Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жер қатынастары
  • Жер қатынастары

     «Тарбағатай аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-де 2016 жылы атқарылған  жұмыстары

    Тарбағатай ауданының барлық жер көлемі 2 млн 373 мың 190 гектар,  немесе облыс жер аумағының 8,4%-тін, пайызын құрайды.
    Осыдан өндіріс көлік, байланыс,қорғаныс жері және өзге де мақсаттағы жерлер, ерекше қорғаудағы жер, су қоры, елді мекен жерлеріне 690 мың 136 гектар жер бекітілген.
    Ауыл шаруашылығы мақсатына пайдалануға жататын жер көлемі 2 млн 118 мың 182 гектар, осының егістігі 29 мың гектар, шабындығы 89 мың гектар, жайылымдығы 2 млн 91 гектар.
    Аудан бойынша тіркеуге алынған 1960 шаруашылық құрылымдарының, 1947-ы шаруа қожалықтары, 4 өндірістік кооператив, 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 3 мемлекеттік заңды тұлға.           

    Қазақстан Республикасының Президентінің ауыл шарушылығы жер учаскелерін түгендеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түгендеу жұмыстары жалғасты. 2016 жылы 56 шаруашылық құрылым иелерінің жалпы ауданы 17051,3 гектар, оның ішінде 149,6 гектар егістік жер, 830,8 гектар шабындық жер, 15825 гектар жайылымдық жер, 246,4  гектар басқадай жер телімдерімен  келісім шартты мерзімінен бұрын  бір жақты бұзу арқылы мемлекетке қайтарылып алынды.

    2016 жылы шаруашылық жүргізуге жер телімдерін алуға өтініш білдірген шаруашылық құрылымдарына сәуір айындағы өткізілген конкурстың негізінде жалпы алаңы 21829,0 гектар жер телімі, оның ішінде 125,0 гектар егістік жер, 514,9 гектар шабындық жер, 21189,0 гектар жайылымдық жер телімдері Қазақстан Республикасының «Жер Кодексінің» 48 бабында бекітілген заңдылыққа сәйкес ашықтық пен жариялықты қамтамасыз ету мақсатында конкурстық негізде берілді.
    Мемлекет меншігіндегі  елді мекендер  аумағындағы жер учаскелерін тұрғын үй құрылыстарын және басқада коммерциялық нысандарын салу үшін 2016 жылы 3,3 гектар жер учаскелері 1 млн 863 мың 400 теңгеге сатылып берілді.

    2016 жылы бөлімде төмендегі 5 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша қызметтер көрсетілді:
    «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту» көрсетілетін қызметі – 90 өтініштер, «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі – 1, «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беруқызметі – 0 өтініштер, «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру қызметі – 0 өтініштер, «Жер учаскелерін қалыптасыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызметтері бойынша 204 өтініштер тіркелді.
    2016 жылы жер қатынастары бөліміне 265 өтініш–арыздар келіп тіркелді, оның 84 жер сұраса, пайданудағы жерлерін өз еркімен мемлекетке қайтаруға 48 өтініш бергендер, осының 9-і жер учаскесіне байланысты даулы мәселелер, қалған өтініштер жер учаскесінің сәйкестендіру құжаттарына байланысты әр түрлі өтініштер.


    kn2 Аудандық жер қатынастары бөлімінің 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат
    kn2 Аудандық жер қатынастары бөлімінің 2014 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат
       

     

    Парақтар өзгертілді: 27-01-2017