Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Кітапханада  латын әліпбиіне  көшу  мәселесі талқыланды

    Аудандық орталық кітапханасында  өткен  «Рухани  жаңғырудың кепілі- латын  әліпбиіне көшу» атты  дөңгелек үстел барысында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру мәселесі талқыланды. 2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру қажеттілігі туралы  Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап өтті. Латын қарпіне көшу маңызды қадам екені айтылған дөңгелек үстелге ауданымызға белгілі журналист М.Оралов, тілдерді дамыту жөніндегі  бас маман А.Майырова, ішкі саясат бөлімінің бас маманы  М.Дауренбеков, №2 Ақсуат орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі С.Сырлыбаев,  аудандық мұражай қызметкері  М.Өмірбеков және мектеп оқушылары қатысты.  Басқосуда сөз сөйлеген дөңгелек үстел қатысушылары, әліпбидің жобасы туралы ой-пікірлерін ортаға салды.