Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Өнер кеші өтті

    Жақында аудандық мәдениет үйінде аудан мәдениеті мен өнерін дамытуда өзіндік үлес қосып жүрген, «Бабалар сазы» этно тобының  көркемдік жетекшісі Әбуғазин Қанатттың «Өнерім - менің өмірім» атты шығармашылық кеші өтті.

    Концертке кеш иесінің өнердегі бауырлары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының доценті, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы мен Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің кафедра меңгерушісі, республикалық конкурстардың жүлдегері, Талғат Әбуғазы және Семей қаласындағы Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншілері, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Омаровтар жанұялық ансамблі, «Сұлу саз» халықтық ән-би ансамблі, «Бабалар сазы» этно тобы, «Томирис» би ансамблі қатысып өнер көрсетті.