Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау

Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1125 Жарлығына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 954 Жарлығымен бекітілген

Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi

 

1. Жалпы ережелер


1. Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер¬гiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалаудың осы жүйесi (бұдан әрi - Жүйе) орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - бағаланушы мемлекеттік органдар) қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi.

2. Жүйе бағалауға жататын мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалаудың негiзгi ережелерiн, принциптерiн, бағыттарын белгілейді, органдар жүйесiн және жүргiзу, анықтау және оларға шағымдау тәртiбiн айқындайды (бұдан әрi - тиімділікті бағалау).

3. Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың мақсаты оларға жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылу тиімділігін айқындау болып табылады.

4. Тиімдікті бағалау үшін ақпарат көздері болып табылатындар:

1) мемлекеттiк органдардың есептi кезеңде жүргiзген қызметi туралы есебі;
2) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi және бағалау жүргізуге уәкілетті органдар жүргiзген тексерулер нәтижелерi;
3) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнің Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Рес¬пуб¬ликасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң актiлерi мен тапсыр¬маларының орындалуын бақылау нәтижелерi;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесi Басшысының актi¬лерi мен тапсырмаларының орындалуын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi бақылауының нәтижелерi;
5) мемлекеттік органдардың бақылау актілері;
6) ресми статистикалық мәліметтер;
7) тәуелсіз сарапшылар қорытындылары;
8) тиімділікті бағалаудың белгілі бір бағыты бойынша әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерi;
9) тиімділікті жалпы бағалауды дайындау барысын¬дағы үкiметтiк емес ұйымдардың (қоғамдық бiрлестiк¬тердiң) ақпараты.

5. Тиімділікті бағалауды осы Жүйенің 10-тармағында айқындалған бағалау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі - бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар) жүргізеді.

6. Тиiмдiлiкті бағалау жыл сайын бағалау жүргізу кестесіне сәйкес есептi (күнтiзбелiк) жылдың қорытынды¬лары бойынша жүзеге асырылады.

7. Тиімділікті бағалау жүргiзу кестесi:

1) Бағаланушы мемлекеттік органдардың тиісті бағыттар бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есепті ақпаратын;
2) бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға (бұдан әрі - мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган) бағалаудың нәтижелері туралы қорытындысын;
3) мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органның Сараптамалық комиссияға бағыттар бойынша жал¬пы бағалау нәтижелері туралы қорытындысын;
4) Сараптамалық комиссияның Қазақстан Республикасының Президентіне тиімділікті бағалау нәтижелерін ұсыну мерзімдерін қамтиды.
8. Тиімділікті бағалау жүргiзу кестесiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган әзірлейді және Қа¬зақ¬стан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгі бекiтеді.

2. Тиiмдiлiкті бағалау қағидаттары


9. Тиiмдiлiкті бағалау қағидаттары:

1) заңдылық қағидаты - тиiмдiлiкті бағалауды Қазақ¬стан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестiкте жүргiзу;
2) әдiлдiк қағидаты - жан-жақты және толық тәуелсіз бағалау жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау;
3) дәйектiлiк қағидаты - тиiмдiлiкті бағалаудың нәтиже¬лерiн тиiстi құжаттармен растау;
4) ашықтық қағидаты - ақпарат көздерінің шығу тари¬хын тексеру мүмкіндігі;
5) жариялылық қағидаты - құпиялылық режимiн және қызметтiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қор¬ғауды қамтамасыз етудi ескере отырып, тиiмдiлiкті бағалаудың нәтижелерiн бұқаралық ақпарат құрал¬дарында жариялау болып табылады.

3. Тиiмдiлiкті бағалау органдарының жүйесi


10. Тиiмдiлiкті бағалау органдарының жүйесiн бағалауға уәкілетті мынадай мемлекеттік органдар:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi;
3) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган;
4) мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;
5) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган (бұдан әрi -бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган);
6) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган құрайды.

11. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Жүйенiң 16-тармағында көрсетiлген бағыттарға сәйкес бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар беретiн қорытындылар негiзiнде бағаланушы мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жалпы бағалауды жүзеге асырады.

12. Бағыттар бойынша тиiмдiлiкті жалпы бағалау нәтижелерi туралы сараптамалық қорытынды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының шешiмiмен Президент Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң лауазымды тұлғалары қатарынан Сараптама комиссиясы құрылады. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнің Басшысы сонымен қатар Сараптама комиссиясының жұмыс органын айқындайды.

13. Сараптама комиссиясы өз қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгi Басшысының бұйрығымен бекітілетін Ережені басшылыққа алады.

