Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Аудан әкімі
  • Аудан басшылары

    Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы- 2013-2019 жылдар аралығында Тарбағатай ауданының әкімі

    Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы - 1961 жылы 8 мамырда дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном және Алматы экономикалық университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты,  «Құрмет» орденінің иегері.
    Еңбек жолын колхозда механизатор болып бастады. Әртүрлі жылдарда колхозда бас агроном, колхоз бастығы,  Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы бойынша салық комитетінде әр түрлі қызметтер атқарды. Бизнес саласында  басшылық қызметте болды. Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма бастығының орынбасары, департамент директорының орынбасары, басқарма бастығы жұмыстарында еңбек етті.
    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарды. Тарбағатай ауданының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан филиалының директоры, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты болып қызмет етті.

    2013-2019 жылдар аралығында Тарбағатай ауданының әкімі қызметін атқарады.

    Парақтар өзгертілді: 27-05-2019