Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Әкім аппараты
  • Аудан әкімінің орынбасарлары

    Смаилов Асхат Сайдахметұлы.
    Смаилов Асхат Сайдахметұлы 1968 жылы 1 наурызында Семей облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл-Кесік ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
    1985 жыл С.М.Киров атындағы орта мектебін бітірген. 1985 жыл Қарағанды мемлекеттік университетін оқуға түскен. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
    1986 - 1988 жылдар аралығында әскер қатарында қызметте болған.
    1991 - 1994 жылдар аралығында Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістердің түсуіне болжау және экономикалық талдау бөлімінің аға экономисті қызметтерінде жұмыс атқарған. 1994 - 1996 жылдар аралығында Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістердің түсуіне болжау және экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде жұмыс атқарған.
    1996 - 1997 жылдар аралығында Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде жұмыс атқарған. 1997 - 2002 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық қаржы бөлімі бастығының орынбасары қызметтерінде жұмыс атқарған. 2002 - 2005 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің бастығы қызметтерінде жұмыс атқарған. 2005 жылы аралығында Тарбағатай аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы қызметтерінде жұмыс атқарған.
    2005 - 2007 жылдар аралығында Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерінде жұмыс атқарған. 2007  жылы аралығында Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің бастығы қызметтерінде жұмыс атқарған. 2007 - 2009 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы қызметтерінде жұмыс атқарған.
    2009 жылы Көкжыра ауылдық округінің әкімі болып жұмыс атқарған.2009 жылдың желтоқсан айынан 2010 жылдың қазан айына дейін Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.
    2010 жылдың қазан айынан бастап Тарбағатай аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Функциялық міндеттері:

    Аудан әкімі болмаған кезде оның міндетін атқарады.
    Мемлекеттік және жергілікті маңызы бар жолдарды пайдалануды және күтіп ұстауды ұйымдастыру, жол салу жөніндегі жобалық құжаттарды әзірлеу жұмыстарына, жолға бөлінген қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуына басшылық жасау.
    «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы негізінде жұмыстар ұйымдастыру. Күрделі құрылыстың жобалық құжаттарының дайындалуы және бас жоспарларға сәйкес елді мекендерді  сәулеттендіру, көгалдандыру мәселелері.
    Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық төтенше жағдайлар, аудандық экономика және қаржы бөлімдерінің, аудандық кірістер, қазынашылық, статистика басқармаларының және екінші деңгейлі банктердің жұмыстарын үйлестіру.
    Төтенше жағдайларға байланысты жұмылдыру жұмыстарына басшылық. Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік негіздегі төтенше жағдайлар туралы» Заңы негізінде жұмыстар ұйымдастыру. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын-алу және жоюды ұйымдастыру.
    Аудан тұрғындарын және бюджеттік мекемелерді қыс маусымына қажетті отынмен қамтамасыз ету. Бюджеттік мекемелердегі электр, жанар-жағар майдың, отынның лимитінің сақталуына, қаржысының уақытында төленуіне басшылық жасау.
    Аудандағы құрылыстың (республикалық, облыстық, жергілікті) қаржысының уақытында бөлінуін қадағалау. Тұрғын үй саясатын іске асыру, коммуналдық шаруашылық жүйелеріндегі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен электр жүйесіне байланысты мекемелердің жұмысына басшылық жасау.  
    Мәдени-әлеуметтік нысандардағы күрделі және ағымдағы жөндеу мәселелері.
    «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру және санитарлық тазалыққа басшылық жасау. Елді мекендердің  су  құбырлары және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылымын басқару.
    Қоршаған ортаны қорғау, экология мәселелері.
    Табиғи монополия мен бәсекелестікті қорғау мәселелерін қадағалау. Жылжымайтын мүлік орталығының мәселелері.
    Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орта мерзімдік жоспарларының орындалуын ұйымдастыру. Бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету. Нарықтық құрылымдардағы экономикалық байланыстарды үйлестіру. Инвестициялар тарту, ауданның сыртқы экономикалық мәселелерін үйлестіру, кәсіпорындардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі мен қаржылық мәселелеріне талдау жасау. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы негізінде аудан бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерімен шұғылданады. Бюджеттік мекемелердегі тендерлік комиссиялардың жұмысында заңдылықтың сақталуына басшылық жасау. Облыс аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауға арналған рейтингілік жүйедегі экономикалық көрсеткіштердің сапалы әзірленуіне басшылық ету. Экономиканы дамыту, ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуын рейтингілік жүйемен бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына басшылық жасау. Экономикалық кеңестің қызметін және бюджет берешектерін төмендету жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыстарын басқару.
    Оның құзырына кіретін мәселелер бойынша аудандық әкімдіктің қызметін үйлестіреді. Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты (ИСО-9001:2008) талаптарын орындау. Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді. Өзіне бекітілген ауылдық округтері әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.