14. Президент Әкімшілігін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесін қоспағанда, бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін әдіснамалық үйлестіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

15. Өздеріне қатысты тиiмдiлiкті бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi атқарушы органдарды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

4. Тиiмдiлiкті бағалау бағыттары



16. Тиiмдiлiкті бағалау бағаланушы мемлекеттік органдар қызметінің мынадай бағыттары бойынша жүзеге асырылады:

1) қадағаланатын аяда/салада/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесінің актiлерi мен тапсырмаларын орындау;
3) бюджет қаражатын басқару;
4) мемлекеттiк қызметтер көрсету;
5) персоналды басқару;
6) ақпараттық технологияларды қолдану.

17. Осы Жүйенiң 16-тармағында көрсетiлген қызметтің әрбір бағыты бойынша бағалауға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар оларда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалатын Сараптама комиссиясымен келісілген тиісті әдістемелерді әзірлейді және бекітеді.

18. Мынадай ережелер тиiмдiлiк өлшемдері мен көрсеткiштерiне қойылатын міндетті талаптар болып табылады:

1) өлшемдер мен көрсеткіштер ресми статистикалық деректерге, мемлекеттік органдардың деректері мен басқа да ресми ақпаратқа негізделуі тиіс;
2) шығыс ақпаратты жинақтау және өңдеу тәсілі алынған деректердің дәлдігін тексеру мүмкіндігіне жол беруі тиіс;
3) көрсеткішті айқындау оны бағалайтын да, сондай-ақ бағаланатын мемлекеттік органның да, бір мәнді түсінуін қамтамасыз етуі тиіс;
4) қажетті деректерді алу мүмкіндігінше аз уақыт және ресурстар шығындарымен жүргізілуі тиіс;
5) өлшемдер мен көрсеткіштер деректерді үздіксіз жинақтау қажеттілігін және жеке кезеңдер үшін олардың салыстырмалығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып айқындаған жөн;
6) өлшемдер мен көрсеткіштер мемлекеттік органның барлық қызметін қамтуы және барлық мемлекеттік функциялардың сапалы орындалуына бағытталуы тиіс.

19. Тиімділіктің өлшемдері мен көрсеткіштері ретінде халықаралық тәжірибеде қолданылатын өлшемдер мен көрсеткіштер пайдаланылуы мүмкін.

20. Өлшемдер мен көрсеткіштер нақты мемлекеттік органның тікелей қызметін көрсетуі тиіс.

4.1. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау


21. Осы аталған бағыт бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдардың қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

22. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн орталық атқарушы органдарды және жергілікті атқарушы органдарды, осы бағыт бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бағалайды.

23. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның осы бағыт бойынша тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.

24. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн орталық мемлекеттiк
органдарды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды.

25. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеуді және бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мем¬ле¬кеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4.2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесінің актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау



26. Осы бағыт бойынша бағалау Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының сапасын, толықтығы мен орындалу уақтылығын айқындау мақсатында жүргізіледі.

27. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалауды Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

28. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалауды Қа¬зақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.

29. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Прези¬дентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау әдiстемесiн әзiрлеудi және бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесімен бірлесе отырып жүзеге асырады.

4.3. Бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау



30. Осы аталған бағыт бойынша бағалау бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ету шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

31. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

32. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi бағалайды.

33. Бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi бюджеттің атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4.4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау



34. Осы бағыт бойынша бағалау жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

35. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

36. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды.

37. Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

38. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматта көр¬сетуін бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.

39. Электрондық форматта мемлекеттiк қызметтер көр¬сету сапасын бағалау нәтижелерi туралы қорытынды мемлекеттiк қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға енгiзiледi.

40. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп жүзеге асырады.

41. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүзеге асыру мақсатында қосымша әлеуметтік зерттеулер жүргізілуі мүмкін.

4.5 Персоналды басқару тиімділігін бағалау



42. Осы бағыт бойынша бағалау мемлекеттік органда персоналды басқару шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

43. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

44. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды.

45. Персоналды басқаруды бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мем¬лекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4.6. Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау



46. Осы бағыт бойынша бағалау үрдістерді оңтайландыру және мемлекеттік органдар қызметінің ашық¬тығын арттыру үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

47. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

48. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi бағалайды.

49. Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

5. Бағаланатын мемлекеттiк органдардың тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу тәртiбi



50. Бағаланатын мемлекеттік органдар жыл сайын бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға бағалау жүргізу кестесіне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпарат тапсырады.

51. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпараттарындағы деректерді қайта тексеру бойынша кешенді ұйымдастыру шараларын қабылдауға міндетті.

52. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар тиімділікті бағалаған кезде есепті кезеңдегі басқа да бақылау органдарының тексеру нәтижелерін есепке алады.

53. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағаланатын және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды және қызмет бағыты бойынша тиімділікті бағалауға қатысты мәселелер бойынша ақпараттарды, қызметтік немесе басқа да заңмен қорғалатын құпия¬ларды құпиялық тәртібін сақтай отырып өздері белгілеген тәртіп бойынша сұратуға және алуға құқылы.

54. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағалау үрдісінде алынған мәліметтердің сақталуына және құпия¬лығына жауап береді.

55. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағалау жүргізу кестесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөнін¬дегі уәкілетті органға тиісті бағыттар бойынша қорытындыларын ұсынады.

56. Қызмет бағыттары бойынша тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындылар бағалау туралы қорытынды есептен, бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тұжырымдары мен
ұсыныстарынан тұруы тиіс.

57. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалауды қалыптастыру кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіпте коммерциялық емес негізде үкіметтік емес ұйымдарды (қоғамдық бірлестіктерді) және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.

58. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағыттары бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелерін бағаланатын мемлекеттік органдарды бір мезгілде ақпараттандыра отырып Сараптамалық комиссияға енгізеді.

59. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мен Сараптамалық комиссияға ұсынылатын бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар қорытындыларының форматтарын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнің келісімі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

60. Сараптамалық комиссия мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы негiзiнде тиімділікті жалпы бағалаудың нәтижелерi Қазақстан Республикасының Президентiне енгізіледі.

61. Жалпы бағалаудың нәтижелерi мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарымен мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті шаралар қолдануы үшін жіберіледі.

62. Бағалау қорытындылары бойынша нәтижелерді мем¬лекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бұ-қаралық ақпарат құралдарында құпиялылық режимiн және қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етудi ескере отырып жариялайды.

6. Бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртібі



63. Бағаланушы мемлекеттік орган тиімділікті бағалау нәтижелерін алған кезден бастап жүргізілген бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бес жұмыс күні ішінде сараптау комиссиясының жұмыс органына дәлелдеуші құжаттармен бірге шағымдану негіздемелерін ұсынады.

64. Сараптау комиссиясының жұмыс органы шағымдану негіздемелері келіп түскен жағдайда бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға қайта тексеруге жібереді.

65. Дәлелдеуші құжаттары жоқ шағымдар келіп түскен жағдайда сараптау комиссиясының жұмыс органы оларды ақпарат ретінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға жібереді. Бағаланушы мемлекеттік органдарға қайта тексерудің орынсыз екендігі жөнінде жауап жолдайды.

66. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарда нәтижелерді қайта тексеру үшін бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрамына мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кіруге болмайтын арнайы комиссиялар қалыптастырылады.

67. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар 30 күнтізбелік күн ішінде қайта тексеру нәтижелері бойынша шағымдарды қабылдау немесе қабылдамау туралы негізделген қорытындыларын Сараптама комиссиясының жұмыс органына және бағалауға жататын мемлекеттік органдарға жібереді.

68. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар шағымдарды қабылдаған жағдайда тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындыларға тиісті түзетулер енгізеді.

69. Сараптау комиссиясының жұмыс органы бағалаудың жеке нәтижелеріне егер бағалау барысында бағалаудың соңғы нәтижесіне әсер еткен бұзушылықтар айқындалған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар мамандарын тарта отырып қайта тексеру жүргізуге өз бетімен бастамашылық етуге құқылы.

7. Бағалауға қатысушылардың жауаптылығы



70. Осы Жарлық ережелерінің уақтылы және сапалы орындалуына саяси мемлекеттік қызметшілер дербес жауап береді.

71. Бағалануға жататын мемлекеттік органдардың саяси мемлекеттік қызметшілері есепті кезеңге берілетін есептердің және олардың қызметін регламенттейтін құжаттардың дұрыстығына, толықтығына және уақытында берілуіне дербес жауап береді.

72. Тиімділікке бағалау жүргізуге жауапты мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі, бюджеттің атқарылуы жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органдардың саяси мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тиімділікті бағалау нәтижелерінің бекітілген әдістемелерге сәйкес келуіне дербес жауап береді.

73. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағалау жүргізу барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін олардың саяси мемлекеттік қызметшілері дербес жауап береді.

74. Осы Жарлықтың бұзылуы айқындалған жағдайда Сараптау комиссиясының жұмыс органының тиісті лауазымды тұлғалардың жауаптылығы туралы ұсыныс енгізу құқығы бар.