Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Аудан әкімі
  • Аудан әкімінің баяндамалары

    Тарбағатай ауданының әкімі Д.Оразбаевтың
    тұрғындар алдындағы есепті баяндамасының тезистері

    2018 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты өсіммен сипатталады.
    Аудандық бюджеттің меншікті кірістер көлемі 851,0 млн.теңгеге орындалып, өсім -105,1% болды.
    Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2018 жылы 34,4 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 105% орындалды. Аудан бойынша орташа айлық жалақы 84150 мың теңгені құрап, 2017 жылдың деңгейіне қарағанда өсім 101,1% құрады.
    Ауданның мал шаруашылығы тұрақты дамып, мал басының сақталуы қамтамасыз етілді. Ірі қара 126 461 бас болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 110,0%, қой мен ешкі – 269 826 басты құрап, өсу қарқыны 100,0%, жылқы – 27679 бас болып – 106,2% , құс 27095 бас – 100,3 % орындалды.
    Өндірілген ет 237480 центнер - 104,2 %, сауылған сүт 116997 тонна - 109%, қырқылған жүн 63342 центнер - 102,0 % , жұмыртқа 4,0 млн дана болып, 102,5% өсумен орындалды.
    Аудан бойынша ИАС бағдарламасына 2018 жылы 610 шаруа қожалығы тіркеліп, 37 656 бас аналық ірі қара малдарына 1447 асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқасы қосылып тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізілді. Республикамыздың 160 ауданы бойынша ірі қара малдарына тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізуден Тарбағатай ауданы соңғы 5 жылдан бері 1 – ші орынды иеленіп келеді.
    Ауданымызда асыл тұқымды мал басын өсіретін 100 шаруашылықтың 11-і 2350 бас жылқы, 22-і 57318 бас қой, 67-сы 11123 бас ірі қара мал басын дамыту бағытында жұмыс жасауда. Облыс бойынша асыл тұқымды мал басын дамыту бойынша ауданымыз 1 орында.
    2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы негізінде аудан бойынша 200 өтінім түсіп, 1,415 млрд теңгенің несиесі алынып, оған 3562 бас ірі қара малдары сатылып алынды. «Сыбаға» бағдарламасымен Ресейден 1,4 млрд теңгеге 13 шаруа қожалығы жиыны 932 бас асыл тұқымды ірі қара малдарын әкелді. Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы Ресейден 4 шаруа қожалығы 715,3 млн теңгеге 242 бас асыл тұқымды ірі қара малын және өз елімізден 5 шаруа қожалығы 1748 бас қой малын сатып алды, «Агро Несие Корпорациясы» арқылы Ресейден 9 шаруа қожалығы 700,4 млн теңгеге 390 бас асыл тұқымды ірі қара малдарын және 7 шаруа қожалығы 5408 бас мүйізді ұсақ малдарын сатып алды. Облыс бойынша бөлінген 15 000 бас ұсақ малдың 13 000 басы Тарбағатай ауданының еншісінде, яғни облысқа бөлінген қаржының 35 %-ы аудан үлесінде болды. 2017 жылы 821,0 млн теңге несие алынса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 1,7 есеге өсті.
    2018 жылы ауданда ауылшаруашылығы техника паркін жаңалау мақсатында Лизинг бағдарламасымен және өз қаражаты есебінен барлығы 200,0 млн теңгеге 43 ауыл шаруашылығы техникалары алынса, оның ішінде 14 бірлік МТЗ Беларус маркалы тракторлар. Соңғы 5 жылда жиыны ауыл шаруашылығы саласы 744 ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы жабдықтарымен толықты.
    Тарбағатай ауданы бойынша 2013 жылы 25 бордақы алаңы болса, 2018 жылдың қорытындысымен бордақы алаңдарының саны 810 – ға (оның 647–сі ірі қара бордақылайтын, 108 алаң қой бордақылайтын, 55-ы жылқы малдарын бордақылайтын алаң) жетіп, 10000 бас ірі қара малы, 3516 бас мүйізді ұсақ мал, 390 бас жылқы шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың мал бордақылау алаңдарында бордақылануда.
