Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Әкім аппараты
  • Аппарат басшысы

    Ескендиров Ерсін Кәдірбекұлы     
    28 желтоқсан  1985 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында туған. 2003 жылы К. Нүрбаев атындағы орта мектепті бітірген. 2005 жылы Семей құқық және бизнес колледжінің заңгер мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін, құқықтану  мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Тарбағатай аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аға инспекторы қызметінен бастады. 2007-2011 жылдары Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының кадр жөніндегі бас маманы,  2012 жылдары  ШҚО ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің заңгер бас маманы, 2012-2014 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппартының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы.
    2014 -2015 жылдары  «Тарбағатай ауданы әкімі аппараты» ММ-сінің қаржы-шаруашылық және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы. 2015 жылы сәуірдің 8 бастап «Тарбағатай ауданы әкімі аппараты» ММ-сінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

    Функциялық міндеттері:

    Аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету бойынша аудан әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық ету. Ауданның атқарушы органдарының аудандық әкімдік мәжілісіне мәселелерді дайындау жөніндегі қызметін үйлестіру және жоспарлау, аудан әкімдігінің жұмыс жоспарының және қаулыларының орындалуына бақылау жасау. Жергілікті атқарушы органдар мен ауылдық округ әкімдерінің Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік актілерін, облыс және аудан әкімдерінің, шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметін үйлестіру. Аудан әкімі өткізетін кеңестерді, әкімнің басқа да іс-шараларын ұйымдастырушылық және құжаттамалық жағынан қамтамасыз ету.
    Ауылдық округтердің әкімдеріне, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс әдісі мен тәсілін жетілдіруге тұрақты әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Аудан әкімінің облыс әкімінің аппаратымен байланысын қамтамасыз ету және оның тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру. Аудан әкімінің аудандық мәслихатпен, республикалық басқару органдарының аумақтық бөлімшелерімен өзара қызметін қамтамасыз ету. Аудандық атқарушы органдардың басшыларын, ауылдық округ әкімдерін және аудан әкімі аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар дайындау. Аудан әкімі аппараты бөлімдерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындау.
    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарымен белгіленген тәртіпте аудан әкімі аппаратының техникалық қамту қызметкерлерін тағайындау және қызметтен босату. Аудандық наградалар, аттестациялық, еңбек өтілін есептеу, конкурстық және тәртіптік комиссиялардың жұмысына басшылық жасау. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының референдумдар мен сайлауларды өткізу жөніндегі жұмысын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді және әдеп жөніндегі уәкіл ретінде мемлекеттік қызметшілер мен өзге де азаматтарды қабылдайды. Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты (ИСО-9001:2008) талаптарын орындау.

    Мекен-жайы: 
    Қазақстан Республикасы, ШҚО,
    071500 Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы,
    Төлегетай баба көшесі 1

    Қабылдау уақыты: әрбір айдың бірінші және екінші сәрсенбісі сағат 14-00-ден 18-00 дейін

    Байланыс телефоны: 8-723-46- 2-22-20
    факса: (8 72346) 2–18-47
    е-mail: b.bekbaeva@akimvko.gov.kz
    Сенім телефоны:8 (72346) 2-13-00

     

    Парақтар өзгертілді: 13-10-2016