Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Әкім аппараты
  • Тарбағатай аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімі

    Бөлімнің қызметтері:

    1. Ауданның жергілікті атқарушы органдарында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.
    2. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерді Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеу.
    3. Аудан әкімінің аппараты және аудан әкімдігі атынан сот істеріне қатысу.
    4. Құқық қорғау органдарымен үнемі байланыс жасау.
    5. Ауылдық округтерде нотариалдық іс-әрекет жүргізуді ұйымдастыру.
    6. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның жұмысын жүргізу.
    7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын жүргізу.
    8. Бөлім тарапынан күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық және жартыжылдық есептердің тапсыру.

     

    Аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік - құқықтық бөлімінің тізімі және міндеттері

    Аты-жөні,
    лауазымы
    Лауазымдық міндеттері Телефон
    1 Садыбеков Серік Құмарбекұлы
    Бөлім бастығы
    Аудан әкімінің өкім, шешімдері мен әкімдік қаулыларының заңдылыққа сай әзірленуіне қадағалау жасау. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты қабылданған нормативтік құқықтықактілердіәділет органдарында тіркеуден өткізу үшін жібереді және әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды жүзеге асырады. Аудан әкімінің аппараты және аудан әкімдігі атынан сот істеріне қатысып, өкілеттік етеді. Сот істерінің нәтижесі бойынша облыс әкімдігінің заң бөліміне тоқсан сайын ақпарат беру. Құқық қорғау органдарымен үнемі байланыс жасауды және бірлесе жұмыс атқаруды үйлестіреді. Ауылдық округ әкімдері қабылдайтын өкім және шешімдердің заңдылығын қадағалау. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның жұмысына хатшылық жасау. Тоқсан сайын аудан бойынша қабылданған қаулылар, өкімдер мен шешімдердің сандық есебін тапсыру. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiркелiмiн жүргізу. Бөлім тарапынан күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық және жартыжылдық есептердің тапсырылуына қадағалау жасау. 8(72346)
    2-23-58
    2 Ахметов Ринат Маткатович
    Бас маман
    Аудан әкімінің өкім, шешімдері мен әкімдік қаулыларының заңдылығын тексеру. Аудан әкімінің аппараты және аудан әкімдігі атынан сот істеріне қатысып, өкілеттік етеді. Құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста болып, бірлесе жұмыс атқару. Ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін тоқсан сайын тексеру. Ауылдық округтерде нотариалдық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адамдардың жұмысын және олардың уақытында аттестациядан өтуін қадағалау, тоқсан сайын нотариалдық әрекеттердің есебін жинақтау және тапсыру. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бағдарламаның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың және басқа да құқықтық мәселелерге байланысты жоспарлардың орындалуын қадағалап, тиісті мекемелерден ақпарат жинақтап, белгіленген мерзімдерде және қажеттілігіне қарайесептерін тапсыру. Құқықтық білім беру мәселелерін ұйымдастыру. Аппарат қызметкерлері арасында құқықтық оқытудың жоспарын жасап, уақытында өтуін ұйымдастырады. Алқа билердің тізімін жасап, тиісті органдарға жіберу. Тұрғындардың арыз-шағымдарын тексеріп, жауаптар әзірлеу. Жедел ахуал жөнінде облыс әкімдігіне күнделікті ақпарат беру. Аудандық ішкі істер бөлімінен күнделікті келетін мәліметті жинақтау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу және жартыжылдықта есебін тапсыру. Бөлім бастығы болмаған кезде оның функционалдық қызметін уақытша атқарады. 8(72346)
    2-23-90
    3 Кадырбаева Гүлнұр Адасбекқызы Нұсқаушы Өткен тоқсандағы әкiмдiк қаулыларының және әкiмнің шешiмдерiнiң тiзбесiн әдiлет органдарына ұсыну және оларды зерделеу. Ауылдық округ әкімдерінен Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бағдарламаның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың және басқа да құқықтық мәселелерге байланысты жоспарлардың орындалуы жөнінде есептерін қабылдау. Құқықтық білім беруді ұйымдастыруға қатысу. Алқабилердің тізімін жүргізуде ауылдық округ әкімдерінің тізімін қабылдау және тексеру. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты қабылданған нормативтік құқықтықактілердіңәділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қадағалайды. Құқық қорғау органдарымен байланыс жасап және бірлесе жұмыс атқаруға қатысады. Бөлім тарапынан берілетін есептердің тапсырылуына қатысады. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның отырыстарының өткізілуіне көмектесу. Ерікті халық жасақшылары (ДНД) кезекшілігін ұйымдастыру, ауылдық округтерден есебін алу. 8(72346)
    2-23-90

    Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 071500 Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Төлегетай баба көшесі 1
    Байланыс телефоны: 8 (72346) 2-23-58,2-23-90
    Факс: (8 72346) 2–18-47
    Е-mail: s.sadybekov@akimvko.gov.kz
    Сенім телефоны: 8 (72346) 2-23-58

     

    Парақтар өзгертілді: 11-08-2017