ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ

Әкімнің ресми сайты
Аудан әкімі


Серікқазы Құсайынұлы Садвақасов- Тарбағатай ауданының әкімі

Серікқазы Құсайынұлы Садвақасов 26 мамыр  1961 жылы  Семей облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары. 1983 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша тәмәмдаған. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тың игерудің 50 жылдығы» мерекелік медалдарымен марапатталған. 
Әскери міндетті, запастағы аға лейтенант.

Серікқазы Құсайынұлы өзінің еңбек жолын 1984 жылы Үржар ауданының «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығының  Теспақан ветеринариялық учаскесінің меңгерушісі болып бастады.
1986 жылы Үржар ауданының «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығының  бас мал дәрігері, 
1992 -1994 ж. Үржар ауданының ауыл шаруашылық басқармасының бас мал дәрігері, 
1994-1996 ж. Үржар ауданының «Жанай» атындағы қосалқы шаруашылықтың басшысы, Үржар ауданының «Красный дозор» ұжымдық шаруашылығы төрағасы, 
1996-1997 ж. Үржар ауданының «Жаңа - тілек» ЖШС-нің бастығы,
1997-1999 ж. Үржар аудандық ветеринариялық станциясының бас мал дәрігері, 
1999-2001 ж. Үржар аудандық аумақтық басқармасы бастығының м.а.
2001-2011 ж. Үржар аудандық аумақтық басқармасының бастығы, ҚР АШМ Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы, 
2012- 2014 ж. ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы,
2014-2019 ж. Үржар ауданы әкімінің орынбасары.

2019 жылдың 15 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Аудан әкімінің блогы

Қызметтік міндеттері:  
Ауданға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдармен, ұйымдар және азаматтармен өзара қарым- қатынаста ауданның мүддесін білдіреді.
Облыс әкіміне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен наградтау, оларға құрметті және өзге де атақтарды беру туралы ұсыныстар енгізеді.
Аудандық мәслихатқа  «Ауданның Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс енгізеді.
Мынадай лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады: жоғары тұрған мемлекеттік органдардың келісімі бойынша аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысы мен аудан әкімі аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне және аудан әкімі аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының  заңңамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді.
Аудандық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын енгізеді.
Консультативтік-кеңесші органдардың ведомствоаралық сипаттағы мәселелері жөніндегі дербес құрамын аудандық мәслихатқа ұсынады. Келісім шарттарға қол қоюға, кен орындарын және мемлекеттік меншіктің өзге де нысандарын жекешелендіру, жалға беру, сату мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының  уәкілетті мемлекеттік органдарымен тең бақылауға қатысады.
Аудан әкімдігінің, жергілікті  атқарушы органдардың қызметін басқару. Кадрларды  іріктеу,  дайындау,  тәрбиелеу және  орналастыру.
Аудан экономикасын  және әлеуметтік  саласын дамыту  мәселелері  бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің  нормативтік  құқықтық  актілерін іс  жүзіне  асыру  жөніндегі   ұзақ  мерзімді және  ағымдағы  міндеттерді  шешу.
Аудан бюджетін толықтыру, бюджет  қаржысын  бөлу және  мақсатты  пайдалануын қадағалауға басшылық жасау. Жалақы, қаржы айналымы мен несие, өндірістік, материалдық-техникалық күштерді, еңбек  ресурстарын ұзақ мерзімді жобалау, оларды  бөлу  және  тиімді  пайдалану  мәселелері.
Төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Аудандық мәслихат, сот, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі  істер және қорғаныс істері, Қарулы Күштердің бөлімшелері мен әскери басқару құрама органдары, әділет басқармасы және қаржы полициясының аудандық   бөлімшелерімен   қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықпен  және  қылмыспен күрес, оның алдын-алу  мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 
Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді.   
Қазақстан Республикасының  заңңамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Мекен-жайы:  Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 071500 Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Төлегетай баба көшесі 1
Қабылдау уақыты: Әр дүйсенбінің сағат 14-00- ден 18-00- ге дейін
Байланыс телефоны: 8-723-46- 2-11-00
факс: (8 72346) 2–18-47
е-mail:  b.bekbaeva@akimvko.gov.kz
Сенім телефоны: 8 (72346) 2-13-00

Парақтар өзгертілді: 26-04-2019