Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Мәдениет
  • Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атқарған жұмыстарының хабарламасы

    2016 жылдың атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

     Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде барлығы 22 мәдениет және клуб үйлері, 25 кітапхана бар. Аудан көлеміндегі 47 мәдениет мекемелерінің қызметін осы заманғы бәсекелестік ортаға бейімдеу, көрермендер сұранысын қанағаттандыру мақсатында Тарбағатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде 220 адам жұмыс атқаруда. Бөлімнің басқару аппаратында 10 адам қызмет істейді, кітапханашылар саны - 40, Мәдениет қызметкерлерінің саны - 133, олардың 51 жоғары, 64 арнаулы орта, 16 орта білімді мамандар.
    2016 жылы «Ақсуат, Ақжар мәдениет үйлері» КМҚК-сы  бюджеті  144625 мың теңгені құрады. Негізгі миссиясы Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңымен қорғалатын ұлттық мәдени игілік болып табылатын мәдениет үйлері мен клуб үйлерінің жұмыс жүйесін жетілдіру арқылы халықтың рухани мәдени топтасуын, ұрпақтың қоғамдануы және рухани адамгершілік-имандылық құндылықтарын өрістету, ұлттық идеялық топтасуды, халықтар бірлігін сақтау. Жалпы мемлекеттік және Ұлттық мерекелер өткізу арқылы мемлекеттің стратегиялық дамуын қолдау. Халықты ақпараттық идеологиялық қамту. Аудан көлемінде мәдени шаралар өткізу арқылы қоғамға қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай туғызу.  Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерін мәдениет пен өнер мекемелерінің шығармашылық қызметін жүйелеу арқылы ұйымдастыру.
    Ауданымызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан  мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын «Жұмыспен қамту-2020»  жол картасы бағдарламасының  ауылды елді мекендерді дамыту шеңберінде  мәдениет құрылымдарын жөндеу және қайта қалпына келтіруде жұмыстар жүргізілді. 
    Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 21984 млн теңге бөлінді. 
    Ауылдық жерлердегі нысандарды әлеуметтік жаңарту жөнінде мәдениет нысандарын жаңарту және ағымдағы жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен Үштөбе 4,600 млн теңге, Ойшілік ауылдық клубына 2 млн теңге, /жалпы жиыны 6,600 млн  теңге/ бөлінді.   
    Ақсуат, Ақжар мәдениет үйлеріне 4 400000 теңгеге ЛЭД экран, 2232145 теңгеге музыкалық аппаратура, 200000 теңгеге-киіз үй жабдығы, 25000 теңгеге –ламинатор, 113181 теңгеге-компьютер, 97647 теңгеге- принтер, 42000 теңгеге-телефон-факс, 90000 теңгеге –видеокамера алынды. Жаңадан іске қосылған Үштөбе клубына 500000 теңгеге музыкалық аппаратура, 500000 теңге- көрермен орындығы, Екпін клубына 500000 теңге-көрермен орындығы алынды. Ақжар мәдениет үйіне жеңіл автокөлік 3 млн 900 мың теңгеге сатып алынды.
    2016 жылы ауылдық округтер бойынша тұрғындарға отандық музыкалық өнімдерді насихаттау, ұлттық мәдениеттің қажеттілігін өсіру мақсатында 1709 мәдени-көпшілік шара өтіп, оған 252643 адам қамтылды.
    Жастарды өнерге тарту, жаңа есімдер мен жаңа жұлдыздарды әйгілеу, олардың үлкен өнердегі қадамдарына жол сілтеу мақсатында аудан әкімінің қолдауымен   «Тарбағатай жұлдыздары» өнер фестивалі үш жыл қатарынан облыстық деңгейде өтсе, биылғы жылы Халықаралық деңгейде өткізілді. Халықаралық «Тарбағатай жұлдыздары» эстрадалық ән фестивалі, аудан төріне жезтаңдай әншілерді жинады. Фестивальға  Көкпекті, Абай, Үржар, Зайсан, Күршім, Ұлан аудандары мен Өскемен, Семей, Шымкент, Курчатов, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Көкшетау қалалары және Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген 38 өнерпаз  Барқытбел бауырайында есте қаларлықтай өнер көрсетті.  Ақсуат мәдениет үйінде өткен бұл өнер мерекесіне 500 көрермен тартылды.  Халықаралық  өнер додасы  көрермен көңілінен шыққан жаңа форматтағы өнер бәйгесі болды.
    Сонымен қатар  жергілікті меценаттар қолдауымен республикалық «Туған жерге туыңды тік» атты ақындар айтысы өтті. Айтысқа еліміздің белді ақындары М.Ниязов, А.Шұғатаев, С.Тоқтамысова, С.Дүйсенғазин, Р.Қайыртайұлы, С.Қалиев, М.Ақанов, Д.Қамиев, Қ.Байжұманов, Қ.Білдәшов, С.Бірлесбек, Д.Сембаевтар қатысып бақ сынады. Айтысты Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Жүрсін Ерман жүргізді.

    Парақтар өзгертілді: 16-01-2017