Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновтың Тарбағатай ауданына іс-сапары

    Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің депутаты Сабильянов   Нұртай Салихұлы Тарбағатай ауданының Қызыл-кесік, Үштөбе, Екпін, Танамырза, Ақсуат, Ақжар, Ақмектеп ауылдарының тұрғындарымен кездесті. 2018 жылдың 3 қаңтарынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің 70 депутаты Қазақстанның барлық өңірін аралап, ондағы өндіріс орындарының, әлеуметтік нысандардың жұмыстарымен танысуды бастап кетті. Кездесуге қоғамдық ұйымдар  мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен қатар ауыл тұрғындары қатысты. Нұр Отандық депутат Н.Сабилянов кездесулер  барысында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру және бюжеттің 4-ші деңгейін енгізу, тиімді жұмыспен қамту және  жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша халықпен, еңбек ұжымдарымен  талқылау өткізді. Сондай-ақ,  Тана мырза ауылындағы  ұңғыма үстіндегі павильон  құрылысымен танысты.