Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Мәдениет
  • Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын «Ақсуат» мәдениет үйі

    Көпшікбаева Шакен Мәлікқызы Көпшікбаева Шакен Мәлікқызы - «Ақсуат мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры.

    1964 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылында дүниеге келген.
    1993-1994 жылдары Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының тарих-кітапхана факультетін бітірген.
    2007 жылы Алматы қаласы, Қазақтың Мемлекеттік Әл-Фараби атындағы университеті жанындағы білім көтеру курсында «Журналистика бойынша»  білімін жетілдірсе, 2009 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының «Әлеуметтік бағдарламаларды басқару және жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша халықаралық семинар-курсын оқыған. ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігі, «Мәдени саясат және өнертану» институтының қайта даярлау курсынанбілімін жетілдірген.

    1981-1994 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылында жастар жетекшісі, бала-бақша меңгерушісі, 1994-1995 жылдары Д.Қонаев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, 1995-1997 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық мәдениет және спорт бөлімінің әдіскері, 1998-2005 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты орталықтандырылған клуб жүйесінің директоры, 2005-2009 жылдары аралығында әдіскер, 2009-2012 жылдың желтоқсан айының 10-на дейін Тарбағатай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері, 2012 жылдың желтоқсан айының 10-нан бастап, бүгінгі күнге дейін «Ақсуат мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры қызметін атқарады. Жалпы еңбек стажы 30 жыл, оның ішінде мәдениет саласында 28 жыл.
    Аудандық «Тарбағатай» газетінің тілшісі, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Өшпес даңқ» деректі ескерткіш журналының жауапты шығарушысы, авторы, 1999-2007 жылдары «Тарбағатай ақындары жырлайды», «Тарбағатай әуендері» кітабын жинақтаушы, ауданның 70-80 жылдығына арналған «Барқытбелдің баурайында» және «Тарбағатай» энциклопедиялық анықтамалығының авторлар алқасының мүшесі, «Өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.

    Директордың қызметтік міндеті, функциясы

    Мекеме қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру және бақылау; мәдениет және клуб үйлерінің құрылымын қаржылық бағдарлама бойынша жоспарлау және ұйымдастыру;
    Материалдық базаны нығайтуға басшылық жасау. Кадрларды іріктеу мен орналастыру принципін білу; еңбекті бағалау және төлеудің жүйесін білу; ұжымның
    шығармашылық және шаруашылық жұмыстарының жоспарлы түрде өтуін қадағалау және үйлестіру.

    «Мәдениет ұлттың мәйегі, халық мақтанса, тек биік мәдениетімен ғана мақтана алады. Ал ұлттың мақтаныш сезімінсіз біздің ешқандай ісіміздің ілгері асуы мүмкін емес. Сондықтан, мәдениетті қолдау – халықтың рухын қолдау».
    Н.Назарбаев

    Мәдениет үйінің жұмыс кестесі: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
    Үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.
    Әр айдың соңғы бейсенбісі – тазалық күні.

    Мекен-жайы: 071500, Шығыс Қазақстан облысы,
    Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, 20 үй
    Байланыс телефоны: 8 (723-46) 2-17-12

    Мәдениет үйінің басым бағыттары:

    Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық және Мемлекеттік мерекелер өткізу тұжырымдамасы.

    Мақсаты:

    Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңымен қорғалатын ұлттық мәдени игілік болып табылатын мәдениет үйлері мен клуб үйлерінің жұмыс жүйесін жетілдіру арқылы халықтың рухани мәдени топтасуын, ұрпақтың қоғамдануы және рухани адамгершілік-имандылық құндылықтарын өрістету, ұлттық идеялық топтасуды, халықтар бірлігін сақтау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерін жүзеге асыру, Жалпымемлекеттік және Ұлттық мерекелер өткізу арқылы мемлекеттің стратегиялық дамуын қолдау. Халықты ақпараттық идеологиялық қамту. Аудан көлемінде мәдени шаралар өткізу арқылы қоғамға қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай туғызу. «Қазақстан – 2030» стратегиясының міндеттерін халыққа насихаттау. Аудандағы халықтық ұжымдардың шығармашылын дамыту және халық таланттарының танылуына ықпал ету. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерін мәдениет пен өнер мекемелерінің шығармашылық қызметін жүйелеу арқылы ұйымдастыру. Аудан көлеміндегі мәдени объектілердің материалдық базасын нығайту, алыс елді - мекендердегі халықтың рухани қажетін қанағаттандыру мақсатында клубтар ашу.

