Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Аудан әкімі
  • Аудан басшылары

    Текешов Ерлан Хасенұлы 1964 жылы 2 маусымда ШҚО Тарбағатай ауданы Акжар ауылында туған. Ұлты қазақ.

    В.И. Ленин атындағы Казақ политехникалық институтының «Гидрогеология және инженерлік геология» факультетін тәмәмдаған (1993), тау инженер-гидрогеологы; С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік университеті заң факультеті (2003), заңгер; Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (2008), қаржыгер.

    1982 жылдан бастап – ШҚО Тарбағатай ауданының «Сельхозхимия» өндірістік одағында әр түрлі жұмыс атқарушы болып жұмыс істеген. 1983 жылдан бастап Совет армиясы әскер қатарында. 1985 жылдан ШҚО (Ақжар ауылы) Тарбағатай аудандық атқарушы комитетінің аппаратында – сантехник. 1986 жылдан бастап – Шығыс Қазақстандық шахмат-дойбы клубының Ақжар ауылындағы филиалының нұсқаушысы. 1988 жылдан бастап ШҚО Глубокий ауданының Ертіс жанындағы геологиялық барлау қыр экспедициясының техник-геологы. 1991 жылдан бастап ШҚО Глубокий ауданының Ертіс жанындағы геологиялық барлау экспедициясының геохимия жасағының 1 санаттық геологы. 1992 жылдан бастап ШҚО Глубокий ауданының Белоусовка кентінің геолого-өнеркәсіптік кәсіпорынының геологы. 1993 жылдан бастап ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының геологиялық барлау кәсіпорынында геолог, Алтын рудалық геологиялық барлау кәсіпорынында геолог. 1996 жылдан бастап ШҚО Сауда және қызмет департаментінде штаттан тыс инспектор. 1999 жылғы тамыз айынан бастап Өскемен, Лениногорск қалаларының жабық базарларындағы тауарларды сату құқығы жиынтығын ұйымдастыру жөніндегі филиалының директоры. 1999 жылдың қазанынан ШҚО Сауда және қызмет департаментінің «Даулет» КМК директоры. 2002 жылдан бастап ШҚО әкімі аппаратының «Даулет» КМК директорының орынбасары. 2007 жылдан ШҚО әкімі аппаратының «Істер басқармасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас директорының м.а., кейіннен бас директоры. 2008 жылдың қараша айынан бастап ШҚО Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің инвестиция және әлеуметтік сала бойынша секторының бас маманың м.а., кейіннен бас маманы, ШҚО Өскемен қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы. 2009 жылдың сәуірінен бастап ШҚО Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің бастығы. 2009 жылдың қазан айынан 2010 жылғы тамыз айына дейін ШҚО Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары.
    2010 жылдың тамыз айынан бастап ШҚО құрылыс басқармасының бастығы.
    2011 -2013 жылдар аралығында Тарбағатай ауданының әкімі қызметін атқарады.

     

    Парақтар өзгертілді: 22-10-2014