Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жер қатынастары
  • Жер қатынастары

    Аудандық жер қатынастары бөлімінің 2014 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

    Аудан аумағындағы барлық жер көлемі 2 млн 373 мың 190 гектар,  немесе облыс жер аумағының 8,4%-тін, пайызын құрайды.
    Осыдан өндіріс көлік, байланыс,қорғаныс жері және өзге де мақсаттағы жерлер, ерекше қорғаудағы жер, су қоры,  елді мекен жерлеріне 690 мың 136 гектар жер бекітілген.
    Ауыл шаруашылығы мақсатына  пайдалануға жататын жер көлемі  2 млн 118 мың 182 гектар, осының егістігі 29 мың гектар, шабындығы 89 мың гектар, жайылымдығы 2 млн 91 гектар.
    01 қараша 2014 жыл  есепті кезеңде  1953  мемлекеттік  және мемлекеттік емес  жеке меншік иелерімен, жер пайдаланушылар,  оның ішінде 1939 шаруа қожалықтары, 4 өндірістік кооператив, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жалпы алаңы 945 мың 253 гектар ауыл шаруашылығына арналған жер телімдерін  жеке меншікке және жалға  пайдалануға алып, иелік жасауда, оның 20 мың гектары егістік, 40 мың 188 гектары шабындық 885  мың 58 гектары   жайылымдық  жерлер.
    Шығыс  Қазақстан облысы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жерлерді түгендеудің кейбір  мәселесі туралы» № 47 қаулысы мен берілген тапсырманы  орындау мақсатында    аудан әкімдігінің № 311 қаулысымен құрамы 29 жауапты  лауазымды басшылардан тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды.  
    Аудан бойынша жалпы  аумағы 1 млн 110 мың 173 гектар  жер учаскелеріне   тексеру- түгендеу жұмыстары   жүргізілді,  барлық шаруашылық құрлым иелерінің  иелігіне берілген ауыл шаруашылық жерлерінің  100 пайызы,  аудандық жұмыс тобының жүргізген жұмысының нәтижесінде  түгендеуден өткізілді.          
    Түгендеуден өткізілген жер учаскелерінің  196 мың   552 гектары, оның ішінде 14 мың 238 гектар  егістік  жерлер, ұзақ уақыт ауыл шаруашылығы өндірісінің айналымынан, пайдаланыстан  шығып қалғаны анықталып  есепке  алынды.
    Жүргізілген жұмыстардың қорытындысымен, Жалға беру туралы келісім-шарттарды бұзу арқылы 92 мың  453 гектар жер  учаскелері  мемлекетке қайтарылды.
    2014 жылдың қаңтар айынан бері, осы кезеңге дейін жер қатынастары бөліміне   жиыны  154    өтініш арыздар   түскен, оның 85-і қысқа және ұзақ мерзімге жалға  жер сұрағандар, 5 өтініш жер учаскелеріне байланысты даулы мәселелер, 3 арыз-өтініш  берушілер  аудан әкімдігінің қаулысы, 2-еуі жер беру комиссиясының хаттамасын өзгертіп беруді сұрап өтініштер  берсе, ал 6 арыз иесі ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер телімдеріне, шопан үйін, мал қораларын салуға рұқсат сұрағандар болса ал 37-сі пайдалануындағы жер учаскелерін мемлекетке қайтарып алуды  сұраушылар, 11- ауылдық округі аумағынан өзіндік қосалқы үй шаруашылығын жүргізуге  жер сұраса, 5-уі пайдалануындағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге ұсыныс берушілер
    Есепті кезеңде, аудандық жер қатынастары бөліміне Шығыс Қазақстан облысы  әкімінен 9/тоғыз /, облыс әкімдігінің тіркеу-бақылау карточкасы бақылауымен  17,   және  аудандық дербес бөлім,басқарма басшыларынан, облыстық басқармалар, қадағалау-бақылау  органдары тарапынан 145 жазбаша хаттар мен қатынастар келіп тіркелді..
    Шығыс Қазақстан   облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жерлерін шаруашылық құратын тұлғаларға жеке меншікке сатып беруді өндіріске енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, осы есеп беру кезеңінде сегіз шаруашылыққа, атап айтқанда  барлығы 1034гектар ауыл шаруашылығы жер учаскесі  1 млн 993 мың теңгеге жеке меншікке сатылып берілді.
    Сондай-ақ, елді мекендер  аумағынан есепті кезеңде  3,1 га жер учаскесі 34 жеке және заңды  тұлғаларға коммерциялық құрлымдардың объектілерін салуға жеке меншікке  2 млн 919 мың теңгеге сатылды.
    Аудан аумағындағы есепке алынған 1953 шаруашылық құрлым иелерінің  жер учаскесіне жер пайдалануға құқық беретін құжат жер актісімен қамтылуы 98 пайыз болса, ал   Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан  бөлінген қаржымен, 1762 шаруашылықтар немесе аудан аумағында есепке алынған шаруашылықтардың  90 пайызы жер учаскесінің  паспортымен (төлқұжат)  қамтамасыз етілді, оның 97-не есеп беру жылы жер паспорты табысталды.         
    Аудан әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында үстіміздегі жылы Тұғыл ауылдық округіне жалпы алаңы 73791 гектар ауыл шаруашылығы жер учаскелері, оның ішінде 2664 гекта егістік, 66387 гектар  жайылымдық жерлер қосылды, сондай-ақ  12/он екі/ шаруашылық құрылымдарының 2257 гектар  жайылым жерлер егістік жер түріне аударылды. ауылдық округіне қарасты Ахметбұлақ елді мекенінің құрамына 1500 гектар және Ақсуат елді мекеніне 1000 гектар ауыл шарушылығы жерлерін жаңадан қосып беріп, ауыл азаматтарының өтініш-тілектерін қанағаттандыру мақсатында, жергілікті бюджеттен    1 млн 795 мың теңге қаржы бөлінді, елді мекеннің шектерін өзгертіп жер-шаруашылық жұмысын жүргізу  2011 жылы  нақты өз шешімін тапты.    
    Жер түгендеу қорытындысы мен мемлекетке қайтарылып алынған жер учаскелерінің 73 мың 397 гектары жер сұраушы азаматтарға қайтадан табысталды.
    Аудан халқына ақпараттық хабарлама беру мақсатында  Тарбағатай газетінің бетінде   бөлім басшысы,  мамандары атынан 4/төрт/ рет мақала берілді. 
    Мемлекеттік қызмет  стандарттарын бекіту туралы,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №358   қаулысын  басшылыққа алып мемлекеттік мекеме өз құзыреті шегінде  жеке және заңды тұлғаларға  5/бес/ түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
    Атап айтқанда: 2014 жылы азаматтарға  жалпы жиыны 202 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді.
    Ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы есепті кезеңде аудан әкімдігінің  кеңейтілген отырысында  «Ауыл шаруашылығы жер учаскелерін түгендеу жұмыстарының қорытындысы және пайдаланылмай жатқан жерлерді  азайту үшін алқапты бір түрден екінші түрге ауыстыру жұмыстарының барысы туралы» бір  рет, ал аудан  әкімінің аппарат мәжілісінде бес рет аудан аумағында жер қатынастарын реттеу мәселелері  туралы есеп берді.

    Парақтар өзгертілді: 22-05-2015