Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Мәдениет
  • Тарбағатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ономастика жөнінде атқарып отырған жұмыстары туралы

    Ономастика саласы бойынша атқарылған жұмыстар және әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру мен қайта атау үшін қажетті мәліметтер

    Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі  ономастика саласы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 72 V Заңын, 1997 жылғы 11 шiлдедегi «Қазақстан Республикасының тіл туралы» №51 Заңын, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары» туралы 24 ақпан 2014 жылғы № 138 қаулысын басшылыққа алып жұмыстар атқарады.
    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ж.Омардың 06.02.2015 жылғы № СК-55//284-2 санды қатынасы бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру мен қайта атауға 2016 жылға дейін мораторий жарияланған.
    Ал Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің  27.04.2015 жылғы № 360 санды қаулысына сәйкес Кеңес Одағының батырлары мен Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдерін беру жұмыстары жүргізілуде. Қарасу ауылындағы «В.П. Чкалов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қасым Қайсенов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Бүгінгі күнде екі орта мектептің атауын өзгерту жөнінде облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныс жіберілді. Ал ауылдардағы атаусыз көшелерге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін беруге  байланысты келіп түскен өтініштер қаралып, құжаттар жинақталуда, облыстық ономастикалық комиссияға ұсынылады.

    «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының 25-5 бабында ономастика жұмысының төмендегі критерийлерi көрсетілген.

    Ономастика жұмысының критерийлерi

    Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмдерiн беру жөнiндегi ономастика жұмысының критерийлерi:
    1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшелiктердi ескеру;
    2) әдеби тiл нормаларына сәйкестiк;
    3) бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi елдi мекендерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне бiр атауды бiр мәрте ғана беру;
    4) жеке адамның есiмiмен аталған, ол берiлген (өзгертiлген) күннен бастап кемiнде он жыл өткен соң берiлген есiмдi қайта атау, оны өзгерту;
    5) аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерiнiң, ғылым, мәдениет қайраткерлерiнiң және Қазақстан Республикасы мен әлемдiк қоғамдастық алдында еңбек сiңiрген басқа да жеке адамдар қайтыс болған күннен бастап кемiнде бес жыл өткен соң олардың есiмдерiн беру болып табылады.
    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңының 11 бабының 4 тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерті жөніндегі мәселелерді шешеді делінген.

    Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қажетті құжаттар тізбесі:

    1. Атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы заңды немесе жеке тұлғадан, қоғамдық ұйымнан т.б.  келіп түскен өтініш хат;
    2. БАҚ-та жарияланған материалдардың көшірмесі:

      1)Жиналыстың күн тәртібі, өткізілетін күні, орны мен уақыты көрсетілген хабарландыру; 2) Адам есімі берілген жағдайда өмірбаяны, ауылдық округінің әкімі қолы қойылған; 3) Қажетті құжаттар мен анықтамалық материалдар (мәліметтер, мұрағаттық және басқа да деректер, орден, медальдары туралы құжаттардың көшірмелері; 4) Жарияланған хаттама./

    1. Жиналыстың хаттамасы мен қатысқандардың тізімі (қолдары қойылған);
    2. Кент, ауылдық округ әкімінің аудан әкімінің атына жазған қолдаухаты;
    3. Тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қорытындылары бойынша аудан әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен шешімі (ұсыныс түрінде);

    6. Экономикалық есеп (атау беру және оларды қайта атау бойынша кететін шығын қай бюджеттен қаржыландырылатыны көрсетілуі тиіс);
    7. Өзгертілетін ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала туралы мәлімет (халықтың саны, ұлттық құрамы т.б. деректер).
    8. Өзгертілетін аумақтың жағырапиялық деректері көрсетілген схемалық картасы. Картаға өзгертілетін аумақтың өкілді және атқарушы органдарының басшылар қол қояды;
    9. Кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлігі;
    10. Облыс әкімінің орынбасары, облыстық ономастика комиссиясы    төрағасының атына аудан әкімінің қолдаухаты

    Елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қажетті құжаттар тізбесі

    1.  Атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы заңды немесе жеке тұлғадан, қоғамдық ұйымнан т.б.  келіп түскен өтініш хат;

    1. БАҚ-та жарияланған материалдардың көшірмесі:

     1)Жиналыстың күн тәртібі, өткізілетін күні, орны мен уақыты көрсетілген хабарландыру; 2) Адам есімі берілген жағдайда өмірбаяны, ауылдық округінің әкімі қолы қойылған; 3) Қажетті құжаттар мен анықтамалық материалдар (мәліметтер, мұрағаттық және басқа да деректер, орден, медальдары туралы құжаттардың көшірмелері; 4) Жарияланған хаттама./

    1. Жиналыстың хаттамасы мен қатысқандардың тізімі (қолдары қойылған);
    2. Кент, ауылдық округ әкімінің аудан әкімінің атына жазған қолдаухаты;
    3. Тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қорытындылары бойынша аудан әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен шешімі (ұсыныс түрінде);
    4. Экономикалық есеп (атау беру және оларды қайта атау бойынша кететін шығын қай бюджеттен қаржыландырылатыны көрсетілуі тиіс);
    5. Ұсынылып отырған № 3 үлгіні толтыру;
    6. Жаңа атау берілген немесе қайта аталған көшенің схемалық картасы. (картаға кент, ауылдық округ әкімінің қолы қойылады);
    7. Облыс әкімінің орынбасары, облыстық ономастика комиссиясы    төрағасының атына аудан әкімінің қолдаухаты

    Физико-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша облыстық ономастика комиссиясына ұсынылатын құжаттардың тізбесі

    1. Мектеп ұжымының ( мектептің ата-аналар комитеті мүшелерінің қатысуымен) өткізген жиналысының хаттамасы (қолдарымен);
    2. Мектептің тарихы (мектеп директорының қолымен);
    3. Есімі берілетін тұлғаның өмірбаяны, ауылдық округ әкімінің қолы қойылған (адам есімі ұсынылған жағдайда);
    4. Анықтамалық материалдар (мәліметтер, мұрағаттық және басқа да деректер, Ұлы Отан соғысына қатысқан жағдайда орден, медальдарының құжаттары, газеттердегі мақалалар);
    5. Экономикалық есеп (маңдайша жазуды, мөр және мөртабанды, бланкілерді құрылтайшы құжаттарыд қайта тіркеуге және тағы басқа шығындар қай бюджеттен қаржылатындырылатыны көрсетілуі тиіс);
    6. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлігінің көшірмесі;
    7. Ұсынылған №1 кестені толтыру;
    8. Мектеп директорының ауылдық округ әкіміне ұсыныс хаты;
    9. Ауылдық округ әкімінің аудан әкіміне ұсыныс хаты;
    10.  Облыс әкімінің орынбасары, облыстық ономастика комиссиясы төрағасының атына аудан әкімінің қолдаухаты;

    Мектептерге атау беру құжаттары республикадағы ономастика комиссиясында қаралады.

    Парақтар өзгертілді: 04-09-2015