    2018 жылы «Ықыбай» шаруа қожалығы 4000 бастық мал бордақылау алаңын салды. 2019 жылы «Бастау» ШҚ мен «Сарман – 8» АӨК 3000 бастық, «Аспан-Ш» АӨК 2000 бастық мал бордақылау алаңдарын іске қосады деп жоспарлауда.
    Өткен 2017 жылы мал шаруашылығы бойынша барлық субсидия көлемі 1 млрд.156 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2018 жылы 115,7 пайызға өсті. Оның ішінде асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу бойынша 383,8 млн.тг, ірі қара малдарын тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізгені үшін 757,1 млн.тг, қой малдарына тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізгені үшін 154,7 млн.тг,асыл тұқымды қой малдарын сатып алу бойынша 37,3 млн.тг,асыл тұқымды жылқы малын сатып алу бойынша 5,9 млн.тг құрады. Ақжар ауылында «Қоныс» шаруа қожалығының базасында ашылған сүт цехы 56,5 тонна сүт қабылдап, дайындалған сүт, айран, май, ірімшік өнімдері аудан мектептері мен балабақшаларға және аудан тұрғындарына өткізілді. Жалпы мал шаруашылығы бойынша 1214 жұмыс орындары ашылды.
    «Мал жайылымдарын суландыру» бағдарламасы негізінде аудандағы 180 шаруа қожалықтары 212 күн сәулесін алды.
    Ауылдық округтерде құдық қаздыру жұмыстары бойынша 88 шаруашылық және 5 жеке тұлға жиыны 93 құдық қаздырып, өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге (42 құдық) өсті. Соңғы 5 жылда 197 құдық қазылды.
    2018 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласына барлық тартылған қаржы 3,0 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда (2,0 млрд теңге) 1,5есеге өсті.

    Дала шаруашылығы
    2018 жылдың көктемгі егіс жұмыстарында аудан бойынша 12736,6 гектар суармалы егістік жер игерілді.
    Оның ішінде дәнді дақылдар 2015 гектар, майлы дақылдар 212 гектар, картоп 787 гектар, көкөніс 354,5 гектар, бақшалық 339 гектар, көп жылдық шөптер 8061,1 гектарды құрады. Күзгі егін жинау жұмыстарының қорытындысында аудан бойынша 2015 гектар дәнді-дақылдар алқабының егістігі орылды. Оның ішінде 1206 га бидай егістігі орылып, 2685 тонна астық, 742 га арпа егістігі орылып, 1486,2 тонна, 7 га сұлы егістіген 14,7 тонна, 60 га тары егістігінен 120 тонна, 787 га картоптан 17376 тонна, 354,5 га көкөністен 8416 тонна, 200 гектар күнбағыс алқабынан 216 тонна, 339 га бақшалық дақылдардан ( қауын, қарбыз) 13560 тонна өнім жиналып алынды. Алынған өнімдер ауданның базарлары мен дүкендерінде, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі күндерінде аудан халқына және Астана, Өскемен, Семей қалаларының базарларында қала тұрғындарына тиімді бағада саудаланды.
    2018 жылы өсімдік шаруашылығынан 89,0 млн. теңгенің субсидиясы алынды.
    Алдағы жылдары жем – шөп базасын түбегейлі шешу мақсатында 3 (Орта Ласты, Қарғыба, Құсты өзендерінен) су қоймасы салынады. Аталған су қоймаларында 43 млн м3 су жиналады деп жоспарлануда.
    Аудан бойынша 2018-2019 жылдардың қыстамасына 200 мың тонна қатаң мал азығы (табиғи шөп,жоңышқа) дайындалды.
    Инвестициялық салынымдар кезінде шыққан шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша 27 шаруашылық 33,8 млн. теңге субсидияланды. Жалпы аудан бойынша 16 шағын жылыжай жұмыс істеп тұр.
