Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Мүлікті жария ету
  • Мүлікті жария ету

    Мүлікті жария ету жалғасуда! Өз мүлкінді, капиталыңды қорға! *.doc 37 KB

    Мүлікті жария ету

    Мүлікті жария ету

    Мүлікті жария ету

    Мүлікті жария ету

    Мүлікті жария ету

    Мүлікті жария ету

    Мүлікті жария ету

    Мүлікті жария ету

    «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы №213  Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Тарбағатай ауданының аумағындағы мүлікті жария етуді өткізу жөнінде комиссия құрылды.
    Мүлікті жария ету субъектілері - мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіпте жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.

    Жария ету өткізуге мынадай мүлік жатады:
    1)    ақша;
    2)    бағалы қағаздар;
    3)    заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
    4)    басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүліктер;
    5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан,жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); 
    6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады. 
    Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

    Тарбағатай ауданы аумағында тұратын жылжымайтын мүлікке жария етуді өткізу үшін, заңға сәйкес құқығы рәсімделмеген,  жылжымайтын мүлікке жария етуді өткізу үшін, өтінішті аудандық мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға ұсынылады. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу үшін, арызды салық органдарына ұсынылады. Жария етуді өткізу ақшасы екінші деңгейлі банктерде өткізіледі.
    Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті жария еткені үшін алым қарастырылмаған.
    Қазақстан Республикасының аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүліктің сатып алу құнының немесе бағалау құнының 10% мөлшерінде төленеді.
    Мүлікке жария етуді өткізуді рәсімдеуге, жария ету субъектілерге байланысты барлық шығындарды өз бетінше жүзеге асырады.
    Аудан аумағында тұратын, заңнамаға сәйкес құқығы рәсімделмеген, жылжымайтын мүлікке жария етуді өткізу үшін,жария ету субъектілері комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:
    - Заңда белгіленген , мүлікті жария етуді өткізуге өтініш (бұдан әрi - өтiнiш) форма бойынша екі данада;
    - өтініш берген кезде салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;   
    -  жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады;
    - ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысы;

    Мүлікті жария ету үшін, басқа тұлғаға рәсімделсе, қосымша келесі құжаттар ұсынылады:
    -  мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (нотариат куәландырған);
    - басқа тұлғаның мүлікті жария ететін жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың көшірмесі (нотариат куәландырған).
    Құжаттардың толық емес болған жағдайда, ұсынылған құжаттарда өшiрiп тазалау мен түзетулер болған жағдайда,заңнамада қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, арыз қайтарылуға жатады. Ұсынылған құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде тұлға қайтадан коммисияға арыз беруге құқылы.

    Мүлiктi жария етуге өтінішті комиссия өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.Комиссияның құжаттарды қарастыру бойынша шешімі;
    1)    жария етуді өткізу жөнінде;
    2)    жария етуден бас тарту туралы.
    Нысананың әрқайсысы бойынша жеке, мүлікке жария етуді өткізу жөнінде комиссия отырысының хаттамасы рәсімделуі немесе жария етуді өткізу жөніндегі бас тартуы туралы коммисия шешімі және барлық коммисия мүшелері қол қояды.
    Нысананы жария етуді өткізу жөнінде – жеке тұрғын үй құрлысы (шаруашылық тұрмыстық құрылымдар да бірге), өндірістік немесе басқа да тағайындалған, қалақұрылысы регламенттіне сәйкес белгіленген жолмен негізделген жағдайы бойынша құрлыс жүйесіндегі орналастыру бөлігіне (жайғастыру)  өртке қарсы және санитарлы-эпидемиялық талаптар бойынша қабылданады.
    Мүлікке жария етуді өткізу жөнінде комиссияға құжатты қабылдау Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі 13  (Нур-Отан ХДП ғимараты), №5 кабинетінде, 2-20-08 телефондары арқылы консультациялар беріледі.

    Парақтар өзгертілді: 21-12-2016