Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Әкім аппараты
  • Ұйымдастыру бөлімі

    Ахметова Назипа Бөкешқызы Ахметова Назипа Бөкешқызы -Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы
    Ахметова Назипа Бөкешқызы -1978 жылы 1 шілдеде бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл кесік ауылында дүниеге келген.
    Білімі жоғары. 2000 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген
    2000 жылдан 2001 жылға дейін Көкшетау қалалық № 18 орта мектебінің мұғалімі болып істеген.
    2002- жылдан 2010 жылға дейін Тарбағатай аудандық мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы
    2010 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың қараша айына дейін Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.
    2015 жылдың қараша айынан бастап Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.

    Функционалдық міндеттері:

    Бөлімнің жұмысына басшылық жасау, аудан әкімі аппараты мен ауылдық округ әкімдері арасында ұйымдық және ақпараттық байланысты жүзеге асыру, аудан әкімдігінің мәжілісін өткізу, аудан әкімі мен оның орынбасарларында өтетін шараларды қамтамасыз ету. Аудан көлемінде өтетін ұйымдастыру-көпшілік шаралардың мерзімінде өтуін қадағалау;

    Бөлімнің мекен-жайы:
    Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Төлегетай баба көшесі 1
    Телефон: (8 72346)2-17-01
    Факс: (8 72346)2-19-06
    е-mail: org_otdel@tarbagatay.vko.gov.kz

    Парақтар өзгертілді: 11-12-2015