Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Денсаулық сақтау саласы
  • «Тарбағатай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық құқығын жүргізу негізіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

    Аштаева Алмагуль Мухамедкаримовна

    Тарбағатай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері- Аштаева Алмагуль Мухамедкаримовна

    25 қазан  1973 жылы бұрынғы Семей облысы Аксуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ұлты –қазақ, білімі жоғары.
    1992 жылы Семей қаласы Семей мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1999 жылы «Балалар дәрігері» мамандығы бойынша  бітіріп шыққан.
    1999-2000ж. аралығында  жылы  Семей қаласы облыстық ауруханадан  «Балалар дәрігер» мамандығы бойынша интернатурадан өткен. 
    2000 жылы Тарбағатай орталық аудандық ауруханасына  қарасты «Жаншипа» дәрігерлік емханасына  меңгеруші және жалпы бағыттағы дәрігер.
    2013 жылы Алматы қаласы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында «Эндокринология» мамандығы бойынша дипломнан кейінгі қайта даярлау курсын аяқтаған. 2014 жылы Тарбағатай орталық аудандық ауруханасына эндокринолог дәрігер.
    2015 жылы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары және  дәрігер эксперт міндетін атқарған.
    2016 жылы Тарбағатай орталық аудандық  ауруханасы кеңестік диагностикалық емхана меңгерушісі.
    2016 жылдан бүгінгі күнге дейін бас дәрігердің ұйымдастыру методикалық жұмысы жөніндегі орынбасары және қосымша дәрігер эндокринолог жұмысын атқарған.
    2018 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін Тарбағатай аудандық орталық ауруханасының бас-дәрігері болып тағайындалды.

       

    Тұрғанбаева Айгүл Мәлікқызы –емдеу ісінің орынбасары 1979 жылы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын бітіріп, 2002 жылы №12 отбасылы дәрігерлік амбулоторияда интернатурадан өткен. 2002 жылы Павлодар қаласында анестезиология-реанимотология мамандығымен білімін жетілдірген. 2002-2010жж Тарбағатай № 1 медицина бірлестігінде анестезиолог- реанимотолог қызметін атқарған, 2010 желтоқсан айынан бастап Тарбағатай аудандық орталық ауруханасының  директорының емдеу ісінің орынбасары.
    Байланыс телефоны: тел:8 (72346) 2-18-09
    факс:8 (72346) 2-18-09
    Е-mail tarbagatai@mail.ru

     

    kn2 Тарбағатай аудандық орталық ауруханасының  құрамына 1- 100 адам қабылдайтын емхана, 1- 70 төсектік стационар, 11 –дәрігерлік амбулотория, 14-мед. Пункт, 1- ФАП  кіреді. Ақсуат ауылында 70 төсектік ауруханада мед. көмекті халыққа алты бөлім көрсетуде, оның ішінде;
    -перзентхана бөлімі  босандыру палатасы -6 төсек, патологияда  -7 төсек қызмет етуде.Бөлімде акушер-гинеколог, неонатолог дәрігерлері жұмыс істейді. Материалдық –техникалық базасы нығайтылып, жаңа қондырғылар орнатылған;
    - хирургиялық бөлімінде 10-тәулік бойы , 5  күндізгі орынға арналған  төсектіктер қызмет жасауда. Операция жасайтын бөлмеге, таңу бөлмелеріне жаңа қондырғылар орнатылды;
    -реанимация бөлімі 3-төсектік, қатты науқастанған адамдарға сол арада реанимациялық шаралармен қарқынды терапия жүргізіледі;
    - терапия бөлімі-18 төсек тәулік бойы ,12 күндізгі орынға арналған  төсектіктер
    - балалар бөлімі -14  төсек тәулік бойы, 11- күндізгі орынға арналған  төсектіктер
    - Хирургия бөлімі -10 тәулік бойы  төсек, 5- күндізгі орынға арналған  төсектіктер
    - Гинекология бөлімі -5   тәулік бойы төсек, 11- күндізгі орынға арналған  төсектіктер қызмет жасауда.
    жедел жәрдем бөлімінде халыққа қызметті фельшерлер көрсетеді, арнайы машиналармен, құрал- жабдықтармен жәнеде алғашқы көмек дәрілерімен жеткілікті қамтамасыз етілген.

    Тарбағатай аудандық  орталық ауруханасына қарасты емханасында кіші пішінді мамандар: невролог, онколог,  эндокринолог,отоларинголог, акушер- гинеколог, хирург, стоматолог, дерматолог, психиатр- нарколог науқастарға қабылдау жасайды. ЭКГ,УДЗ, ФГДС , маммография, рентген қондырғыларымен зерттеулер жүргізіледі.
    Арнайы серологиялық, биохимиялық және клиникалық зерттеулер жасалады.

     

    kn2 Мекеменің қызмет бағыты:

    • аудан халқын қолданыстағы заңдылықтарға сай тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен қамтамасыз ету;
    • уақытша еңбекке жарамдылықты жоғалтатын аурушаңдылықтарды, мүгедектікті, ана мен бала өлімін, жалпы өлімді жоюға, төмендетуге, алдын алуға арналған іс-шаралар ұйымдастыру;
    • мемлекет кепілдеген көлем мөлшерінде науқастарға шұғыл, уақтылы, білікті, мамандандырылған, тегін медициналық көмек көрсету;
    • айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу бойынша арнайы алдын алу медициналық іс-шаралар жүргізу, кәсіптік аурулар бойынша да;
    • халықтың сан-гигиеналық тәрбиесіне, салауатты өмір салтына насихат жүргізу;
    • замани тәсілдер мен емдеу құралдарды кеңінен енгізуге, қолдануға себеп болу, ауруды диагностикалауға, аурудың алдын алуға себеп болу.

     

    kn2 Мекен- жайы:

    Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы Сейфуллин көшесі 9
    Азаматтарды қабылдау күні: Бастық сейсенбі-бейсенбі сағ 10:00-дан, 13:00-ға дейін.
    Байланыс телефоны: тел:8 (72346) 2-10-48, 2-23-67
    факс:8 (72346) 2-10-48
    Сенім телефондары: 8 (72346)2-18-09, 8 (72346)2-23-67
    Е-mail.
    tarbagatai@mail.ru

     

     

    Парақтар өзгертілді: 28-11-2018