Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жемқорлыққа жол жоқ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар


    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы
    Тарбағатай ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның іске асыру барысы туралы

    «Тарбағатай ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 4 шілдедегі №204 қаулысы қабылданған. Аталған қаулы мүдделі барлық мемлекеттік органдармен келісілген.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған көпшілік шаралардың бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық форум. Форумда  сыбайлас жемқорлықпен күресудің жолдары туралы  мемлекеттік орган басшыларының есебі тыңдалады. Форумның мақсаты – Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын атқаруда қатаң бақылауды жүзеге асыру болады. Форумға құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың жетекшілері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқылайды.
    2015 жылы  9 маусым күні  өткен «Жемқорлыққа–жол жоқ!» деген тақырыпта жемқорлыққа қарсы Форум аясында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы әріптестік»-деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оған құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың жетекшілері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқылады.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жалпы ұлттық жоспарына сай 2008 жылы «НұрОтан» партиясы жанынан республикалық, облыстық және аудандық деңгейде жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестер құрылды.
    Осындай қоғамдық кеңес Тарбағатай ауданында 21 ақпан 2008 жылы құрылды. Құрамы 7 адамнан тұрады. Кеңес типтік ереже негізінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс істейді.
    Қоғамдық кеңестің аудандық ақсақалдар кеңесі және жастар ұйымдарымен бірлесіп аудан халқына арнаған Үндеуі аудандық «Тарбағатай» газетінде жарияланды.
    Кеңес 2013 жылы 4 отырыс, 2014 жылы 4, 2015 жылы 4 отырыс өткізді. Оған аудан әкімі, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері және мекеме басшылары қатысты. Екі отырыс ашық түрде Ақсуат және Ақжар ауылдарында өтті.
    Қазіргі уақытта аудандағы барлық мекемелер мен ауыл округтерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде аудан тұрғындарының арыз, өтініштеріне арналған арнайы жәшіктер ілініп күнделікті қадағалануда.
    Бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты мемлекеттік қызметшілердің үстінен фактілер тіркелген жоқ.
    Тарбағатай ауданы әкімінің ресми сайтында (tarbagatay.vko.gov.kz) «Жемқорлыққа жол жоқ» айдары ашылған.
    Бұқаралық ақпарат құралдарын және веб-сайттар арқылы мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыруының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету.
    Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жергілікті атқарушы және өкілеттік органдардың бюджеттің орындалуы туралы ақпаратты баспа бетіне жариялау белгіленген.
    Сонымен қатар, жыл барысында аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар және оны орындалу барысы туралы ақпараттар аудандық «Тарбағатай» газетінде тұрақты түрде жарияланып тұрады.
    Тарбағатай ауданы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 29 мемлекеттік мекеме, 44 коммуналдық мемлекеттік мекеме, 10 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын және 5 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларып, есептіліктерін веб-портал арқылы жіберуде.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың басшыларын жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізуге қатысу.
    2015 жылдың 2 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.
    ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытуды қамтамасыз ету. Ақсуат ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы Ақсуат, Ақжар және Тұғыл ауылдарында жұмыс істейді. 2015 жылдың басынан бері 18444-ге жуық азаматтың құжаттары рәсімделді. Орталық түскі үзіліссыз және сенбі күндері де жұмыс істейді. Халыққа электрондық қызмет түрлерін көрсетуді ұлғайту бойынша нақты шаралар атқарылуда.
    Бақылау, рұқсат беру және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сонымен қатар олардың қызметін реттейтін қолданыстағы актілерге, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына жағдай туғызатын мемлекеттік органдардың өкілеттігіне талдауды жалғастыру.
    Сыбайлас жемқорлықпен күресетін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін жоғарлата отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін уәкілетті органдардың құзіретін кеңейту. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау тәуекелі жоғары лауазымдар тізбесін жасап, оларға арнайы тексерулер жүргізетін жүйе қалыптастыру керек.
    БАҚ-та сондай-ақ ведомстволық сайттарда азаматтардың жер учаскелерін, тұрғын үй алу және мектепке дейінгі мекемелерге кезекке тұру кезектілігін жариялау.
    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» заңына сәйкес аудандағы мекемелер мен мемлекеттік органдардың бірінші қабатында сыбайлас жемқорлық туралы заңнаманың, мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексінің баптарынан үзінділер ілінген.
    Аудан әкімдігі және басқа да мемлекеттік мекемелер сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар мен ақпаратқа үнемі талдау жасап отырады.
    Бүгінгі күні Тарбағатай ауданының мемлекеттік органдары мен мекеме басшыларының тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жол бергендігі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында ешқандай ақпарат болған жоқ.

     

    Парақтар өзгертілді: 05-08-2015