Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Денсаулық сақтау саласы
  • «Тарбағатай аудандық ауданаралық ауруханасы» шаруашылық құқығын жүргізу негізіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

    Оскенбаев Кайрат Сеиткалиевич kn2 Тарбағатай аудандық  ауданаралық  ауруханасының бас дәрігері-  Өскенбаев Кайрат Сеиткалиұлы 1966 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Мұжықсу ауылында дүниеге келген. Ұлты –қазақ, білімі жоғары.
    1983 жылы Семей мемлекеттік медицина институтына емдеу ісі бойынша оқуға түсіп, 1993 жылы бітіріп шыққан.
    1994 жылы Тарбағатай аудандық орталық ауруханасында  дәрігер-хирург қызметін атқарған.
    2011 жылы  Тарбағатай аудандық ауданаралық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
    2016 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін Тарбағатай аудандық ауданаралық ауруханасының бас-дәрігері болып тағайындалды.

    kn2 Мекеменің қызмет бағыты:

    • Аудан халқын қолданыстағы заңдылықтарға сай тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен қамтамасыз ету;
    • уақытша еңбекке жарамдылықты жоғалтатын аурушаңдылықтарды, мүгедектікті, ана мен бала өлімін, жалпы өлімді жоюға, төмендетуге, алдын алуға арналған іс-шаралар ұйымдастыру;
    • мемлекет кепілдеген көлем мөлшерінде науқастарға шұғыл, уақтылы, білікті, мамандандырылған, тегін медициналық көмек көрсету;
    • айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу бойынша арнайы алдын алу медициналық іс-шаралар жүргізу, кәсіптік аурулар бойынша да;
    • халықтың сан-гигиеналық тәрбиесіне, салауатты өмір салтына насихат жүргізу;
    • замани тәсілдер мен емдеу құралдарды кеңінен енгізуге, қолдануға себеп болу, ауруды диагностикалауға, аурудың алдын алуға себеп болу.

    kn2 Мекен-жайы: Шығыс-Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы, Мұратбаев к-сі.44
    Байланыс телефоны: 8 (72344)-2-15-82,
    факс 2-02-64,
    Азаматтарды қабылдау күні: Бастық сейсенбі-бейсенбі сағ 10:00-дан, 13:00-ға дейін.
    E-mail:trb_1@mail.ru

    kn2 Тарбағатай аудандық  ауданаралық  ауруханасының құрамына 8дәрігерлік амбулатория, 1 учаскелік аурухана 13 төсектік стационары бар, 19 медпункті, 1 аудандық аурухана 67 төсектік стационарымен, 1 емхана,  кіреді.
    Тарбағатай аудандық  ауданаралық  ауруханасының перзентхана бөлімінде жылсайын 180-200 бала  дүниеге келеді. Босанатын  әйелдерге және  нәрестелерге нәтижелі көмек көрсету үшін керек құралдар жеткілікті (кювез,нәрестелерге арналған жылушашатын үстел, электрондық безбен). Көмекті   дәрігер-акушер-гинеколог Сейтказина Меруерт Мубаракқызы, дәрігер-педиатр Баянбекова Сабира Әлжапарқызы  көрсетеді.
    Тарбағатай аудандық  ауданаралық  ауруханасының емханасында кішіпішінді мамандар: офтальмолог, неврапотолог, онколог, хирург, травматолог, эндокринолог, отоларинголог, акушер-гинеколог, дерматовенеролог, психиатр, нарколог, инфекционист, физиотерапевт, стоматолог қабылдау жүргізеді. ЭКГ, УДЗ, ФГС аппаратарында диагностикалық зерттеулер  жүргізіледі. Биохимиялық,  серологиялық және клиникалық зертханалар,  физиокабинет бар.
    Тарбағатай аудандық  ауданаралық  ауруханасында 6 төсектік реанимация бөлімі жұмысі стейді. Аурухана бойынша реанимациялық көмекті қажетететін ауруларға осы бөлімде қарқындылық терапия жүргізіледі. Көмекті анестезиолог-реаниматолог Каримов Бауыржан Бағдаулетұлы, анестезиолог-реаниматолог Садықов Бауыржан Жаңашұлы,  анестезиолог-реаниматолог Чилибаева Айнұр Кәкімқызы көрсетеді.

       
    Парақтар өзгертілді: 23-11-2018