Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Аудан әкімі
  • Аудан басшылары

    Әубәкіров Алдияр Ақылбекұлы

    Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарабас ауылыныда 1949 жылғы 20 қаңтарда дүниеге келген, ұлты қазақ. Еңбек жолын 1966 жылы Ұлан ауданының Ұлан бидай совхозының құрылыс бригадасында балташы болып бастаған. 1969 жылда «Ұлан» совхозы есебінен Ақжар АКТУ – не оқуға жіберілген. 1970 жылы оқуын аяқтап, «Ұлан» совхозының №1 фермасына ветфельдшер лауазымына жіберілді. 1971 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылғандықтан жұмысынан босатылды. Әскери қызметін Мурманск қаласында өтті. 1973 жылы әскерден оралғаннан кейін «Ұлан» совхозы штатына трактроист болып алынды. 1974 жылы сол совхоздың бригадир лауазымына ауыстырылды. 1977 жылы Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық Академиясына түскендіктен өз еркімен жұмысынан босатылды. 1982 жылы оқу орынын бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Киров атындағы колхозына зоотехник-селекционер лауазымында қызмет атқарды, әрі қарай Серебрянск ауданы «Кировский» совхозының бас зоотехник лауазымына ауыстырылды. Аталған лауазымда 1987 жылға дейін жұмыс істеді. 1987 жылдың мамыр айында «Перворосийский» совхозының партиялық комитетінің хатшысы болып сайланып, мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1989 жылы кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 1989 жылдың желтоқсан айында Серебрянск қаласының қалалық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары міндеттерін атқарушы болып ауыстырылды. 1990 жылы Серебрянск қаласының қалалық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары лауазымына бекітілді. 1992 жылы Серебрянск қаласының басшысы орынбасары лауазымына ауыстырылды. 1993 жылы Ұлан ауданының басшысы болып тағайындалды. 1995 жылы әкімдер институты ұйымдастырылғаннан кейін Ұлан ауданының әкімі болып тағайындалды. 2001 жылдың ақпаны – 2008 жылдың қыркүйегі аралығында Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарды. 2008 – 2009 жылдары бір жылдан аса Тарбағатай ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді.

     

    Парақтар өзгертілді: 22-10-2014