    Алдағы уақытта мәдениет саласын дамытуда мына бағыттар бойынша міндеттер шешілуі тиіс:

    - 2011 жылы Ақсуат мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау;
    - 2011 жылы Тұғыл, Қызыл-Кесік мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден, Екпін клуб үйін ағымдағы жөндеуден өткізу;
    - 2011 жылы көктемгі тасқын судан зардап шеккен Көкжыра, Жәнтікей мәдениет үйлерін қайта салу;
    - Елді - мекендерден клубтар ашу;
    - Алыс ауылдарға ақпараттық - мәдени қызмет көрсету мәселесін шешу үшін автоклубтар сұрау;
    - Жергілікті жердегі мәдениет қызметкерлері кадрларының кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында арнайы білім көтеру курстарына мәдениет қызметкерлерін жіберу;
    - Аудандағы өнер шеберлерінің шығармашылығын таныту мақсатында облыстық, республикалық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету;

    Мәдениет үйі қызметкерлерінің міндеттері

    • Аудан көлемінде халықтың мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды жүзеге асыру, мәдени – демалыс қызметін ұйымдастыру, жалпы халықтық мерекелер өткізу, шығармашылықпен айналысу.

    • Мекеменің шығармашылық қызметін жетілдіру, халыққа мәдени – эстетикалық тәрбие беру.

    • Аудан көлемінде Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен Ұлттық және мемлекеттік, кәсіби мерекелерді өткізу, халық шығармашылығын дамыту.

    Атқарылған және атқарылатын жұмыстар:

    Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері мәдениет пен өнер мекемелерінің шығармашылық қызметі, мәдени құндылықтарды сақтау, тарихи - мәдени мұраларды қорғау, сонымен қатар халыққа мәдени тәрбие беру жүйесін жетілдіруде біршама жұмыстар жүргізіліп отыр. Аудандағы мәдениет саласындағы инфрақұрылымында мәдени қызметті ұйымдастыруда 12 мәдениет үйі, 7 ауылдық клуб халыққа қызмет көрсетіп отыр. Мәдени қызмет көрсету салаларында 110 қызметкердің 10 – нің жоғары, 18 - нің кәсіби білімі бар. Халық шығармашылығын дамыту, халық арасындағы таланттар, көркемөнерпаздар арқылы бұқаралық мәдени жұмыстарды жандандырып, мәдени шығармашылық қызметті негіздеу саласында ауқымды жұмыстар атқарылды.
    Мәдениет мекемелерінің материалдық - техникалық базасын нығайту мақсатында Ақсуат мәдениет үйіне 2 миллион теңгеге музыкалық аппаратура, 450 мың теңгеге сахналық киім, 360 мың теңгеге ерлердің сахналық киімі алынып, бөлінген қаражат толық игерілді. Ауылдық клуб үйлерінің көрермен залына орындыққа 2 миллион 712500 теңге бөлініп, алдағы уақытта алу жоспарланып отыр.

    2011 жылдың І – жарты жылдығында 690 мәдени - көпшілік шара өтті. Оның ішінде 13 спектакль, 25 театрландырылған көрініс, 86 - дан астам тақырыптық кештер, 159 - дан астам жастардың демалу кештері және мерекелік концерттер ұйымдастырылып, оған 126345 адам тартылған. Бұхаралық сипаттағы Жаңа жыл, ұлттық салт - дәстүрімізді паш ететін Наурыз мерекесі, 1 Мамыр мерекесі, 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні, 9 мамыр - Жеңіс күні, 6 шілде - Астана күні, 30 тамыз - Конституция күні, тағы да басқа кәсіби мерекелер мен мейрамдар әр ауылдарда халықтың топтастығын, бірлігін қамтамасыз еткен мерекелер ретінде аталып өтілді.

