Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Әкім аппараты
  • Ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

    Шарипова Айжан Серікқызы-аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету  бөлімінің басшысы.  
    Шарипова Айжан Серікқызы-1976 жылдың 08 наурызында Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Қазақстан-Американдық еркін университетін заңгер, заңтану мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1998 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының қағаз басушысы болып бастаған. 1998-2005 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінің хатшысы, 2005-2007 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппараты кеңсесінің жетекші маманы, 2007-2014 жылдары Аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы. 2014 жылдың 01 қазанынан бастап Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету  бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
    Жанұялы.

    Функционалдық міндеттері
    Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасайды. Құжаттардың орындалу мерзімдеріне және олардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады. Ағымдағы іс жүргізу құжаттарын, соның ішінде істерді құрастыру және оларды сақтауға тапсыру бойынша басшылықтың бұйрықтарын және өкімдерін тіркеу, есебін жүргізу, сақталуы және тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады. Аудан әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырады және талапқа сәйкес толтырылуын бақылайды. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-өтініштердің қолданыстағы заңдылықта белгіленген уақытта қаралуына басшылық жасау. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, аудан әкімдігінің қаулылары жобаларының ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметі қаулысының талаптарына сәйкес толтырылуын қадағалау. Шығыстық құжаттардың дер кезінде тиісті орындарға жіберілуіне басшылық жасау. Аудан әкімі аппаратының құпия құжаттарымен жұмыс істеу және аудан әкімі аппаратында құпиялық режимінің сақталуын қадағалау. Әкімдіктің іс-қимылдарын құжаттамалық қамтамасыз ету. Аудан әкімдігі мәжілісінің хаттамасын жазуға және құжаттарын жүргізіп, түгендеп, сақтауға жауапты. Аудан әкімі аппаратында «Lotus» бірыңғай құжат айналымы бағдарламасының үздіксіз жұмыс істеуін, аудан әкімі аппараты мен бөлімдерде «бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін» және «бірыңғай көлік орталығын» жасақтау жұмыстарының жүзеге асырылуын қадағалау. Қоғамдық қатынау пункттерінің жұмыс істеуін және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппаратындағы ақпараттандыру жүйесіне байланысты қызметтер мен электрондық әкімдік құру мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Облыс, аудан әкімдерінің ресми веб-сайттарының үнемі жаңартылып отыруын бақылау. Азаматтардың өтініштерін қарау жөнінде тиісті органдарға ТӨБЕ ААЖ (І-ОЛ) бағдарламасы бойынша есептің сапалы тапсырылуын қадағалау. Аудан әкімі, әкім орынбасарлары мен аппарат басшысының азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдауын бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастыру. Көшпелі қабылдаулар өткізуді бақылау. Аудан әкімінің веб-сайты мен виртуалды қабылдау арқылы түскен өтініштердің мерзімінде қаралып, орындалуын қамтамасыз ету. Жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету, ақпараттық технологияларды қолдану бағыттары бойынша жұмыстар ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратында сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты (ИСО-9001:2008) талаптарының орындалуын қадағалау.

     

    Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері

    1. Шарипова Айжан Серікқызы Бөлім басшысы 8(723-46)2-20-02  
    2. Тоқтауқызы Арайлым Бас маман 8(723-46)2-21-33
    3. Садыбеков Асхат Серікұлы Бас маман 8(723-46)2-18-01
    4. Кусайнова Жансая Кумаровна Жетекші маман 8(723-46)2-22-36
    Парақтар өзгертілді: 05-08-2016