Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Мәдениет
  • А.Байқыдыров атындағы саз мектебі

    Мектеп директоры – Сафаров Қалихан Елғазыұлы
    Туған жылы – 1959 жыл, қазақ
    П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің домбыра факультетін (1993) бітірген.
    Мектепте 1987жылдан істейді, директор қызметінде 5 жыл.

    Ақсуат балалар музыка мектебі 1968 жылы ашылды. 1991ж Алшынғазы Байқыдыров аты берілді. 2010-2011 оқу жылында 185 оқушы домбыра, ән, қобыз, баян, домбырамен ән айту, д-прима, би, бейнелеу өнері сурет білім алуда.
    Оқу бітіретін оқушылар – 21
    Домбыра мамандығы – 2
    Баян – 2
    Қобыз – 3
    Д-прима – 1
    Би – 5
    Ән – 3
    Сурет – 5

    2010 – 2011 оқу жылында мектеп мұғалімдері жоғары білімді – 4, арнаулы орта білімді – 9. Жоғары санатты - 5, 1 санатты – 6, 2 санатты – 1, санаты жоқ – 1. Барлығы 13 мұғалім.

    Мектеп «Тәуелсіздіктің 20жылдығына» 20 жарқын іс бағдарлама бойынша 18 сәуірде «Гүлдене бер, қазақ елі» атты есептік концерт аудандық мәдениет үйінде қойды. Оқушылар хоры, халық аспаптар оркестрі, жеке орындаушылар, бишілер қатысты және бейнелеу өнерімен суреттер көрмесі қойылды.

    Екпін ауылындағы Ы.Кабеков атындағы орта мектепте қайырымдылық концерті беріліп, түскен қаржыны жазатайым күйіп қалған 9 сынып оқушысы Тұрсынов Қайратқа берілді.
    2010 – 2011 оқу жылында мектептің халық аспаптар оркестрі тамыз мәслихатына барып өнер көрсетті.
    Өскемен қаласында өткен «Қазақстан – менің елім» атты этно – мәдни бірлестіктерінің форумына қатысып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алдында домбырашылар оркестрі өнерлерін көрсетті.
    Мектебіміз шығармашылық өнерлерін жетілдіре отырып эстетикалық тәрбиеге, өнер сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін мектептен тыс мекеме.

    «Ақжар балалар саз мектебі» ММ

    Мектептің директоры:  Каирбаев Канапья Капашевич
    Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Шоканов Алибек Токенович.

    Мектептің тарихы:               
    1968ж- мектептің ашылуы.
    1998ж- мектептің 30 жылдығы, 2008ж- мектептің 40 жылдығы аталып өтті. Осы жылдар ішінде мектептің түлектері Болат Әшірбаев ҚР Мәдениет Қайраткері атағына ие болды, композитор.
    Қанағатов Самат- Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер атындағы музыкалық Колледжде баян сыныбының мұғалімі.
    Кендіржанова Ләззат-Облыстық «Өнер» мұражайында өнертанушы.
    Сағатаев Ғабит- мүсінші.
    Мұхаметжанов Аманбек- дирижер, композитор.
    Ердібаев Кәрімбек- «Дала ұлының әуендері» кітабының авторы.
    Каирбаев Канапья- «Ұрпақ үні» кітабының авторы, Мәдениет қайраткері.
    Шоканов Алибек- ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.

    Мектептің оқушылар құрамы:
    Оқушылардың жалпы саны- 106 (5 сынып)
    Әр бөлімге барлық сыныптан келіп оқиды. (5-11 сынып оқушылары)

    Жұмыс тәртібі 2 ауысымнан тұрады:
    2 ауысымда таңдау бойынша арнайы сыныптар (баян, қобыз, домбыра, хореография, сольфеджио, музыка әдебиеті, ансамбль, оркестор, бейнелеу өнері)

    Мектептің педагогикалық ұжымы:
    Жалпы саны - 9 адам
    жоғары - 3 мұғалім
    орта-аранайы - 3 мұғалім

    Кәсіптік деңгейі:
    Жоғары санатты - 3
    Бірінші санатты - 1
    Екінші снатты -1
    Дәрежесіз - 4

