Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Тарбағатай ұлылар мекені
  • Әулие Ырғызбай-ата

    kn2 Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктер-мен емдеп жазады. Халық емшісі 1787 жылы Тарбағатай өңірінде дүниеге келіп, 1850 жылы «Мыңжылқы» құдығына таяу маңдағы күзеуде қайтыс болады. Ырғызекең бала жасынан емдік шөптерге үйір болса керек. Емші шипалы тамыр – шөптерді жаз, күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді. Әрине, әрбір шөптің теру тәсілі, сақтау ережесі бар ғой. Бір шөпті таңғы шық кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек қана кешкілік терген дұрыс. Және де оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату оның емдік қуатын әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлып жинаған да, күн сәулесі түс-пейтін көлеңкеде, самал есетін, тыныс алатын орындарда кептіріп, дайындаған.

    kn2 Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын-ала дайындап, оған сөрелер ор-наластырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны кере-геге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөң-келер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Дәрідәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі-дәр-мектер дайындау барысында Ырғызекең жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шәуешек жақтан бір қарт емші оның үйіне келіп Тарбағатайдың теріскейіндегі күн түспейтін су-лы қойнауларында емдік қасиеті өте күшті адам бейнелі өміртамыр болатынын, хансулардың оны женьшень дейтінін, осы кісішөпті іздеп табуын өтінеді. Ырғызбай емші оны көп жыл бойы іздеп, ең соңында Түйемойнақ шыңының сулы жықпылынан табады. Сөйтсе, ол жасылтым жапырақтары жайылған, қызғылтым сабағының ұшын-да шоқ жемістері мөлдіреп тұрған, бәкене бойлы ерекше өсімдік екен.

    kn2 Атақты Ырғызбай емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағынан, тамырынан дәрі-дәрмек жасағанда олар-дың қандай ауруға қалай қолданғанда ем болатынын табиғи түйсікпен біліп, да-мытқан. Емшінің үйінен қы-сы-жазы кенекұнжұт, түймешетен, адыраспан, долана, көккекіре, суқалампыр, қарандыз, киікот, шайқурай, тікенжиде, тәуіпдәрі, томардәрі, қасқыртамыр мыңжапырақ, жаушүмілдік тәрізді өсімдіктер үзілмеген. Ол улы шөп-тамырларды аса сақ-тықпен жіңішке ауруларға, тері ауруларына, күйікке қолдана біліпті. Құнанбай қажы ауруынан емдеп жазуға ша-қыртқанында, Ырғызбай емші қоңыр аюдың өтін бауырымен қоса алып, мейіздей етіп кептіріп, марал, бұғы, киік мүйіздерінен жасаған дәріле-рін реттеп, әбден қайнатып тазартқан, мумиесін мысқал–мысқалға бөліп, дайындапты. Ол Құнанбай қажының өт жолының да бұзылғанын біліп, өзіне арнап тігілген киіз үйде жеті, қырық бір, жүз үш түрлі шөптен, қырық бір түрлі жапырақтан, гүл мен тамырдан дәрі жасап, оны жылқының іш майына араластырып қайнатып, жеті түрлі дәмнен тосап дайындайды. Тосапқа аю өтінің тарыдайын екі-үш сүйкеп, жиі-жиі ішкіздіртіп, қырық күн емдеп, Құнанбай қажыны ауруынан жазып алады. Құнанбай қа-жының өтінішімен Сыбан еліндегі ақын Түбекті де емдеп, қатарға қосады. Содан Сұртай ақын Ырғызбай емшіні былайша жырға қосады:

    kn2 ... Ырғызбай елге әйгілі тәуіп еді, Құнекеңе шипалы ем тауып еді. Ажалдан Құнанбайды алып қалды, Әйтпесе, басқа төнген қауіп еді... Құнекең сыйға тартқан сол биені, Сусынға неше жылдай сауып еді. «Емші» өсімдіктер тарихынан

     

    Қаракерей Қабанбай батыр ескерткіші 

    kn2 2012 жылдың 21 қыркүйек күні Халықаралық маңызы бар Майқапшағай-Омбы тас жолының бойындағы Боғас бекетінде қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен, даңқты қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырға арналып ескерткіш орнатылды.

    kn2 Қабанбай Қожақұлұлы 1692 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келген. Қаракерей Қабанбай бабамыз, Дарабоз батыр, талантты қолбасшы болған. Азан шақырылып қойылған есімі-Ерасыл. Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болады. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып «Қабанбай батыр» атанған.

    kn2 1717 жылы Аягөз шайқасына, 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанған.
    1751 жылы сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Жоңғарияда айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.

    kn2 Абылай ханның сенімді серігі Қабанбай батырқазақтың өштескен жаулары Арсалаң, Арқауыл, Доланқара, Әтеке жырықты жекпе-жекте жеңіп, жаудың бетін қайтарды. Ата жұртты азат етудегі Жеңісті жорық жолдарыҚабанбай батырдың қолбасшылық даңқын асқақтата түсті.
    Абылайдың бас сардары болған Қабанбай батыр өзінің сертке беріктігімен, батыл жүректігімен қазақ халқының батырлық ұранынаайналды. Өзі жасаған 78 жасының 63 жылын халқы үшін ат үстінде өткізген, батыр 103 рет жаумен жекпе-жекке шығып жеңіс туын тікті.
    Қабанбай батырға арнап ескерткіш орнату біздің, халқымыздың өткеніне деген ыстық ықылас, арғы-бергі бабаларымыздың аруағына деген перзенттік парыз болып табылады.

     

    Парақтар өзгертілді: 22-10-2014