Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Жаңа пилоттық жоба татуластыру рәсімдерінің шеңберін кеңейтті

    Тарбағатай аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаны насихаттау мақсатында ашық есік күні өткізілді.
    Іс шара барысында Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М. Садуакасова сотқа келушілерге пилоттық жобаның мақсаты – даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқадейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатынын айтты. 2017 жылдың 26 қаңтарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасының өкімімен бекітілген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру ережесіне сәйкес, азаматтық істерді қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттарда мұрагерлік, некені бұзу, мүлікті бөлу, шығару және кондоминиум басқару мәселелері, қарыз шарттарға қатысты, сақтандыру даулары бойынша, кейбір еңбекдаулары және т.б. санаттағы даулар (жанжалдар) бойынша медаиция міндетті түрде жүргізілетінін атап өтті.
    Осылайша, Пилоттық жоба шеңберінде медиация институтын дамыту бойынша, баламалы және өзге де соттан тыс дауларды шешу тәсілдерін, атап айтқанда, қоғамда жанжал денгейін төмендетуге ықпал ететін медиацияны енгізу және дамыту бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруда, тұрғындар арасында сотқа дейінгі ісжүргізу және дауларды (жанжалдарды) соттан тыс реттеу институттары және оларды қолдану артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    Тарбағатай аудандық сотының
    бас маманы Д.Бектасова