    Кәсіпкерлік саласы. Аудан бойынша 3161 жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде: 88 заңды тұлғалар, 874 жеке кәсіпкерлер, 2199 шаруа қожалықтар. Жалпы жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,0 % - ға артты.
    Ауданда 367 сауда дүкені, 56 қоғамдық тамақтандыру орындары (асхана, дәмхана, мейрамхана), 82 қызмет көрсету орындары, 10 қонақ үй, 3 сауда базарлары,18 жанар- жағар май құю стансалары, 16 дәріхана, 34 шағын наубайхана халыққа қызмет көрсетсе, оның ішінде 2018 жылы жаңадан 10 сауда дүкендері, 2 қоғамдық тамақтандыру орындары, 1 қонақ үй, 1 шағын наубайхана, 3 басқа да қызмет көрсету орындары іске қосылды. Жалпы кәсіпкерлік саласы бойынша 81 жұмыс орындары ашылды.
    Ауданның атқарушы органдары мен азық-түлік саудалайтын сауда дүкендері иегерлері арасында сауда қосымшасын 10 пайыздан асырмау туралы 215 екі жақты меморандумдар жасалды. Сондай – ақ, жыл бойына Ақсуат, Ақжар және Тұғыл ауылдарында ауданның барлық тауар өңдірушілерінің қатысуымен жиыны 28 мәрте жәрмеңке өткізіліп, 246,4 млн. теңгенің жергілікті жерде өндірілген өнімдері халыққа қол жетімді бағада саудаланды.
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы №590 «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» Жарлығы негізінде Тарбағатай ауданында шағын және орта бизнесті дамыту және бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингілік көрсеткіштер индикаторларының тиімді орындалуы мақсатында арнайы бағдарлама жасалып, облыс көлемінде ай сайын орындалу қорытындысы бойынша аудан облыстың қалалары мен аудандары арасында алдыңғы үштікке еніп отыр.
    Ауданда 2018 жылдың желтоқсан-2019 жылдың сәуір айлары аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, оның ішінде: картоп және көкөніс өнімдерінің бағаларын тұрақты ұстап, нарық бағасынан төмен бағада саудалау туралы картоп және көкөніс өнімдерін еккен 13 шаруа қожалық төрағаларымен аудан әкімі арасында 306,0 тонна картоп өнімін қоймада сақтап, халыққа қол жетімді бағада саудалау үшін екі жақты меморандумға отыру жұмыстары жүргізіліп, уақытша тұрақтандыру қоры құрылды.
    «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 2 жоба даярланып, несие алуға және несиенің субсидиялануына қол жеткізілді.
    Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету мақсатында жеңілдетілген «Ақ-Ниет» аймақтық қаржыландыру бағдарламасы бойынша құны 21,454 млн теңгенің бизнес-жоспары«Халық Банк» тарапынан қолдау тауып жоба мақұлданды.
    Жетіспейтін инженерлік-инфрақұрылымдарды дамыту бойынша электр желісін тарту үшін ауданның 11 шаруа қожалықтарының өтініштері, қажетті құжаттары жинақталып, үдемелі Индустриялық дамыту жөніндегі облыстық Координациялық Кеңестің мәжілісінде жоба мақұлданды.
    Экономиканың нақты секторында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 6411,0 млн.тенге болып, былтырғы жылмен салыстырғанда 115,0 % артты. Оның ішінде жеке меншік қаражат есебінен тартылған инвестиция көлемі 3968,4 млн.теңге болып немесе 151,2 % өсіммен орындалды. Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 7277,0 млн.теңге болып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 121,0 %, есепті кезең ішінде 2920,0 млн.теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өсу пайызы 102,0 % болды.
    Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылға қарағанда 1,5 есеге артық орындалды. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 8300 ш. метрді құрап, өсу қарқыны 106,7%. 2018 жылы 315 жер таңдау актісі берілді, «Мекен жай тіркелімі» ақпараттық жүйесі бойынша 185 нысанға мекен – жай беру және сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп, жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі бойынша 10 қызмет көрсетілді.