    Жергілікті жерде тұрғындарды мәдени - көпшілік қамту, Ұлттық және Мемлекеттік мерекелер өткізудегі шығармашылық жұмыстардың қорытындысы ретінде әр әкімшіліктерде өткізілген аудандық көркемөнерпаздар байқауы болып табылады. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі аясында өткізілді. Барлық мәдениет және клуб үйлері аудандық деңгейде өткізілген «Ырыс алды ынтымақ» атты ене мен келіндер сайысы, «Қазақтың қалжың әндері - ай» атты әзіл әндер байқауы, «Айгөлек» атты 5 жастан 14 жасқа дейінгі талантты балалар байқауы, «Бір шаңырақ астында - достығымыз жарасқан» атты ауыл әкімшіліктер арасындағы сайысы және «Сарбаздар» атты патриоттық әндер байқауына барлық әкімшіліктің таланттары қатыстырылды. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен «Туған ел – алтын бесігім» акциясы аясында аудан көркемөнерпаздарының облыс орталығындағы гала - концерті көрермендер тарапынан жоғары қошаметке ие болды.

    Ақсуат халық театры ақын – драматург Қуанышбек Шармановтың «Шарана» спектакльінің премьерасын мәдениет үйінің бас режиссері С.Жұматовтың жетекшілігімен автордың туған жері Құмкөл аулында және Ақсуат ауылы орталығында ұсынды.
    Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық халық шығармашылығы және мәдени – қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Шығыс әуендері -2011» ВАА байқауына қатысқан «Көктем» ВАА-і өз шеберліктерімен жүлделі ІІІ - орынды иеленді және гала- концертте өнер көрсетіп қайтты.


    Халықтық театрларда жаңа қойылым жүзеге асырылады. Шығармашылық тұлғалардың кештері, аудандық көркемөнерпаздар байқауы, жергілікті тұрғындар арасында аудандық байқау, концерттер, ән фестивальдары өткізіліп келеді. Мәдениет объектілері кезең-кезеңмен күрделі жөндеуден өткізіледі. Халық театрлары ұжымдарының материалдық базасы қайта жаңартылады.

    Қазақтың музыкалық мұрасын, ұлттық ән дәстүрін сақтау мен оны халық арасында кең тарату, өткен ғасырдағы қазақ елінің өнер саңлақтары Біржан мен Ақанның, Мәди мен Үкілі Ыбырайдың, Сегіз сері мен Жаяу Мұсаның, Кенен мен Мұхиттың орындаушылық дәстүрін насихаттау мақсатында аудандық «Інжу - маржан» атты дәстүрлі ән орындаушылар байқауы, «Тәуелсіз елдің жастары жырлайды» атты жазба ақындар мүшәйрасы, туған тіліміздің алымды да астарлы қасиеттерін түйсіну, тұтыну, ата - бабамыздың төгілген өрнекті тілі мен шешендік өнерін дәріптеу мақсатында О.Бөкей атындағы көркем сөз оқушылар сайысын және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған аудан көлеміндегі өнерлі жастардың қатысуымен жоғары деңгейдегі мерекелік концерт ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.
    Арнайы мемлекеттік «Дипломмен ауылға» жобасы аясында мәдениет саласына дипломмен келген жастар жұмыспен және тұрғын үймен қамтылып отыр.

    КМҚК «Ақсуат» мәдениет үйіне қарасты мәдениет және клуб үйлері:

    1. Ақсуат мәдениет үйі
    2. Жаңа - ауыл мәдениет үйі
    3. Қарасу мәдениет үйі
    4. Қабанбай мәдениет үйі
    5. Құйған мәдениет үйі
    6. Жетіарал мәдениет үйі
    7. Маңырақ мәдениет үйі
    8. Тұғыл мәдениет үйі
    9. Көкжыра мәдениет үйі
    10. Жәнтікей мәдениет үйі
    11. Кіндікті мәдениет үйі
    12. Қызыл-Кесік мәдениет үйі
    13. Ойшілік клуб үйі
    14. Құмгөл клуб үйі
    15. Сәтбаев клуб үйі
    16. Екпін клуб үйі
    17. Жаңа-тілеу клуб үйі
    18. Жаңаталап клуб үйі
    19. Бозша клуб үйі
    20. КМҚК Ақжар мәдениет үйі

    Мәдениет үйлерінің көрсететін қызметтері

    • Сахналық киімдерді беру
    • Мерекелік шаралар өткізу; мәдени қызмет көрсету.
    • Мерекелік рәсімдерді өткізу
    • Кәсіби деңгейде музыкалық аппаратурамен музыка жазу

     

    Парақтар өзгертілді: 18-11-2014