Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Аудан әкімінің шыршасы

    Ағымдағы жылдың 25 - 26 желтоқсан күндері Жетіарал ауылындағы Жетіарал мектеп-балабақша кешенінде және Көкжыра ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде жыл сайынғы дәстүрлі бүлдіршіндерге арналған аудан әкімінің шыршасы болып өтті. Әкім шыршасына әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім және жартылай жетім барлығы 150 бала шақырылды. Шараға аудан әкімі Д.Оразбаев, аудандық маслихат хатшысы С.Жақаев және аудандық білім беру бөлімінің басшысы С.Дауытбаева қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
    Аудан әкімі мереке соңында балаларға бағалы сыйлықтар мен тәттілер салынған қораптар таратып, естелік суретке түсті.