Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Ауылдық округтер
  • «Сәтпаев ауылдық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі

    Ерзатов Алмас ЕрзатовичЕрзатов Алмас Ерзатұлы - Сәтпаев ауылдық округінің әкімі
    Ерзатов Алмас Ерзатұлы 1982 жылдың 17 маусымында Семей облысы, Ақсуат ауданы, Сәтбаев ауылында дүниеге келген. Ұлты: казақ. Білімі: жоғары. 2014 жылы Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолы:
    2008-2011 жылдары «ШҚО Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округінің әкімі» аппараты  мемлекеттік мекемесінің жастар ісі жөніндегі маманы, 2011 жылы «ШҚО Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшінің міндетін атқарушы,  2012-2013 жылдары «ШҚО Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі,  2013 жылы Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасының операциялық тобының жетекші маманы – жетекші қазынашысы, 2013-2017 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасының төлемдерді алдын ала бақылау және өткізу тобының бас маманы–бас қазынашысы, 2017 жылдан 2018 жылға дейін «Ақтақыр–Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің есепшісі, 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Сәтбаев  ауылдық округінің әкімі  қызметін атқарып келеді.

    Сәтпаев ауылдық округі әкімінің қызметтік міндеттері
    Ауылдық округ есебіндегі халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық  жағынан өсіп-көркейуі үшін қызмет етеді. Өз құзіретін «Жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдары шеңберінде жүзеге асырады.
    Президенттің, Үкіметтің қаулыларының орындалуын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен қаулыларының орындалуын қамтамасыз етеді.

    Мекен жайы: Сәтпаев ауылы.
    Қызметтіктелефоны:(872346) 2-17-68. Факс: (8 72346) 2-17-68
    Қабылдау күндері: Әр аптаның  сәрсенбі, жұма күндері

    Сәтпаев ауылдық округінің қысқаша сипаттамасы

    Ауылдық округ орталығы – Сәтпаев ауылы. Елді мекендер саны – 3: Сәтпаев, Көктубек, Сұлутал. Халық саны - 01.01.2018 ж. – 963 адам. Байланыс нүктесі – 180. Жер көлемі 8400 га. Соның ішінде 64000 га ауыл шаруашылығына жарамды жер телімі.
    Арақашықтық:
    Облыс орталығы Өскеменмен – 335 км
    Аудан орталығынан – 25 км
    Темір жол станциясынан –225 км
    Ауылшаруашылығы.
    Ауылшаруашылығына жарамды жер телімі - 33356га
    Соның ішінде: егістік алқап 600 га
    Шабындық жер телімі – 6400 га
    Жайылымдылық жер телімі - 57000 га
    Ауылдық округ негізінен ауылшаруашылығымен айналысады, қосымша егін егу мен айналысады.
    Іріқара мал саны 4627 дан асты, қой-ешкі 7560, жылқы саны 850 бас және 520 бас құс.
    Шағынкәсіпкерлік.
    Магазин – 6, асхана - 1. Ауылдықокругте 24 шаруақожалығы, 1 –АӨК, 1 - тұтыну кооперативы бар. Ауылда Количество техники: трактор – 44, легковая автомашина - 90 шт.
    Әлеуметтік сала.
    Ауылдық округ бойынша 2 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп білім береді. Сонымен қатар  почта, кітапхана, клуб үйі және бір спортзал бар.
    Сәтпаев ауылында 110 жанұя, 492 адам тұрады. Көктүбек ауылында 86 жанұя, Сұлутал ауылында 18 жанұя тұрады. Оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 21 адам, зейнеткерлер саны 110 адам. Тұрмысы төмен тұратындар 7 адам.
    Денсаулық сақтау саласы.
    Денсаулық сақтау саласында округ бойынша бір дәрігерлік амбулатория мен екі фельдшерлік пункт қызмет көрсетеді.
    1.«Сатпаев» дәрігерлік амбулатория, Бас дәрігер Б.Кунсафина, мед.персонал 5
    2.«Коктубек» фельдшерлікпункті, фелдьшер – Ш. Шотанова.
    3.«Сулутал» – фельдшерлік пункт, фелдьшер – С Кабыуова

     

    Парақтар өзгертілді: 03-10-2018