Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Кітапхана
  • Тарбағатай аудандық орталық кітапханасы

    Бүгінгі таңда кітапхана-халыққа білім нұрын себетін ең күрделі ақпарат орындарын бірі. XXI-ғасыр мәдениеттің,ғылым мен білімнің ғасыры.Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді. Кітапхана қорын толықтыру стратегиясы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттардың бірі.
    Н.Ә. Назарбаев

    Кудерина Арай Мауткалиевна Кудерина Арай Мауткалиевна - аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры

    Кудерина Арай Мауткалиқызы - 1979  жылдың 18 қазанда Семей облысы, Ақсуат ауылы,  Комсомол селосында дүниеге келген. 2000 жылы  Шәкәрім атындағы мемлекеттік  педагогикалық институтына тапсырып, 2005 жылы «Тарих» мамандығы бойынша, 2009 жылы Семей көп салалы колледжіне тапсырып, 2010 жылы«Кітапхана ісі» мамандығын бітірді. Білімі – жоғары. Бірнеше жыл аудандық кітапханада  кітапханашы болып қызмет істеген, 2013 жылдан бастап Тарбағатай ауданды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры .

    Кітапхананың жұмыс кестесі:  сағат 9-00 дан 18-00 ге дейін.
    Үзіліс:  13-00 ден -14-00-ке дейін.
    Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні.

    Тарбағатай аудандық орталық кітапханасы Мекен-жайы:
    071500, Шығыс –Қазақстан облысы,
    Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы
    Кабеков көшесі, 15
    телефон: 8 (22346) 2-17-16, факс:2-21-02
    электрондық пошта: aksuat2011@mail.ru
    web-сайт : htt://www.tarbaqatay.pushkinlibrary.kz

    Кітапхананың басым бағыттары:

    Тарбағатай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі  Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы  Тілдер туралы» Заңдарын, «Қазақстан-2030 Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Президентінің  Қазақстан халқына арнаған  Жолдауын, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын  жүзеге асыруда ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз етеді;
    Казақстандық отансүйгіштік рухты дамыту, ұлттық мәдениетті  насихаттау, Қазақстан және өлкенің тарихын, мәдениетін оқыту;   мемлекеттік тілдің статусын нығайту; халыққа көрсететін мәдени қызметтердің жаңа формаларын  енгізеді;
    Электронды- ақпаратты кеңістікті одан ары дамыта отырып кітапханалық жұмыстың жаңа әдіс тәсілдерімен жұмыс істейді,
    Қазақстан Республикасының Ұлттық, Мемлекеттік және мерекелерінің бұқаралық сипатта өтіп, халықтың топтасуымен бірлігі үшін кітапханалық қызметті жүзеге асырады.

    Кітапхана қызметі:
    Кітапхана саны -25,
    Оқырмандар саны- 16453
    Кітапхана сайтында тіркелген виртуалды пайдаланушылар саны -14880
    Кітапханаға келушілер саны-192017
    Кітап қоры -265470
    Мемлекеттік тілде-134564
    Интенетпен байланыс жүйесі бар кітапханалар саны-3
    Басылымдар саны – 40 түрлі
    Жаңа түскен кітаптар -10010 /2013ж/
    Оның қазақшасы – 9246

    Қызметінің бағыттары:
    - жас ұрпаққа кітапханалық қызмет көрсету;
    - оқырмандар қызығушылығы мен сұранысын анықтау мақсатында мониторингтер өткізу;
    - оқырмандарды ақпараттық қамтамасыз етудің, жан-жақты және қолайлы қызмет көрсетудің жаңа жолдарын іздестіру;
    - балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік, психологиялық көмек көрсету қызметінің аясын кеңейту;
    - жан-жақты мәдени білім беру және тілдерді үйрету арқылы балалар мен жасөспірімдерді әлемдік мәдени құндылықтарға тарту;
    - іс-тәжірибе алмасу мақсатында Республика және аймақ кітапханаларымен байланысты нығайту және кеңейту.

    Кітапхана бөлімдері:
    Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, оқырман залы, балалармен жұмыс бөлімі, интернет залы, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі, әдістемелік бөлім.