    Біздің жетістіктеріміз:
    2007 ж- Ақжар балалар саз мектебінің директоры Канапья Каирбаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет Қайраткері» белгісімен марапатталды.
    2007 ж- Өскемен қаласында облыстық мұражайда «Кенеттен пайда болған әсемдік» атты сурет көрмесіне Ақжар балалар саз мектебінің оқушылары Бұршақбаева А, Сайлауханов Р,  Қабидолданова Ж, Жұмабеков Қ, Нұрланова М қатысып 1-2 ші жүлделі орындарға ие болды.
    2008 ж- Республикалық қосымша білім беру әдістемелік орталығында өткен «Қазақтың жас таланттары» атты жаңа жылдық танымдық бағдарламасына облысымыздың атынан Алматы қаласына шақырылды.
    2008 ж- баян, қобыз және домбыра сыныбының оқушылары облыстық дәстүрлі «Жас музыканттар» конкурсына қатысып, облыстық білім департаментінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
    2009 ж- К.Каирбаевтың «Ұрпақ үні» атты кітабы «Шығыс полиграф» баспаханасынан басылып жарық көрді.
    2009 ж- Ә.Шоқанов ҚР Білім және ғылым министірінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
    2010 ж- Сольфеджио пәнінің мұғалімі А.Абуюрова аудан көлемінде ұйымдастырылған жергілік сазгер Қалихан Сафаровтың «Сағындырған сағым жылдар» атты ән байқауына қатысып, 1-ші орынды иеленді.
    2010 ж- Қобыз сыныбының мұғалімі М.Қожаеваның оқушысы Шібиханова Ш. «Шығыс таланттары» атты облыстық конкурс-фестиваліне қатысып, «Сахана мәдениеттілігі үшін» наминациясымен марапатталды.
    2010 ж- Облыстық Өнер мұражайы ұйымдастырған «Ұлы Жеңістің-65 жылдық» мерейтойына орай жас суретшілердің көрмесіне бейнелеу өнері сыныбыныңоқушылары қатысып нәтижесінде марапатқа ие болды.
    2010 ж- Суретші Шоканов Ә. Шығыс Қазақстан облысы атынан Беларусь Республикасында мамыр айында болып өткен Суретшілердің Халықаралық плэнеріне қатысып, жоғары нәтижеге ие болып қайтты.
    2010 ж- Мұғалімдердің тамыз конференциясында атқарған еңбектері бағаланып, Қабатаева А. Облыстық білім басқармасының грамотасымен марапатталды.
    2010 ж- музыка әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұхаметжанов А. мұғалімдердің облыстықтамыз конференциясы аясында ұйымдастырылған секция жұмысында өз тәжірбиесін ортаға салды.
    2011 ж- Алғыс хат-облыстық жастардың ұлттық Дельфийлік ойындарында қосқан зор үлесі үшін, мұғалімдер: К.Каирбаев, Ж.Жунусова.
    2011 ж- Диплом- облыстық жастардың ұлттық Дельфийлік ойындарында баян-қобыз наминациясы бойынша үшінші орын алған оқушылар: Арғынова Мөлдір, Тұрсынханов Елжан.
    2011 ж-Облыстық Шығыс шуақтары-2011 конкурсының 1-ші орын иегері оқушы. Тоқан Айсұлу.

    Материалдық-техникалық база:
    2008 жылға бекітілген қаржы 5 876 000 теңге
    80 000 мың теңгеге музыкалық аспаптар, стол, орындық алынды.
    Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 154 000 мың теңге бөлінді.

    2009 жылға бекітілген қаржы 8 432 000 теңге
    Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 30 000 мың теңге бөлінді.

    2011 жылға бекітілген қаржы 42 881 000 теңге
    Мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді.
    Ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалынды..

    Мемлекеттік мекеменің атауы Басшысы Мекен жайы Байланыс телефоны
    1

    «Ақжар балалар саз мектебі»
    мемлекеттік мекеме

    Каирбаев
    Канапья Капашевич
    Қазақстан Республикасы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы,
    Жамбыл көшесі 16
    8 (723 44)20-188

     

    Парақтар өзгертілді: 18-11-2014