ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ

Әкімнің ресми сайты
Строительство

2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Аудан бойынша барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 2018 жылға 7800 шаршы метр болып бекітілген.    2018 жылы жеке өз қаражаты есебінен жаңадан салынған 77 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның  жалпы ауданы 8342  шаршы метр, құны 542 000,0 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,2 пайыз өсімді көрсетті. Сонымен қатар аудан бойынша жалпы алаңы 3486,5 шаршы метр, құны 272 536,0 мың теңге болатын 9 әр түрлі құрылыс нысандары пайдалануға берілді.


Р/с
Нысанның атауы Саны Ауданы
шаршы.метр
Құны (мың.теңге)
1 Сауда дүкені,сауда үйі 2 53,2 7 000,0
2 Мал бордақылау алаңы 4 1299 80 000,0
3 Мал қора 14 6869 421 783,0
4 Тойхана, дәмхана 3 1731,4 202 536,4
5 Балабақша 1 210 35 000,0
6 Дәріхана,қатымхана 3 1180 37 000,0
7 Асхана, сүт цехы 1 608 50 000,0
8 Мешіт 1 118 35258,0
  БАРЛЫҒЫ: 29 12068,46 579 550,43

Бөлім бойынша барлығы 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
1.Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;
2.Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
3.Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру;
4.Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттарды үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру;
5.Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
6.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

2018 жылы  барлығы  4128  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның   ішінде: 
Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 1;
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 3787;
Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну –8 ;
Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттарды үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру –1 ; 
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру - 316; 

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 15. 

 

Парақтар өзгертілді: 11-04-2019