Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Әкім аппараты
  • Қаржы-шаруашылық және төтенше жағдайлар бөлімі

    Иманбеков Мэлс Бахтықалиұлы Иманбеков Мэлс Бахтықалиұлы – Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы.
    Иманбеков Мэлс Бахтықалиұлы 1970 жылы 20 қарашада Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылында дүниеге келген.
    Білімі жоғары. 2002 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
    1989 жылдан 1992 жылға дейінгі аралықта Кеңес Одағының Армиясы қатарында қызмет еткен. 1992 жылдан 1993 жылдары Кіндікті ауылындағы «Карл Маркс» атындағы кеңшарда жұмысшы болып істеген. 1993 жылдан 1997 жылға дейін Семей қаласындағы «БАЕЗ» шағын көпсалалы кәсіпорынның коммерциялық агенті. 1997 жылдан 1999 жылға дейін «Өндіріс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қойма меңгерушісі. 2002 жылдан 2005 жылдары Тарбағатай аудандық қазынашылық бөлімінде жетекші маман-жетекші қазынашы. 2005 жылдан 2007 жылдары Тарбағатай аудандық қазынашылық бөлімінде  бас маман - бас  қазынашы. 2007 жылдан 2009 жылдары Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің коммуналдық меншікті басқару және ақшаны қолма қол басқару мен міндеттемелерді талдау бөлімшесінің  бастығы. 2009 жылдан 2010 жылдары аудандық тұрғын үй-коммунал-дық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы. 2010 жылдың мамыр айынан бастап 2011 жылдың шілде айына дейін Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.
    2011 жылдың шілде айынан бастап Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы. 2015 жылдың 30 қарашасынан қазіргі уақытқа дейін Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.

    Функционалдық міндеттері
    Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басқару. Төтенше жағдайлар, мобилизациялық дайындық және қаржы шаруашылық жұмыстарын басқарады. Заң жүзінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарын басқарады. Аппараттың балансында тұрған ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады, коммуналдық мүлік объектілерінің құжаттарын заң бойынша рәсімдейді.

    Мекен-жайы: ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы Төлегетай баба көшесі 1
    Телефон: 8 (723 46) 2-18-52
    Факс: (8 72346) 2-18-52
    E- mail: m.imanbekov@akimvko.gov.kz

    Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық және төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің тізімі

    1. Иманбеков Мэлс Бахтыкалиұлы - бөлім басшысы 8 (723-46) 2-18-52
    2. Аринова Сания Жарахметовна бас есепші 8 (723-46) 2-12-03
    3. Турганбаев Ермек Маликович төтенше жағдайлар жөнінде бас маман 8 (723-46) 2-18-52

     

     

    Парақтар өзгертілді: 11-12-2015