    Мекен-жайы:  Қазақстан Республикасы, ШҚО, 071500, Ақсуат ауылы, Төлегетай баба көшесі, 1 үй.
    Қабылдау күндері: Әр айдың бірінші аптасының жұмасы күні.
    Байланыс телефоны: 8(72346)2-14-00
    Факс: (8 72346) 2-18-47
    Электрондық адресі:  b.bekbaeva@akimvko.gov.kz
    Сенім телефоны: 8 (72346) 2-13-00

     

    Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары

     

    Мауадинов Қайрат Мұратқазыұлы Мауадинов Қайрат Мұратқазыұлы

    Мауадинов Қайрат Мұратқазыұлы 1975 жылы 27 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Мемлекеттік Аграрлық Университетін, 2006 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін бітірген. Мамандығы ғалым-агроном.
    Мемлекеттік басқарудың бакалаврі. 2000 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Аудан әкімінің аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің маманы, аудан әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған. 2004 жылдан ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2007 жылдың қазан айынан бастап 2010 жылдың қазан айына дейін Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының Ұйымдастыру кадрлық-жұмыс  бөлімінің  бастығы. 2010 жылдың қазан айынан 2013 жылдың ақпан айына дейін Тарбағатай аудан әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді. 2013 жылдың ақпанынан бастап аудан әкімінің орынбасары болып қызмет атқаруда. Жанұялы.

    Функциялық міндеттері:

    Аграрлық-өнеркәсіптік кешеніндегі барлық шаруашылық жүргізуші құрылымдардың жұмысын үйлестіру. Ауыл шаруашылығымен шағын және орта бизнес салаларындағы маркетингілік қызметті ұйымдастыру, екінші деңгейдегі банктер арқылы несие қаржы беру мәселелері, инвестициялық жобалар мен бизнес жоспарларды сараптамалардан өткізу.
    Өнім өңдеу, ұқсату мәселелері. Қазақстан Республикасының «Шаруа (фермер) қожалығы туралы», «Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары туралы» Заңдардың талаптарын басшылыққа алу.
    Тұрғындардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылық саласын дамыту, өнім өндеу өндірісі жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру.
    Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын және сапалы ет өнімін өндірушілерді мемлекет тарапынан қаржылық қолдау (субсидиялау) жұмыстарына басшылық жасау, қадағалау және ұйымдастыру.
    Мал дәрігерлік профилактикалық шаралардың, өсімдік  зиянкестеріне қарсы күрес бағдарламаларының орындалуын қадағалау. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Өсімдіктер карантині туралы», «Өсімдікті қорғау туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдары негізінде жұмыстар ұйымдастыру.
    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары бөлімдерінің, кадастр бюросы, ветеринариялық лаборатория, «Фитосанитария» болжамдар орталығының қызметін үйлестіру, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету және қаржылық мәселелерін шешу.
    Жер пайдалану, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін материалдық- техникалық, қаржылық қолдау, агроөнеркәсіп кешенінде кластер құру, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығындағы өнімдердің сапасын әлемдік стандартқа сәйкестендіру жөніндегі, инфляциялық процестерді бақылау жөніндегі комиссиялардың жұмысына басшылық жасау. 
    Балық шаруашылығы, оны дамытудың перспективалық мәселелері.
    Жер қатынастарын реттеу. Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі» талаптарының сақталуына бақылау жасау.
    Су шаруашылығы, орман және аң шаруашылығы мәселелері.
    Қазақстан Республикасы  Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы мен Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы»  Заңы негізінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін басқару.
    Оның құзырына кіретін мәселелер бойынша аудандық әкімдіктің қызметін үйлестіреді. Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты (ИСО-9001:2008) талаптарын орындау. Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді. Өзіне бекітілген ауылдық округтері әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.

