Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  •  «Тарбағатай жұлдыздары» халықаралық эстрадалық ән фестивалі өтті

    Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Ақжар мәдениет үйінде аудан әкімінің қолдауымен  ІІ Халықаралық «Тарбағатай жұлдыздары» эстрадалық ән фестивалі өтті. Фестиваль Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында шетелдерде тұратын отандастармен мәдени-достық байланысты дамыту, жаңа таланттар мен танымал есімдерге жол ашу, егеменді еліміздің рухани құндылықтарын дамытуға үлес қосқан Қазақстан композиторларының және халқымыздың даңқын көтеретін туынды, шығармалар арқылы мемлекетіміздің қол жеткен жетістіктерін паш ету мақсатында ұйымдастырылды. Аталған фестивалға Қызғызстан, Ресей, Қытай Маңғолия мемлекеттерінен, республика облыстарынан және облыс аудандарынан, жиыны 40 - тан астам өнерпаз қатысты.

    Фестиваль 2 кезеңмен өтті. Әділ қазылар алқасының құрамында өнер майталмандары ШҚО мемлекеттік филормониясының әншісі А.Мазкенова, мәдениет қайраткері Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филормониясының әншісі Г.Ноғайбаева, мәдениет қайраткері Е.Қыдырмолданов, мәдениет қайраткері, Бүбүсара Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университеті эстрада кафедрасының және Қалый Молдобасанов атындағы Қырғыз Халық консерваториясының доценті Е.Мусин қазылық етті.

    Әділ қазылар алқасының шешімімен Гран При Д.Жолдыбаев /Тарбағатай ауданы/, екі І-орын Қ.Ильтанов /Тарбағатай ауданы/ мен А.Бексаманов /Қырғызстан Республикасы/, төрт ІІ-орын М.Намыс /Семей қаласы/, Н.Ахметбекұлы /Семей қаласы/, П.Несіпбаева /Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы/, М.Дәулетханұлы /Қытай Халық Республикасы/ алса, бес ІІІ-орын Б.Қанағатов/ Тарбағатай ауданы/, М.Кәкітаев /Семей қаласы/, Б.Жанай /СҚО Петропавл қаласы/, М.Рахиев /Семей қаласы/, Қ.Бакирова /Қырғызстан Республикасы/ алды.

    Барлық қатысушылар аудан әкімінің дипломы және арнайы номинациялармен марапатталды.