ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ

Әкімнің ресми сайты
Ауылдық округтер

«Ойшілік ауылдық округінің әкімі» Мемлекеттік мекемесі

ЫгиевСерікқали Жұмағалиұлы – Ойшілік ауылдық округінің әкімі.
ЫгиевСерікқали Жұмағалиұлы1964 жылы 20 қаңтарда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылында,дүниеге келген.Білімі жоғары. Ұлты қазақ.
2010 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы зоотехник. 1981-1983 жылдары Семей мал дәрігерлік институтының студенті, 1984-1986 жылдары әскер қатарында, 1986-1988 жылдары Комсомол совхозында жүргізуші, 1989-1995 жылдары Комсомол совхозында зоотехник, 1995-2002 жылдары «Ақбота» шаруа қожалығының төрағасы, 2002-2004 жылдары «Ақбота» шаруа қожалығында жүргізуші, 2004-2011 жылдың17 ақпанына дейінауыл әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі жетекші маманы.
17 ақпан 2011 жылдан бастап Ойшілік ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.
Жанұялы. Жанұясында үш қыз, бір ұлы бар.

Мекеменің мекен жайы: Ойшілік ауылы
Қызметтік телефоны: (872346) 23-166. Факс: (872346) 23-166
Қабылдау күндері:  Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері

Ойшілік ауылдық округіәкімініңқызметтік міндеттері

Ауылдық округ есебіндегіхалыққа қызмет көрсетеді. Ауылдыңәлеуметтік-экономикалық жағынанөсіп-көркейуі үшін қызмет етеді. Өз құзіретін«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»және«Мемлекеттік қызметтуралы» заңдары шеңберіндежүзегеасырады.
Президенттің, Үкіметтіңқаулыларының орындалуын, облыс, аудан әкімдерініңшешімдері менқаулыларының орындалуынқамтамасыз етеді.

Ойшілік ауылдық округінің қысқаша сипаттамасы

Ойшілік ауылдық округі Тарбағатай ауданының оңтүстік өңірінде орналасқан оңтүстігінде Қытай Халық Республикасы мен Үржар ауданымен шектеседі, батысында Құмгол ауылымен, шығысында Құйған ауылымен шектеседі. Ауыл округіне қарасты 204 км жол бар, оның ішінде 31 км аудандық, 173 км жол округ денгейінде.
Ауыл шаруашылық саласы.
Округтің негізгі шұғылданатын саласы мал шаруашылығы, қосымша өсімдік шаруашылығымен айналысады. Негізінен аграрлы аймаққа жатады. Ауыл әкімдігі қой мен ірі қараның саны бойынша ауданда жетекші орында тұр. Округ бойынша барлығы 114800 га, оның ішінде 1600 га егістік, 4300 га шабындық және 104100 га жайылымдық жер бар. Округтегі шаруа қожалықтарының саны 119 болып, олардың иелігіндегі жер 49300,6 га, оның ішінде егістік 600 га, шабындық 2453 га қалғаны жайылымдық жерлер. Округте 2017 жылы мал басы ірі қарадан 5775 бас, қой-ешкі -19677 бас,  жылқы 1765 басқа жеткен.
Округ бойынша 92 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты ет, сүт, жүн өндіру болса, оның негізгі үлесі үй шаруашылығында тиесілі. Округте ірі шаруашылықтар «Аманжол», «Жоталы Жартас», «Жартас», «Айша», «Ақбота», «Ақ найман», «Ақ найман 1 »,  Нұрдаулет», «Сабина» шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын 13 шағын кәсіпкерлік субьектісі тіркелген 13 сауда дүкені, 2 наубайхана, 1 дөңгелек жөндеу цехы жұмыс істейді.
Әлеуметтік сала.
Округте 2 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп бар. Ондағы 430 оқушыға 68 ұстаз дәріс береді. Тоғас батыр орта мектебі типтік жүйеде салынған, компьютермен қамтамасыз етілуі 76,3 % электронды оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген. Білім беру жүйесі бір жүйемен қалыптасқан. Толық кабинеттік жүйеде жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау саласы.
Округте 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік пункттер тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетеді. Бұл сала бойынша 2 жоғары білімді дәрігер, 10 орта буынды медицина қызметкері, 1 лаборант жұмыс істейді. Емханаға жаңа жедел жәрдем көлігі берілген. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын-алуда науқастану деңгейінің азаюына баса көңіл бөлініп, жас туған нәрестелер мен аналарға мерізімінде вакциналар мен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп тұрады.
Мәдениет және спорт.
Округте 1 кітапхана, 1 клуб үйі 1 спорт залдары жұмыс істейді. Кітап құрамы жылдан-жылға жаңа кітаптармен толығу үстінде. Ауыл кітапханасында 1200 дана кітап қоры бар. «Тоғас батыр» орта мектебінде 1 спорт залы, үлкен-кіші футбол алаңдары жұмыс істейді. Ауылдық округте түрлі мәдени-спорттық шаралар дәстүрлі түрде жүргізіліп тұрады.
Тұрғын үй.
Ауыл округінде тұрғын үй саны 488, үйді пайдалануға енгізудің негізгі көлемін жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.

Парақтар өзгертілді: 23-04-2018