Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өңдеу және іске асыру

    2015

    Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өңдеу және іске асыру
    Аудан бойынша 2015 жылдың 5 айына барлық шаруашылық нысандарында мүйізді ірі қара 129 924 бас, қой мен ешкі 474 030 бас, жылқы 26 893 бас, құс 26 847 мың басты құрады. 2014 жылдың осы уақытымен салыстырғанда қой 95,2 пайызға кеміді, жылқы 108,2 пайызға өсті. Ірі қара-102,4 пайызға өсті.
    2015 жылдың 5 айында 44 890 центнер ет, 193100 центнер сүт, 1342700 дана жұмыртқа, 5 229 центнер жүн өндірілді.
    Ауданда Бүгінгі күнге «Барқытбел-Несие» ЖШС арқылы «Сыбаға» бағдарламасымен 74 млн.790 мың теңгеге 11 жоба бекітіліп, қаржыландыруға жіберілді. Ал 28 млн. тенгенің 3 жобасының құжаттары жинақталуда. «Алтын-Асық» бағдарламасы бойынша 5 млн. теңгеге 1 жобаның құжаты жинақталуда. «Құлан» бағдарламасымен 17 млн. 210 мың теңгеге 2 жобаның құжаттары бекітіліп, қаржыландыруға жіберілді. 53 млн. теңгенің 2 жобасының құжаттары жинақталуда.
    Бұдан басқа аудан бойынша 2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша 30,0 млн. теңгенің несиесі бөлініп, 11 жеке тұлға сүт бағытындағы ірі қара малын сатып алуды жоспарлауда.

    Бүгінгі күнге аудан бойынша 19 мал сою алаңы жұмыс істеп тұр.

    2014

    Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өңдеу және іске асыру
    Аудан бойынша 01.01.2014 жылға барлық шаруашылық нысандарында мүйізді ірі қара 94 464 бас, қой мен ешкі 355 136 бас, жылқы 20 176 бас, құс 26 789 мың басты құрады. 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда қой 0,7 пайызға, жылқы 1,9 пайызға өсті. Ірі қара-0,6 пайызға өсті.
    2014 жылы 212 860,4 центнер ет, 683916 центнер сүт, 3482900 дана жұмыртқа өндірілді.
    Ет өндіру 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,5 пайызға көбейді.

    2014 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 20 млрд. 377,5 теңге. Нақты көлемі – 104,4 %.
    Ауданда 2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша барлығы 190 798 000 тенге несиеге, 1051 ірі қара малдары сатып алынды, оның ішінде аналық-998 бас, асыл тұқымды бұқа -53 бас. «Құлан» бағдарламасы бойынша 32 950 000 тенге несиеге 129 бас жылқы малы сатып алынды, оның ішінде 10 бас айғыр, 119 бас бие малы. «Алтын-Асық» бағдарламасымен 35 350 000 тенге несиеге 1406 бас қой малы сатып алынды, оның ішінде 36 бас асыл тұқымды қошқар, 1370 бас саулық.

    kn2 2013

     

    Парақтар өзгертілді: 03-07-2015