    Оқырмандарға қызмет бөлімі:

    Оқырмандардың танымдық сұранымдарын қанағаттандырып, әр түрлі білім салалары бойынша әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Жоспарлы түрде кітап конференциялары, әдеби кештер, кітап тұсау кесерлері, дөңгелек үстел тағы басқа кітапханалық іс-шаралар ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлері оқырмандардың кітапқа деген сұранысын, қажеттілігін, қызығушылығын қамтамасыз етеді.

    Оқырман залы:
    Оқырман залында оқырмандар ғылыми, көркем және анықтамалық әдебиеттер, сөздіктер, мерзімді басылымдарды пайдалана алады. Оқырман залында кітапхананың жан-жақты анықтама ақпараттық қызметі оқырмандарға сапалы қызмет көрсетеді. Заман талабына сай ғылым мен білімнің шығармашылық дамудың озық жетістіктерімен таныса алады.
    Кітапхана жылына 40 түрлі газеттер мен журналдар жаздырып алады.

    Тарбағатай аудандық орталық кітапханасы Тарбағатай аудандық орталық кітапханасы

    Балалармен жұмыс бөлімі:
    Ауданда  жасөспірімдердің кітапқа қызуғышылығын артыруда сан түрлі формадағы жаңа кітапханалық іс-шаралар өткізіледі. Жаңа кітаптарға  шолу, интеллектуалдық пікір – сайыстар, кітап оқу чемпионаты, конференциялар мен ертеңгіліктер, әдеби кештерге балалардың қатысу көрсеткіші жоғары деңгейді құрап отыр. Балалар бөлімінде 1405 оқырман тіркелген. Сол сияқты бөлімде «Нұрлы нақыштар - сырлы сызықтар» атты  суретшілер клубы жұмыс істейді, онда  17 клуб мүшелері ай сайын отырыс  өткізеді

    Тарбағатай аудандық орталық кітапханасы Тарбағатай аудандық орталық кітапханасы

    Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі
    Кітап қорын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, құжаттардың сұранысын орындау және кітапханаларға жеткізу.  Әдебиеттерді редакциялау, жаңа әдебиеттерді қабылдау, есепке алу. Жаңа кітаптарды  «ИРБИС» электрондық бағдарламасына еңгізу. Жылына бөлімге 10000 астам жаңа кітап келіп түседі, ИРБИС программасына 4887 кітап кіргізілді. Жылына   1080000 теңгенің 40 түрлі дана баспасөздерге жазылады.

    Тарбағатай аудандық орталық кітапханасы Тарбағатай аудандық орталық кітапханасы

    Интернет залы
    Уақыт талабына сай болуға ұмтылу біздерді аудандық кітапхананы компьютерлендіру тәрізді маңызды жұмысты атқаруға жетеледі. Ондаған жылдар бойы оқырмандарды білім нәрімен сусындатып келген рухани қазына ордасы-кітапханалар жаңа дәуірде жаңа дәстүрде қызмет етіп, өздерінің жұмыс процестеріне жаңа ақпараттық технологияларды ендірді.ХХІ ғасырда кітапхананы ақпараттық мекеме ретінде қарай отырып,оның дамуына автоматтандырылған технологияларды пайдалануымен қатар оның Интернет жүйесіне қосылуы кітапхана қызметінің сапасын арттырып,оқырмандар санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер етті. Осы жаңалыққа орай оқырмандар құрамы да ұлғая түсті олар  : Мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, құқықтық органдардың қызметкерлері, ауыл шаруашылығының мамандары,студенттер, оқушылар, дәргерлер, мәдени қызметкерлері  және тағы басқалары. Барлық оқырмандар қолданысқа жарататын Интернет,Юрист анықтамалық құқық жүйесі,Виртуальды анықтамалық қызмет, Электрондық почта жұмыс жасауға толық мүмкіндік алды. Интернет жүйесінің арқасында кітапхана қызметкерлері алған білімдерін іс- тәжірибиелерінде көрсете отырып, басқаларды да оқытуда . Ауыл кітапханашыларды осы жаңа технологиямен жұмыс істеуге үйрету,ақпараттық-технологиялық біліктілікті қалыптастыру және «ИРБИС» бағдарламаны –ақпараттық тәсілін кітапхана –библиографиялық үрдісті автоматтандыру  технологиясында іс-тәжірибие жүзінде үйрету мақсатында «ИРБИС бағдарламасымен істеу амалдары» атты семинар тренинг өткілді. 2012 жылы аудандық кітапханада  Интернет-залдың  құрылуы әлемдік ақпарат қорын пайдалана отырып, ашық ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етті. Интернет-залдың  ашылуы нәтижесінде кітапхана әр түрлі ақпаратты тұтынушыларға жылдам жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Оқырмандардың   өз бетінше немесе кеңесшінің көмегімен Интернетті пайдалануына мүмкіндік бар.  Бөлім  ақпаратты сканерден өткізу, теру, басу, электронды тасымалдаушыларға жазу қызметтерін көрсетеді. Қазіргі заманға сай құрылғылары бар, жаңа бағдарламалар мен қызметтің кең ауқымын көрсететін интернет залдың қызметі  жастар үшін маңызы зор.Жылына интернет залда 1000 пайдаланушыға қызмет көрсетілді.

