Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Аудан әкімі

  • Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы – Тарбағатай ауданының әкімі
    Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы - 1961 жылы 8 мамырда дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном және 2009 жылы Алматы экономикалық университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты,  «Құрмет» орденінің иегері.
    Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер ауданының Абай атындағы колхозында механизатор болып бастады. Әртүрлі жылдарда аталған ұжымшарда бас экономист, ұжымшар бригадирі, бас агроном, колхоз бастығы,  Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы бойынша салық бөлімінде аға салық инспекторы, "Ағжан-Мағжан" ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы, басқарма бастығының орынбасары, департамент директорының орынбасары, басқарма бастығының міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарды. Тарбағатай ауданының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан филиалының директоры, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты болып қызмет етті.
    2013 жылдың 28 маусымынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі болып тағайындалды.

    Аудан әкімінің блогы

    Қызметтік міндеттері:  
    Ауданға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.
    Мемлекеттік органдармен, ұйымдар және азаматтармен өзара қарым- қатынаста ауданның мүддесін білдіреді.
    Облыс әкіміне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен наградтау, оларға құрметті және өзге де атақтарды беру туралы ұсыныстар енгізеді.
    Аудандық мәслихатқа  «Ауданның Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс енгізеді.
    Мынадай лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады: жоғары тұрған мемлекеттік органдардың келісімі бойынша аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысы мен аудан әкімі аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын.
    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне және аудан әкімі аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының  заңңамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді.
    Аудандық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын енгізеді.
    Консультативтік-кеңесші органдардың ведомствоаралық сипаттағы мәселелері жөніндегі дербес құрамын аудандық мәслихатқа ұсынады. Келісім шарттарға қол қоюға, кен орындарын және мемлекеттік меншіктің өзге де нысандарын жекешелендіру, жалға беру, сату мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының  уәкілетті мемлекеттік органдарымен тең бақылауға қатысады.
    Аудан әкімдігінің, жергілікті  атқарушы органдардың қызметін басқару. Кадрларды  іріктеу,  дайындау,  тәрбиелеу және  орналастыру.
    Аудан экономикасын  және әлеуметтік  саласын дамыту  мәселелері  бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің  нормативтік  құқықтық  актілерін іс  жүзіне  асыру  жөніндегі   ұзақ  мерзімді және  ағымдағы  міндеттерді  шешу.
    Аудан бюджетін толықтыру, бюджет  қаржысын  бөлу және  мақсатты  пайдалануын қадағалауға басшылық жасау. Жалақы, қаржы айналымы мен несие, өндірістік, материалдық-техникалық күштерді, еңбек  ресурстарын ұзақ мерзімді жобалау, оларды  бөлу  және  тиімді  пайдалану  мәселелері.
    Төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
    Аудандық мәслихат, сот, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі  істер және қорғаныс істері, Қарулы Күштердің бөлімшелері мен әскери басқару құрама органдары, әділет басқармасы және қаржы полициясының аудандық   бөлімшелерімен   қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықпен  және  қылмыспен күрес, оның алдын-алу  мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 
    Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді.   
    Қазақстан Республикасының  заңңамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Мекен-жайы:  Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 071500 Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Төлегетай баба көшесі 1
    Қабылдау уақыты: Әр дүйсенбінің сағат 14-00- ден 18-00- ге дейін
    Байланыс телефоны: 8-723-46- 2-11-00
    факс: (8 72346) 2–18-47
    е-mail:  b.bekbaeva@akimvko.gov.kz
    Сенім телефоны: 8 (72346) 2-13-00

    Парақтар өзгертілді: 09-02-2017