    Аудан бойынша жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары желісінің ұзындығы 986,2 шақырымды оның ішінде: республикалық маңызы бар – 266 шқ (26,97%), облыстық маңызы бар – 211 шқ (21,4%), аудандық маңызы бар – 509,2 шқ (51,3%) құрайды.
    Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қыстық және жаздық күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Атап айтқанда Ақсуат ауылының 3 көшесінің жиыны 1,0 шқ жаяу жүргіншілер жолына асфальт бетон төселіп, қалпына келтірілді. Сонымен қатар, Ақсуат ауылішілік 6 көшесінің асфальт жамылғылары қалпына келтірілсе, Қабанбай ауылының орталық көшесінің 1,0 шақырымына қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
    Аудандық маңызы бар «Қабанбай ауылына кіреберіс -5 шқ» автомобиль жолының 3,5 шақырымының бүлінген телімдерін, шұңқырларын, «Құйған ауылына кіреберіс -13 шқ» автомобиль жолының асфальттарын, «Жетіарал ауылына кіреберіс -10 шқ» автомобиль жолының асфальттарын қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.
    ««Зайсан » құрылыс компаниясы» ЖШС – і арқылы республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Боғас» автомобиль жолының Егіндібұлақ елді мекені мен Қубас учаскесі арасындағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
    Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Қарғыба ауылының 4 көшесіне, Екпін ауылының 4 көшесіне құм-қиыршық тас төселіп, ауылішілік жолдары қалпына келтірілсе, осы бағдарлама негізінде жеке кәсіпкер Д. Тастекеевтің демеушілігімен Екпін ауылының 1 көшесіне 0,4 шақырым жолға асфальт төселді.
    Абаттандыру, сәулеттендіру, көгалдандыру, жарықтандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына аудан бюджетінен 9 жобаға 16 660,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. 555 100 дана әртүрлі гүлдер отырғызылды, оның ішінде жергілікті жылыжайлардан 107 900 петуния, 107 900 барқыт гүлдері жеткізіліп, Ақсуат, Ақжар ауылдық округтеріне таратылды және мекеме, бөлімдердің аумақтарына, орталық алаңдарға жиыны 215 800 түп гүл отырғызылды.
    Сондай – ақ, 22 сәуірдегі «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу» күніне орай аудан бойынша 19 000 түп жасыл екпелер егілді.
    01.01.2018 жылғы мониторинг қортындысы бойынша аудандағы 60 елді мекеннің 35-і, яғни аудан халқының 80% немесе елді мекендердің 58,3 % таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
    Тұғыл, Үштөбе ауылдарындағы су құбыры желілерінің, Сарыөлең, Серіктес, Шорға, Шеңгелді, Асусай ауылдарындағы ұңғыма үстіндегі павильондар құрылыстарының жұмысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Сондай – ақ, Қызыл кесік, Маңырақ ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту, Ақжар ауылына кәріз жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде.
    Байтоғас, Құмкөл, Екпін, Қызыл кесік, Маңырақ, Сарыөлең, Сәтпаев, Егіндібұлақ, Қазақстан, Жаңғызтал ауылдары таза ауыз сумен қаматасыз етілетін болады.
    Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша аудандағы 60 ауылдық елді мекеннің 39-ы немесе 65 % жолаушылар тасымалымен қамтылған. Сондай – ақ, ауданішілік жолаушыларды тасымалдайтын 8 маршрут, оның ішінде 2018 жылы «Көктүбек-Сәтбаев-Ақсуат» бағыттарында 1 маршрут ұйымдастырылып, халыққа қызмет көрсете бастады.
