез ауруы бойынша 2 қолайсыз жағдай тіркелген. Жұқпалы ауруларға қарсы қаражат республикалық бюджеттен жыл сайын бөлінуде. Аудан көлемінде сарып ауруының алдын алу және жою үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып жұмыстар жүргізілуде.

    Агро азық-түлік бағдарламасын орындау мақсатында республикалық бюджеттен эпизоотиялық шараларға жылына 96,673 млн. теңгеден артық қаражат бөлінуде, бұл өз кезегінде эпизоотиялық ахуалды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
    Мал шаруашылығын қолдауға және дамытуға 2010 жылы республикалық бюджеттен 104,470 млн теңге субсидия төленді, қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні ауданда 32 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеуде. Оның ішінде 100 бас ірі қараны бордақылауға арналған жаңа типтегі бордақылау алаңы салынып іске қосылды.

    2015 жылдың соңына ірі қара малы 110 мың басқа, қой-ешкі 352 мың басқа, жылқы 21,8 мың басқа, құс 28,0 мың басқа жеткізу жоспарланған.
    Ауданда ұйымдастырылатын асыл тұқымды мал шаруашылықтары есебінен асыл тұқымды ірі қара малының үлесі 0,2 –ден 2 %-ға жеткізіледі. Мал шаруашылығындағы қабылданған шаралар бәсекеге қабілетті және экологиялық таза өнім өндіріп, өндірілетін ет көлемін (тірі салмақта) 20,0 мың тоннаға, оның ішінде мал бордақылау алаңында семірту арқылы сапалы 1300 тонна сиыр етін өндіруге, сүтті 58 мың тоннаға, жұмыртқаны 2,6
    млн. данаға және жүнді 550 тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.

     

    Бөлім бастығы Ә. Аханжанов

     

    Парақтар өзгертілді: 22-10-2014