Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Мәдениет
  • Тарихи өлкетану мұражайы

    Тарбағатай тарихи-өлкетану музейі бұрынғы Семей облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен ҚР – ыМәдениет Министрлігінің 1986 жылғы 17 желтоқсандағы № 385 бұйрығы негізінде Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақсуат аудандық филиалы болып құрылып, 1993 жылы 18 мамырда ашылды. Музей 1997 жылдан Республикадағы әкімшілік – аумақтық өзгерістерге байланысты ірілендірілген Тарбағатайауданы әкімшілігінің мәдениет және спорт бөліміне қаратылып, 2000 жылдың 22 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық әділет басқармасының мемлекеттік тіркеуден өтіп, №10386 – 1917 МК тіркеу куәлігі негізінде.

    Қазақстан Республикасы заңының шеңберінде Құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілді. Тарбағатай аудандық өлкетану музейі болып жұмыс істеген. 2005 жылдан Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының Тарбағатай тарихи-өлкетану мұражайы болып құрылды.

    Музей шығыс сәулеті үлгісіндегі жеке ғимаратқа орналасқан. Көлем і 536,5 ш/м, оның 400 ш/м алаңында тұрақты көрмелік құрылым (экспозиция), қор сақтау, қызмет бөлмелері бар. Осы жылдары музей ұжымы аудан тұрғындарының рухани қажеттерін қанағаттандыруға, мәдени – тарихи құндылықтарды танып білуге, мәдени – ағарту қызметінің жоғарғы жәрежесіне жетуге, көрермендермен байланысты кеңейтуге зор көңіл бөліп келеді. 2009 жылы музей қоры 3890 дана сақтауға, оның ішінде сақтауға, оның ішінде негізгі қорқосалқы қор дана сақтауға жетті.

    Музейдің тұрақты көрмелік құрылымы (экспозиция) үш бөлімнен тұрады.

    Табиғат бөлімі – аудан табиғатының жалпы мінездемесін,оның ішінде жануарлар, өсімдіктер әлеміне көлемді мәліметтер береді. Ауа-райы, жер бедері, қазба байлықтары т.б. ғылыми деректер өлкені зерттеушілер еңбектері кеңінен насихатталды. Аудан табиғатын қорғау, экологиялық мәселелер жөнінде мәдени шаралар өткізіледі.

    Көне дәуір бөлімі- өлкедегі тас дәуірінен бастап мекендеген халықтың тарихын қамтитын ғылыми деректерге негізделген. Археологиялық қазбалардан табылған көне жәдігерлер б.д.д. I – мыңыншы жылдыққа осы өңірді мекендеген ерте көшпенділелрдің мәдениет ескерткіштері қойылған. Ұлттық асыл мұраларды баяндайтын көне жәдігерлердің құндытоптамасы жинақталған. Өңірдің тарихи-мәдени дамуын ғылыми жүйелікпен қамтитын көне жазбалар, құжаттар, мұрағат деректері, бейне суреттер кеңінен пайдаланылған. Өлкені зерттеушілер мен шығыстанушы ғылымдардың еңбектері мен жекелеме ғылыми түсініктемелері берілген.

    Қазіргі заман бөлімі – ауданның құрылуы кезеңінен бүгінгі уақытқа дейінгі аралықтағы тарихынан мазмұнды танымдылық мәлімет беріледі.Музейде ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Республикалық Мемлекеттік Орталық Мұрағаты мен Ұлттық Ғылым Академиясының, Омбы, Астана,Семей, Өскемен мұрағаттары қорларындағы өлке тарихына байланысты зерттеулер музейдегі өлкетану материалдарының ғылыми қорын құрап отыр. Осы негізде мақалалар дайындалып республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда жарық көруде. Музей тарапынан географиялық, археологиялық, этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылып тұрады. Осы жұмыстарының нәтижесінде ұлттық асыл мұралардың үлгілері мол жинақталуда.

     

    Парақтар өзгертілді: 22-10-2014