    Ауыл шарушылығы жер учаскелерін түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 2018 жылы 58 шаруашылық құрылым иелерінің жалпы ауданы 24111 га, оның ішінде 425 га егістік жер, 359 га шабындық жер, 23327га жайылымдық жер телімдерімен келісім шартты мерзімінен бұрын бір жақты бұзу арқылы мемлекетке қайтарылып алынды. Қайтыс болған 55 шаруа қожалықтары жетекшілері иелігіндегі 12159,2 гектар жер телімі аудандық әділет басқармасына иесіз мүлік ретінде тіркеуге қойылды. 31880,2 гектар жер телімдері облыстық жер инспекциясына құжаттары жолданды. Қосымша жер телімдерін мақсатты пайдаланбай отырған 218 шаруа қожалықтары анықталып, жалпы ауданы 39292,0 гектарды құрады.
    Білім беру саласы. Аудан мектептерінде( 36- орта, 4-негізгі, 10-бастауыш мектеп) 8148 окушы оқиды. Оның ішінде қосымша білім беру ұйымдарына 2533 бала білім алуда. Білім беру саласында 1446 педагог қызметкерлер жұмыс атқаруда. Олардың жоғарғы және бірінші санаты бар мұғалімдердің үлесі 60,1 пайызды құрайды. 2017 – 2018 оқу жылында «Білім беру мазмұнын жаңарту» аясында 408 педагог (мектеп директорлары, орынбасарлары, жалпы пәндер бойынша мұғалімдер) біліктілікті арттыру курсынан өтті.
    Аудандағы 28 (оның ішінде мемлекеттік –жекеменшік әріптестік аясында ашылғаны – 12, мемлекеттік балабақша -16) балабақша мен мектеп жанындағы 36 шағын орталықтарда мектеп жасына дейінгі 2770 бала мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамтамасыз етілген. Шағын орталықтардағы 55 топтың 10-сы қысқа мерзімді, 45 топ толықкүнді мерзімде жұмыс жасауда.
    Аудандағы 50 жалпы білім беретін мектептің 17-сі толық комплектілі (34%), 33-і шағын жинақталған (66% ) мектептер. 17 толық комплекті мектептердің 10-ы кең жолақты интернетке қосылса, толық комплектілі мектептер робототехника және химия – 4, биология – 3, физика – 3 кабинеттерімен қамтамасыз етілді.
    2017 жылы ақылы ағылшын тілі Ақсуат, Ақжар, Тұғыл ауылдарында ғана ұйымдастырылған болса, 2018 жылы Қабанбай, Тәуке, Қарасу, Асусай, Жетіарал, Маңырақ, Құмкөл, Ойшілік, Қызыл кесік, Жәнтікей ауылдарында оқытыла бастады. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Жаңаауыл, Жаңалық, Көкжыра ауылдарында ағылшын тілін оқыту курстары ашылатын болады.
    Аз қамтылған отбасының 956 баласын тегін ыстық тамақпен қаматамасыз етуге 29 млн. теңге бөлінді.
    2017-2018 оқу жылында мектеп бітірген 483 оқушының 410-сі ҰБТ – ге қатысып, қатысу көрсеткіші 84,9% құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда 9,9 пайызға жоғары орындалды. Аудан бойынша орта балл 82 болды. «Алтын белгі» белгісіне ұсынылған 57 оқушы өз білімдерін толық қорғап шықты.
    Денсаулық сақтау саласы. Ауданда емханалық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен 11880 емделуші қамтамасыз етіліп, 36184 мыңнан астам адам немесе 89 пайызы ұлттық скрининг бағдарламасымен тексеруден өткізілген.
    Аудандық орталық және ауданаралық аурухана мамандары жыл ішінде 40 адамға жоғары мамандырылған кардиохирургия, ортопедия сияқты медициналық көмек көрсетті.
    Жыл ішінде ауданаралық ауруханаға 9, Тұғыл дәрігерлік емханасына 1 фельдшер, Тәуке, Ахметбұлақ ауылдарының медициналық пукттеріне 2 жас маман келіп, жұмыс атқаруда. Ауданда халықтың өмір сүру жасы 72,3 жасқа дейін артып, туған бала саны 760 – ты құрап, өсу қарқыны 100,9 % артты.
