Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың  «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының электронды нұсқасы таныстырылды

    Аудандық орталық  кітапхананың оқу  залында  аудандық мұражай, аудандық білім беру бөлімі, кітапханашылардың қатысумен Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының электронды нұсқасы таныстырылып, талқыланды. Елбасының  «Тәуелсіздік дәуірі» атты бұл кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған, ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.

    Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының электронды нұсқасын енді Ақорданың ресми сайтынан жүктеп алуға болады.