Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Зайсан аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ауданаралық бөлімі азаматтарға...

    Зайсан аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ауданаралық бөлімі азаматтарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары туралы мәлімет етеді.

    Қағиданың 1 бабы 2 тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.

    Біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:
    1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
    2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК (2017 жылғы 1қаңтар айынан 1 АЕК – 2269 теңге х 40 АЕК = 90 760 теңге);
    3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК;
    4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК;
    5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК.
         
    Қағиданың 2 бабы 4 тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу болып келесі әрекеттер саналады:
    1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;
    2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
    3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.

    Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты:
    1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;      
    2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;
    3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

    Егер аталған Заңнама бойынша сұрақтар тууындаған жағдайда, келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады:
    8-72340-21120,
    8-72340-21623.

     

    Зайсан аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ауданаралық бөлімі

    Парақтар өзгертілді: 02-08-2017