    Тарбағатай аудандық орталық кітапханасы Әдістемелік бөлім.
    Кітапхананың әдістемелік жұмыс бөлімінің ең басты мақсаты кітапханалық қызмет көрсетуді  халықаралық дәрежеге жуықтату. Аудан кітапханаларына заман талабына сай кітапханалық білім беру стандартын енгізу.
    Бөлім қызметкерлері аудан  кітапханалар жұмысына бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан  кітапханаларына іс-сапарлар ұйымдастырады. Аудан  кітапханаларының  сандық және жазбаша мәліметтеріне талдау жасап, жыл сайын кітапханалар жұмысы нәтижелерін сараптайды, әдістемелік-нұсқау хаттар жазумен, әдістемелік құралдар шығару жұмыстарымен айналысады, отандық және дүниежүзі кітапханаларындағы озық тәжірибелерді үйрену, жүзеге асыру шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады, кітапханалар қызметін жарнамалайды, қоғамдық ұйымдар мен мекемелермен өзара іскерлік байланыс орнату жұмыстарына қатысады. Кітапхана ісіне қатысты бағдарламалар жасап, оның жүзеге асырылуына атсалысады.

    Кітапханашылардың біліктілігін арттыруға арналған кеңес

    Тарбағатай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 25 кітапхана жұмыс істейді. Оның 25 –і ауылдық, онда 40 кітапханашы бар. Соның 14-і жоғары білімді маман. Әр тоқсан сайын орталық кітапханада кітапханашыларға кітапханалық сабақ, әдіскерлік кеңес, компьютерлік сабақ т.б отырыстар өткізіліп тұрады. Оның мақсаты: кітапханашыларды оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуде жұмыстың прогрессивтік жаңа  түрлері мен әдістерін, қазіргі заманға сай жаңа технологияны ақпараттар ағымында  пайдалану, интернет жүйесімен жұмысты әрі дамыту.

     

    Тарбағатай аудандық орталық кітапханасы Тарбағатай аудандық орталық кітапханасы

    Кітапхананың көрсететін қызметтері
    - Интернет желісін пайдалану өз бетімен немесе кеңесшінің көмегімен
    - қашықтағы қызмет базасын пайдалану
    - виртуалды ашық қызмет
    - электронды түрде құжаттар жеткізу
    -  Электронды пошта қызметі
    - құжатты сканерлеу, мәтінді теру

    Кітапхананың көрсеткіштері

    Біздің ауданның ресми бет бейнесі аудандық кітапхананың сайтының құрылуы Бүкіләлемдік Интернет жүйесінін қолданылатын қауымдастықтың оқырмандары кітапхананың Web- сайтына назар аударса ауданымыздың тарихымен, тамылжыған табиғатымен, фотогалериямен, ауданымыздың атақты азаматтарымен, жерлес жазушыларымыздың өмір деректерімен таныса алады.Кітапхана саласында осындай қысылтаяң заманда жоқтан бар жасап,халыққа рухани қызмет көрсетудің жаңаша үлгілерін байқатып, кітапхана қызметкерлері халық арасында кеңінен таралып, қолдау тапқан мәдени- көпшілік шараларды жағыртып, мәдени жұмыстың мазмұнын жылдан- жылға байытып келеді.Күнделікті ісімізбен, адал еңбекпен іс-тәжрибемізді көпшілікке жеткізіп,өзіміздің оқырмандар үшін, аянбайтынымызға сендіміз.

    Тарбағатай аудандық орталық кітапханасы

    Біз сіздердің  оқуға,  білімге деген құштарлықтарыңызды қуаттап қолдаймыз!

    Парақтар өзгертілді: 18-11-2014