Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Әкім аппараты
  • Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі

    Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімі

    kn2.png Бөлім басшысы – Қайсар Амантайұлы Баймұхамбетов
    1973 жылы 19 желтоқсанда  Семей облысы Ақсуат ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 
    1997 жылы «Семей» Мемлекеттік университетін мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген.
    1997-1998 ж.ж. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарындағы әскери қызмет, Жамбыл облысы, ПГТ Отар, № 63310 әскери бөлімі.
    12.1998-02.2004 ж.ж. Тарбағатай аудандық әскери комиссариатының әскерге шақыру бөлімінің жауапты қызметкері, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.
    02.2004-06.2005 ж.ж.Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.
    06.2005-03.2006 ж.ж. Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.
    04.2006-09.2013 ж.ж. Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.
    2013 жылдың 2 қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.

    kn2.png Функционалдық міндеттері: 
    Бөлімге жалпы басшылық. Бөлімнің жұмысын жоспарлау.  Құжаттардың орындалуын, жұмыс жоспарын тексеру және бақылау. Персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру.

    Аудан әкімі аппаратының, дербес бөлімдердің, селолық округтар аппараттарының кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру. Кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. Кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы  қамтамасыз ету. Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. Еңбек заңнамасы  мен  мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын,  сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету.
    Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізу.

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзде де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

    kn2.png Адресі: Төлегетай баба көшесі,1 
    kn2.png Телефоны: 8 (72346) 2-13-00 
    kn2.png Электрондық пошта адресі: k.baimukhambetov@akimvko.gov.kz

     

    kn2.png Мұрат Тоғасбекұлы Балтабаев - персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы (02-1-1)

    kn2.png Функционалдық міндеттер:  Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты құжаттарды рәсімдеу. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерді бос лауазымдық конкурстарға дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу. Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзгеде комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысу тәртібімен орналасу бойынша құжаттарды дайындау. Персоналды басқару бойынша талдау жүргізіп есепті әзірлеу.

    kn2.png Телефоны: 8 (72346) 2-13-00 

     

    kn2.png Бос орын - Бас маман (02-1-2)

    kn2.png Функционалдық міндеттер: Мемлекеттік қызметшілердің жеке бас істерін жүргізу және қызметтік тізімдерді толтыру. Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру. Еңбек демалысының кестесін әзірлеу. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің еңбек өтілін белгілеу. Теріс қылықтар бойынша қызметінен босатылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер және тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар бойынша ақпарат дайындау.

    kn2.png Телефоны: 8(723-46)2-11-68

     

     

     

    Парақтар өзгертілді: 06-01-2017