Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Жаңа форматтағы әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу туралы

    2018 жылғы 1 қаңтардан бастап  атаулы  әлеуметтік  көмек көрсетудің  жаңа  форматы іске  асырылады.  Қазақстан  Республикасы  Еңбек  және халықты  әлеуметтік  қорғау министрлігінің тапсырмасы  бойынша  2017 жылғы 23-27 қазан  аралығында  бұқаралық  ақпарат  құралдары   өкілдерінің  қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгерістерді  түсіндіру  үшін  атаулы әлеуметтік  көмек  алушылармен,18 жасқа  дейінгі мемлекеттік  балалар  жәрдемақысын алушылармен және төрт және оданда  көп  кәмелетке  толмаған  балалары  бар  отбасыларға  кездесулер жүргізу  жөнінде  тапсырма  берілген.

    Тапсырмаға  сәйкес  17  ауылдық округтер  бойынша  Тарбағатай  аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі, халықты  жұмыспен  қамту  орталығы  мамандарының  қатысуымен  23-27  қазан  аралығында  жаңа  форматтағы  атаулы  әлеуметтік  көмектің  енгізілуі  жөнінде  ақпараттық- түсінік  жұмыстары  жүргізілді.

                2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылатын жаңа форматтағы  атаулы әлеуметтік  көмекті енгізу туралы  оқыту  семинары  болып  өтті. Оқыту семинарына барлық ауылдық округ әкімдері, ауыл әкімі аппаратының бас мамандары, ауылдық округ ассистенттері жұмыспен қамту  орталығының және жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің мамандары қатысып, тестілеу нәтижесімен қорытындыланды.

             Тестілеу қорытындысы бойынша:

    Аудан бойынша ауыл әкімдерінің орташа көрсеткіші-74,6 %            

    Аудан бойынша ассистенттердің  орташа көрсеткіші-85,5 %    

    Аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының   орташа көрсеткіші-90 %  құрады.