Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Орталық алаңдағы мереке

    2017 жылдың 29 желтоқсан күні орталық алаңда жаңа жылдық шыршаның ашылуы болды. Жаңа жылдық шыршаның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара барысында аудан мекемелері мен мектептер қатысқан «Хош келдің, Жаңа жыл» атты эстафеталық сайыс өтті. Қызықты да, думанды жарыста бас жүлдені К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі, 1-орынды М.Имашев атындағы спорт мектебі мен Аудандық аурухана ұжымы, 2-орынды Ақсуат мәдениет үйі және Тарбағатай колледжі, 3-орынды №2 Ақсуат орта мектебі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Балдырған», «Ақбота» бала бақшалары алды. Қысқы мерекелік шараға 200-ге жуық адам қатысты.