    Мекен-жайы:  Қазақстан Республикасы, ШҚО, 071500, Ақсуат ауылы, Төлегетай баба көшесі, 1 үй.
    Қабылдау күндері: Әр айдың екінші аптасының жұмасы күні.
    Қызметтік телефоны: 8(72346)2-18-00
    Факс: (8 72346) 2-18-47
    Электрондық адресі: b.bekbaeva@akimvko.gov.kz
    Сенім телефоны: 8 (72346) 2-13-00

     

    Сабырбаев Ержан Советбекұлы Сабырбаев Ержан Советбекұлы

    Сабырбаев Ержан Советбекұлы - 1977 жылы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.
    1997 жылы Талдықорған индустриалды-педагогикалық колледжін өндірістік оқу шебері мамандығы бойынша және 2008 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін жергілікті мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.
    2000-2001 жылдары № 17 Кәсіптік техникалық мектебінің өндірістік оқыту шебері.
    2002-2005 жылдары Ақсуат ауыл әкімі аппаратының әскери есеп жөніндегі бас маманы.
    2005-2007 жылдары Тарбағатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жетекші маманы.
    2007-2009 жылдары Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы.
    2009-2011 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы.
    2011-2016 жылдары  Қабанбай ауылдық округінің әкімі. 2016 жылдың мамыр айынан бастап аудан әкімінің орынбасары болып қызмет атқаруда.

    Функциялық міндеттері:Ішкі саясаттың басым бағыттары. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларына байланысты аудан тұрғындары арасында идеологиялық, үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру.

    Қоғамдық пікірді зерттеу, зерделеу. Ақпараттық талдау орталықтарының жұмысын үйлестіру. «Тарбағатай» газетінің мәселелері.
    Әлеуметтік инфрақұрылымдардың үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, қозғалыстармен, діни ұйымдармен жұмысын үйлестіру.
    Аудандық ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің, зейнетақы төлеу орталығы, жұмыспен қамту орталығы, мұрағат, мұражай, психологиялық-медициналық, педагогикалық консультация мекемесі және денсаулық сақтау салаларының жұмыстарын үйлестіру. Зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларымен жұмыс.
    Әлеуметтік салалар бойынша стратегиялық даму бағдарламалары мен орта мерзімдік  жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету.         
    Халықты әлеуметтік қорғау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру, зейнетақы мен жәрдемақының, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мерзімінде берілуіне басшылық жасау.
    Мекемелер мен кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі  талаптарының орындалуын, еңбек қатынастарының реттілігін, еңбек қорғау шараларының орындалуын қамтамасыз ету.
    Қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру. «Жастар саясаты» бағдарламасының орындалуын ұйымдастыру.
    Әскери патриоттық тәрбие беру мәселесі. Әскерге тіркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру.
    Ономастикалық, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қылмыспен күрес және оның алдын- алу жөніндегі,  кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, отбасы және гендерлік саясат «Құрметті азамат» атағын беру жөніндегі  комиссиялардың жұмысына басшылық.
    Телекоммуникация және пошта-байланыс торабы қызметінің мәселелері. Көші-қон мәселесі.
    Оның құзырына кіретін мәселелер бойынша аудандық әкімдіктің қызметін үйлестіреді. Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты (ИСО-9001:2008) талаптарын орындау. Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді. Өзіне бекітілген ауылдық округтері әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.

    Мекен-жайы:  Қазақстан Республикасы, ШҚО, 071500, Ақсуат ауылы, Төлегетай баба көшесі, 1 үй.
    Қабылдау күндері: Әр айдың екінші аптасының жұмасы күні.
    Қызметтік телефоны: (8 72346) 2-12-00
    Факс: (8 72346) 2-18-47
    Электрондық адресі: b.bekbaeva@akimvko.gov.kz
    Сенім телефоны: 8 (72346) 2-13-00

     

    Парақтар өзгертілді: 13-10-2016