Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Мәдениет
  • «Туған жерге - тағзым» акциясы аясында атқарылған жұмыстар

    Ауданға «Туған жерге - тағзым» ацкиясы аясында ұлттық ән өнерінің жарық жұлдыздарының бірі, елімізге ғана емес, өзге елдерге де аты кеңінен танылған әнші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, жерлесіміз Майра Ильясова концерт қойды. Туған еліне концерттік бағдарламамен келіп, сағынышын әнмен жеткізген Майра қыздарына аудан халқы қошамет көрсетті. Концертте Өскемен қаласынан М.Ильясованың шашбауын көтеріп келген жерлестеріміз, ақын А.Ғафуров көрермен қауымға арнауын айтып, сазгер Б.Әшірбаев Тарбағатай ауданының әнұранына айналған төл туындысы «Тарбағатай таулары» әнін орындаса, Семей қаласынан арнайы шақыртумен келген әншілер Қадылбек, Маржан Омаровтар ән шашу арнады.

    Театр директоры Аманкелді Бахтиновтың жетекшілігімен аудан орталығында «Дариға-ай» театрының әртістері шығармашылық сапармен болып қайтты.
    «Дариға-ай» театры облыстың мәдениетімен өнерін дамытуға үлкен үлес қосып жүрген танымал өнер иелері. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып, «Туған жерге – тағзым» акциясы аясындағы концерттік бағдарламалары көрермен қауымның көңілінен шығып, тиісті бағасын алды.


    Қазақстан Республикасына еңбегі сіңгенМәдениет қызметкері,Елбасының «Құрмет грамотасының» иегері, Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы», сазгер, дәстүрлі әнші Тұрсынғазы Рахимов аудан орталығында шығармашылық есепті концертін халық назарына ұсынды.
    Еңбек жолын Павлодар қаласындағы облыстық филормонияның іргетасын қалаудан бастап, Семей қаласындағы Ә.Қашаубаев атындағы филормонияда шығармашылықпен еңбек етіп, бүгінде М.Төлебаев атындағы музыка колледжінде оқытушы және Семей қалалық Мәдениет сарайының әншісі.  
    Жүректен шығып - жүрекке жол табатын «Сәби болғым келеді», «Ерке жирен», «Келші қарғам шашыңнан иіскейін», «Отыздан асып барамын» атты әндері ән сүйер қауымның сүйіп тыңдайтын шығармалары қатарында.

    Облысымыздың мәдениетімен өнерін дамытуға үлес қосып жүрген танымал өнер иелері Семей мемлекеттік Ә.Қашаубаев атындағы филармония ұжымы ауданда гастрольдік сапармен болып қайтты.
    Еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға зор үлес қосқан, халқымыздың ардақтылары болған М.Ешекеев, Б.Сыбанов, Д.Хайруллин сынды қазақ өнерінің айтулы қайраткерлері еңбек еткен, бүгінгі таңда Қазақстанның мақтанышына айналған Р.Рымбаева, атақты сазгер Т.Мұхаметжанов алғаш еңбек жолын бастаған, 65 жылдық тарихы барӘ.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы бүгінгі таңда Семей қаласының мақтанышы болып отыр.

    Барқытбел баурайында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңгенәртісБахтияр Тайлақбаев шығармашылық есепті концертін аудан халқына тарту етті. Әншіменбірге шәкіртіШ.Құрбанова және Қазақстан Республикасының мәдениетқайраткері, ТарбағатайауданыныңҚұрметті азаматы, айтыскер ақын А.Какенов өнер көрсетті. Концерт барысында қазақтыңбелгілі композиторларының әндері, сондай-ақ халықәндері орындалды.

    РеспубликалықӘ.Қашаубаев атындағы байқаудың лауреаты, «Жігер» фестивалініңжүлдегері,республикаға танымалдәстүрлі әнші,жерлесімізЖ.Құжыманов аудан халқына есепберу концертінұсынды. Әнші өзінің туған еліне, жеріне деген сағынышын жергілікті, әуесқой сазгер Қ.Сапоровтың «Ақсуат – алтын бесігім» әнімен жеткізді.
    Сахнада әншінің өнердегі серігі, дәстүрлі әнші Е.Нұрханов, облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанып жүрген әншілер А.Бөлекжанова,М.Ахметов өнерлерінкөрсетті.

    Ауданымыздың тумасы, бүгінгі күні Семей қаласындағыӘ.Қашаубаеватындағы облыстық филормонияның әншісі Гүлдана Ноғайбаева аудан халқына «Отаным – алтынбесігім» аттыәнкешін ұсынды.Е.Хасанғалиевтың «Ауылым-әнім» әнімен ән кешін бастаған әнші, өзінің туған жеріне деген ілтипатын білдірді. Кеште әншінің өнердегі достары «Шапағат» медалінің иегері, ҚазақстанРеспубликасыныңМәдениет қайраткері, Мариям Жагорқызының шөбересі Мафруза Өтеленова,талантты әншілер Ербол Қилыбаев, Берік Солтанбеков, ГүлмираНоғайбаева,республикалық «Айгөлек»байқауының Гран – ПрижүлдегеріГүлдананың сіңілісі, биші Аяжан және «Эксклюзив»битобы өздерінің тартымды өнерлерімен сахна ажарын келтірді.

     

    Парақтар өзгертілді: 18-11-2014