    Туберкулезбен ауырып тіркелгендердің саны 6 адамды құрап былтырғы жылмен салыстырғанда 20% азайған. Туберкулезден өлім тіркелген жоқ. Қатерлі ісік ауруымен өлім-жітім 2017 жылы 26 болса,биыл 13 тіркелген.
    Цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Дамумед» мобильді қосымшасы енгізіліп, аудан жұртшылығы емханаға бармай-ақ, медициналық қызмет түрлерін алудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізіп отыр. Аудан емханаларына 242 – компьютер, 60 – құрамды қызмет жасайтын техника әкелінді.
    Халықты жұмыспен қамту саласында 2018 жылы белсенді халықтың ішіндегі жұмыссыздардың үлесі 0,7% құрады. Жыл ішінде 1520 адам тұрақты және уақытша жұмыстарға орналасып, 782 жаңадан жұмыс орындары ашылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,2%құрады.
    Ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты бойынша республикалық және облыстық бюджеттен 36 млн. 591 мың теңге қаржы бөлініп, «Тарбағатай колледжі» КММ-сі, «Ақсуат автомектебі» ЖШС және «Тарбағатай кәсіби техникалық оқу орталығы» ЖШС арқылы 7 мамандық түріне (слесарь-сантехник – 17 адам, аспаз – 28 адам, В,С және В категориялы көлік жүргізуші – 25 адам, электргазбендәнекерлеуші – 10 адам, краншы – 10 адам, оператор ЭВМ – 11 адам) 141 адам оқытылып, оның 86 адамы тұрақты уақытша жұмыстарға орналасты.
    Екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 233 адам оқытылып, оның 71-і мал шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 198 млн 290 мың теңгенің несиесін алды.
    Сонымен қатар, «Бастау-Бизнес» жобасы және бағдарламаның І-бағыты бойынша оқу курсын аяқтаған 14 жұмыссыз азаматтарға жаңа бизнес идеясын іске асыру мақсатында 240,5 мың теңгеден жиыны: 3 млн 367 мың теңге қайтарымсыз қаржы берілді.
    Бағдарламаның 3 бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын құруға республикалық және жергілікті бюджеттен 7 млн 250 мың теңге бөлініп, 30 адам жұмысқа жіберілді, 51 жас маман жастар іс- тәжірибесінен өтуге жолданып, оның 11- і тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілсе, 210 адам жолдама арқылы 3 ай мерзімге қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Оларға жергілікті бюджет есебінен 32,3 млн. тенге қаржы жұмсалды.
    Жыл көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар 5116 адам, тұрғын үй көмегін алушылардың саны 81 адамды құрады. Аудан тұрғындарының 10 мыңнан астамы әлеуметтік қолдаудың әр түрімен қамтылды.
    Мүгедектердің оңалту бағдарламасы бойынша 2 адам жеке көмекшілердің көмегін алса, 60 адам гигиеналық құралдармен, 24 адам сурдо-тифло техникалық құралдармен және 20 адам жүрмелі арбалармен, 15 адам протез-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді. 438 адамға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Шипажайлық-курорттық емдеумен 200 мүгедектер мен ардагерлер қамтылды. Ақсуат, Ақжар ауылдарындағы жұмыс жасап тұрғанпсихоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған жартылай стационарлық оңалту әлеуметтік -медициналық орталықтарында 34 бала өз – өзіне қызмет көрсетуге бейімделуде.
    Ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, ветеринария салалары бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 45 жас маманға 7 млн.576 мың теңге көтерме жәрдемақы, 29 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 101млн. 010 мың теңгенің бюджеттік несиесі берілді.
    2019 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде 50 жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.
    Аудан бойынша мәдениет саласында жергілікті тұрғындарға мәдени-ақпараттық қызмет көрсетуде 22 мәдениет үйі мен клуб, 25 кітапхана жұмыс жасайды. Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2018 жылы 219 млн 800 мың теңге бөлінді. Кітаптар мен мерзімді басылымдар алынды.
    Мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттау жұмысы «Тарбағатай» газеті арқылы жүзеге асырылып, «Қазақстан» Ұлттық арнасынан 7 арнайы сюжет берілсе, «Хабар 24» арнасы арқылы 15 сюжет көрсетілді. «Қазақстан – Өскемен» облыстық телеарнасына жергілікті бюджеттен 1 млн 500 мың теңге қаржы бөлініп, жаңалықтар арқылы 18 сюжет көрсетілді. Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған», «1 СТУДИЯ» бағдарламалары арқылы 6 арнайы материалдар шығарылды.
    «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық ақындар айтысы өткізілді.
    Қазақ халқының тарихы мен өнеріндегі бірегей рухани-мәдени құндылық болып табылатын этнографиялық дәстүрлі музыкалық аспаптарын қолдану арқылы ұлтымыздың музыкалық жәдігерлерін насихаттау мақсатында Ақсуат мәдениет үйінің жанынан құрылған «Бабалар сазы» этно тобы 2018 жылы Иран Республикасы Тегеран қаласында өткен Наурыз фестиваліне Қазақстан Республикасынан атынан қатысып, концерт беріп қайтты.
    Облыс әкімі Д. Ахметовтің бастамасымен «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Ырғызбай Досханаұлы кесенесіне электр желісі тартылып, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
    Жалпы аудан бойынша 1854 - мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оған 359 мың көрермемен қамтылса, кітапханаларға 19525 оқырман қамтылып, 42874 кітап берілді. Кітап қоры 285978 дананы құрайды.
    Дүниежүзілік Қазақ күресі Федерациясының күнтізбелік жоспарына еніп, соңғы 5 жылда халықаралық деңгейге көтерілген Ы.Досханаұлы атындағы қазақ күресінен турнир 2018 жылы Әлем Кубогі деңгейінде өткізіліп, 22 мемлекеттен спортшылар қатысты.
    Сонымен қатар, 2018 жылы Б. Сайханов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің терезесін және еденін ауыстыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 6,0 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
    Аудан құрама командасы 2011-2018 жылдары аралығында өткізілген облыс әкімінің жүлдесі үшін халықтық спорт ойындарында жеті жыл қатарынан жалпы командалық есеп бойынша топ жарып І-орынға ие болды.
    Сондай – ақ, аудан спортшылары жыл көлемінде өткен облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, нәтижесінде –57 облыс чемпионы, 11 республика чемпионы, 3 Азия біріншілігінің жүлдегері, 2 Әлем біріншілігінің жүлдегері, 3 әлем чемпиондары дайындалды.
    2019 жылы Ақжар ауылында Халықаралық «Тарбағатай жұлдыздары» фестивалін, халықаралық ақындар айтысын, Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның қолдауымен кәсіпқой бокстан турнир өткізу жоспарлануда.
    Қылмыстың алдын алу және жедел жағдайларды тұрақтандыру жұмыстары бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауда жүйелі түрде рейттер ұйымдастырылып, жергілікті полиция қызметкерлерінің кешенді күштері жұмылдырылған. Жыл ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2819 хаттама толтырылды.
    Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдердің саны өткен жылмен салыстырғанда төмендеп отыр.
    Табиғатты қорғау полиция тобымен балық аулау ережесін, аң аулау қағидасын бұзу бойынша 109 хаттама толтырылып, тиісті көлемде айыппұлдар салынды.

     

    МҰРАҒАТ

    Тарбағатай ауданының әкімі Д.Оразбаевтың тұрғындармен есепті кездесу жиынында жасаған баяндамасының тезисі 2016ж
    Тарбағатай ауданының әкімі Д.Оразбаевтың тұрғындармен есепті кездесу жиынында жасаған баяндамасының тезисі 2015ж
    Тарбағатай ауданының әкімі Д.Оразбаевтың тұрғындармен есепті кездесу жиынында жасаған баяндамасының тезисі 2014ж
    Тарбағатай ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен 2013 жылғы есепті кездесу жиынындағы баяндамасы

     

    Парақтар өзгертілді: 26-12-2018